7M05209 Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару
Цель: қазіргі заманғы зерттеу әдістері мен ғылыми тұжырымдамалар негізінде геоэкологиялық зерттеулерді жүзеге асыруға және ЖОО-да экологиялық пәндерді оқытуға, қоғамның тұрақты дамуы мақсатына қол жеткізу үшін әртүрлі деңгейлерде басқарушылық шешімдер қабылдауға қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
Предметы на ЕНТ: Геоэкология и Экологиялық мониторинг

Білім беру бағдарламасы
қазіргі заманғы зерттеу әдістері мен ғылыми тұжырымдамалар негізінде геоэкологиялық зерттеулерді жүзеге асыруға және ЖОО-да экологиялық пәндерді оқытуға, қоғамның тұрақты дамуы мақсатына қол жеткізу үшін әртүрлі деңгейлерде басқарушылық шешімдер қабылдауға қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
1. жоспарлау мен болжаудың заманауи әдістерін қолдана отырып, табиғи және техногендік ландшафттарды оңтайлы пайдалану және басқару схемаларын жасау;
2. табиғи және техногенді ландшафттардың, су, жер және минерал ресурстарының экологиялық жай-күйін, оларды басқару жүйесінің тиімділігін бағалау, оларды қорғау және ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
3. табиғи ресурстарды пайдалану және қалпына келуінің қарқынын талдау негізінде оларды пайдалануды жоспарлау және болжау;
4. қабылданған шешімдерді негіздеу үшін табиғи және табиғи-техногендік объектілердің жай-күйін бағалау бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде геоэкологиялық ақпаратты зерттеудің, түсіндірудің және өңдеудің заманауи әдістерін өз бетінше пайдалану;
5. зерттеу саласы бойынша ғылыми әдебиеттерді жүйеге келтіру және зерттеу деректерін отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда жариялап түсіндіру;
6. қоршаған ортаның жай-күйін бақылау мен бағалаудың заманауи құралдарын пайдалана отырып, экологиялық жобалау құжаттамасын әзірлеу;
7. заманауи әдістерді қолдана отырып, техногендік жүйелердің экологиялық тәуекелін бағалау рәсімін ұйымдастыру, бағалау нәтижелерін талдау және тәуекелді қабылдауға болатыны туралы қорытынды жасау;
8. табиғи объектілердің жай-күйін бағалау және болжау үшін ГАЖ технологияларын пайдалана отырып, олардың жай-күйін модельдеу әдістері мен тәсілдерін қолдану;
9. ҚЖT анықтамалықтары мен заманауи "жасыл" технологияларды талдау негізінде қоршаған ортаны қорғау шараларын әзірлеу;
10. табиғи ортаны сақтау бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу үшін табиғат қорғау іс-шараларын, оның ішінде қалдықтарды қайта өңдеу, бұзылған жерлерді қалпына келтіру, ластанған суларды тазарту және атмосфералық ауаны сауықтыру жөніндегі іс-шараларды жүйелеу;
11. қоғамның экологиялық тұрақты дамуының және «жасыл экономиканың» мақсаттарына қол жеткізу мүмкіндігін бағалау және талдау үшін елдің тұрақты даму көрсеткіштерін түсіндіру;
12. ғылымның, қазақстандық қоғамның және экономиканың даму факторларын талдау үшін ғылыми-тарихи және философиялық білімді интерпретациялау және шығармашылықпен пайдалану; сабақтар мен тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде заманауи педагогикалық технологиялар мен тәсілдерді пайдалану; жеке өмірде және кәсіби қызметте тиімді шешімдер, коммуникациялар қабылдау үшін психологиялық білімді қолдану.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Ғылым тарихы мен философиясы-3 ECTS
- Жоғары мектептің педагогикасы-5 ECTS
- Табиғи-техногенді ландшафттар-5 ECTS
- Ланшафттық жобалау әдістері-5 ECTS
- Табиғи ортаны басқарудың геожүйелік негіздері-5 ECTS
- Су ресурстарын басқару-5 ECTS
- Жер ресурcтарын басқару-5 ECTS
- Минералды шикізат кешенін басқару-5 ECTS
- Геоэкологиялық зерттеу әдістері-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Геоэкологиялық жобалау (курстық жұмыс)-5 ECTS
- Курстық жұмыс: Геоэкологиялық жобалау-0 ECTS
- Педагогикалық-4 ECTS
- Шетел тілі (кәсіби)-5 ECTS
- Техногендік жүйелер және экологиялық тәуекел-5 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-2 ECTS
- Басқару психологиясы-3 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау-5 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Зерттеу-4 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
- Жерді қорғау және қалпына келтіру-5 ECTS
- Геожүйелерді модельдеу-5 ECTS
- Жасыл технологиялар және ең үздік қол жетімді техникалар-5 ECTS
- Құрлық экожүйелерін сақтау және климаттың өзгеруі-5 ECTS
- Қалалардың экологиялық тұрақтылығы және суды ұтымды пайдалану-5 ECTS
- Тұрақты энергетика және ресурс тиімділігі-5 ECTS
- Табиғи ресурстарды бақылау мен түгендеудегі ГАЖ-5 ECTS
- Қалдықтармен жұмыс істеу-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Зерттеу-4 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-3 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-10 ECTS
- Ғылыми журналдарда/ ғылыми-практикалық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар-4 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Қортынды аттестация-8 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Бағдарлама түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер болып табылады: - ҚР Экологиялық реттеу және бақылау комитеті; - Қалалардың экология департаменттері; - Ө. Оспанов атындағы Агрохимия және топырақтану институты - ҚР География институты; - Ахмедсафин атындағы Геология және гидрогеология институты; - Қазгидромет; - қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалау ұйымдары; - өнеркәсіптік кәсіпорындар; - ҚР Су ресурстары комитеті; - Елді мекендердің жер қатынастары басқармасы.
Байланыс
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050040, әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығы, No 6 Бас оқу ғимараты (БОҒ 6), 6, 3, 2 каб. Байланыс телефондары: 7(727)3773333, 7(727)3773330; ішкі нөмірлері: 1604; 1906; 3135 E-mail: tussupova@yandex.ru
БББ бойынша құжаттар
23123123