8D05203 Гидрология
Цель: Гидрология ғылымы және су ресурстары саласының теориялық және әдіснамалық негіздерін терең зерттеуге, сондай-ақ аралас ғылым салалары мен цифрлық технологияларға қатысты білім мен әдіснаманы жүйелі пайдалану негізінде гидрологиялық ғылым, білім, тәжірибе салаларында инновациялық қызметке қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау; ғылымды дамытатын жаңа тұжырымдамалық білімді қалыптастыруға қабілетті; ғылыми пікірталас аясында, оның ішінде халықаралық ғылыми іс-шаралардың жұмыс тілінде мамандарға дәлелді түрде ұсынып, гидрология ғылымы мен практикасының басым бағыттары бойынша ғылыми-зертту, басқарушылық және сараптамалық қызметтерді сәтті жүзеге асыру.
Предметы на ЕНТ:

Білім беру бағдарламасы
Гидрология ғылымы және су ресурстары саласының теориялық және әдіснамалық негіздерін терең зерттеуге, сондай-ақ аралас ғылым салалары мен цифрлық технологияларға қатысты білім мен әдіснаманы жүйелі пайдалану негізінде гидрологиялық ғылым, білім, тәжірибе салаларында инновациялық қызметке қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау; ғылымды дамытатын жаңа тұжырымдамалық білімді қалыптастыруға қабілетті; ғылыми пікірталас аясында, оның ішінде халықаралық ғылыми іс-шаралардың жұмыс тілінде мамандарға дәлелді түрде ұсынып, гидрология ғылымы мен практикасының басым бағыттары бойынша ғылыми-зертту, басқарушылық және сараптамалық қызметтерді сәтті жүзеге асыру.
1) Жоғары білім берудің негізгі оқу бағдарламалары бойынша педагогикалық қызметті жүргізу, гидрология ғылым саласы, Жер туралы ғылымдар және іргелес ғылым салаларында әртүрлі пәндер бойынша ақпараттық технологияларды пайдаланып, аудиториялық сабақтар, зертханалық зерттеулер түрінде студенттерді оқыту және даярлау және далалық практиканы жүзеге асыру;
2) гидрологиялық деректер базасын және сонымен қатар зерттеу тақырыптары бойынша ғылыми-техникалық ақпараттарды жинау, өңдеу, талдау және жүйелеу, гидрологиялық өнімдерді шығарудың әдістері мен құралдарын таңдау және негіздеу;
3) гидрология, гидрологиялық үрдістер салаларында ғылыми зерттеулер мен техникалық әзірлемелерді орындау бағдарламаларын жоспарлау және дайындау, заманауи компьютерлік мен ГАЖ технологияларын қолданып, далалық зерттеулер, ізденістер және ғылыми жұмыстарды жүргізу тапсырмаларын дайындау;
4) бірлескен зерттеулерді жүзеге асыру үшін шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстар, ғылыми нәтижелерді жоғары рейтингтік журналдарда жарияланатын; гидрометеорология саласында ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін пайдалану;
5) табиғи-шаруашылық кәсіпорындар мен су-шаруашылық кешендердің ғылыми-техникалық және инженерлік мәселелерін шешу үшін жобалардың ғылыми және гидрологиялық сараптамаларын жүргізу;
6) гидрологиялық үдерістерді үлгілеуге математикалық және сандық әдістерді пайдалану, Жерді қашықтықтан зерделеу және рельефтің (төселме беттің) сандық моделі мәліметтерін қолданумен геоақпараттық үлгілеудің әдістерін меңгеру;
7) елдің су ресурстарын ұтымды және тұрақты пайдалану мақсатында гидрологиялық үдерістер, құбылыстар мен нысандарды гидрологиялық, гидравликалық және математикалық модельдерге негізделген зерттеулер нәтижелерін бағалау және ұсыныстар жасау.
8) аймақтарда су басу, су тасу, ең аз ағынды, жер беті ағындысы сияқты сияқты қауіпті гидрологиялық құбылыстардың болашақта алдын-ала хабарлау үшін олардың қазіргі өзгерістеріндегі аймақтық көрініс табу себептерін негіздеу және түсіндіру.
9) экономика салалары мен халықты сумен қамтамасыз ету көзі ретінде су ресурстары режимінің мен табиғи су көздерінің су сапасын қазіргі және болашақтағы (болжамдық) жағдайын есептеу, талдау.
10) табиғи-шаруашылық жүйелерді сумен қамтамасыз ету сценарийлерін оңтайландыру үшін су ресурстарын басқарудың жаңа әдістерін және құралдарын дайындау және ұсыну, эксперименттерді ұйымдастыру және жүргізу, өзен суларының гидрохимиялық өзгерістері динамикасын талдау.
11) гидрологиялық ақпараттардың шұғыл түсімін бақылау және туындаған қауіпті гидрологиялық құбылыстар мен жалпы қауіп-қатерлі жағдайларды шешу үшін бірлескен шаралар қабылдау.
12) топпен жұмыс істеу қабілетін көрсете білу, ғылыми және ғылыми-білім беру міндеттерді шешу бойынша қазақстандық мен халықаралық ғылыми зерттеу топтардың жұмысына қатысуға қажетті тұлғалық және көшбасшылық қасиеттерімен ерекшелену, су нысандарының гидрологиялық режимінің жай-күйіне сапалы және сандық талдау жүргізу.
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Докторантураға түсушілер келесі құжаттар пакетін ұсынады:Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына өтініш (еркін нысанда);
2) білімі туралы құжат (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) ҰТО (http://www.testcenter.kz/ru/kaztest/) берген мемлекеттік тіл емтиханын тапсырғаны туралы
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Академиялық жазу-2 ECTS
- Ғылыми зерттеудің әдістері-3 ECTS
- Гидрологиядағы стохастикалық әдістер-5 ECTS
- Гидрологиядағы көпсатылы статистикалық әдістері-5 ECTS
- Көктемгі су тасқынды есептеу мен болжау-5 ECTS
- Заманауи ГАЖ және Жерді қашықтықтан зерделеу технологиялары-5 ECTS
- Су ресурстарының табиғи өзгерістері және антропогендік трансформациясы-5 ECTS
- Қазақстанның негізгі трансшекаралық өзендерінің гидрохимиялық және токсикологиялық параметрлері-5 ECTS
- Ғылыми семинар-3 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-3 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Педагогикалық-10 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-11 ECTS
- Ғылыми семинар-2 ECTS
- Graduate Seminar-6 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Докторлық диссертацияны орындау-14 ECTS
- Зерттеу-5 ECTS
- Ғылыми семинар-8 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу-3 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Докторлық диссертацияны орындау-15 ECTS
- Зерттеу-5 ECTS
- Ғылыми семинар-4 ECTS
- Graduate Seminar-6 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Докторлық диссертацияны орындау-8 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-10 ECTS
- Ғылыми семинар-3 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу-3 ECTS
- Graduate Seminar-6 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Докторлық диссертацияны орындау-2 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Докторлық диссертацияны жазу және қорғау-12 ECTS
- Диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелерін ғылыми басылымдарда жариялау-15 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Кафедра заманауи интеллектуалдық талаптарға және Қазақстан Республикасының халықаралық стандарттарға сай даму стратегияларына жауап беретін бәсекеге қабілетті докторант гидрологтардың кадрлық әлеуетін қалыптастырады. Нәтижесінде ҚазҰУ түлектерінің жұмысқа орналасу пайызы 100 пайызды құрайды. Бағдарламаның түлектерін болашақта жұмысқа орналастыратын негізгі жұмыс берушілер: 1) РМК «Қазгидромет» 2) ҚР БҒМ География институты, 3) Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті, 4) ҚР ІІМ ТЖК ММ «Қазселденқорғау», 6) Казгипроводхоз институты, 7) Қазақстан қолданбалы экология агенттігі. – гидросфера және құрлық беті су ресурстары мен оның мұхитпен өзара әрекетін зерттеумен байланысты жұмыс жасайтын академиялық және ғылыми-зерттеу институттар; - су ресурстарының өзгеруі мен олардың трансформациясын зерттеумен байланысты жұмыс жасайтын ұйымдар, мекемелер және кәсіпорындар; - қызметтері су ресурстарының жағдайына тәуелді әртүрлі меншіктегі жобалау, ізденіс, зерттеу институттары, бюролар, фирмалар және т.б.; - табиғатты қорғау және табиғатты пайдалануды басқару органдары; – жоғары оқу орындары. - ғылыми-зерттеу, ізденуші (ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер) - шұғыл-өндірістік (жетекші инженер, басқарма бастығы); - сараптамалық-басқарушылық (талдаушы, менеджер); - педагогикалық (аға оқытушы, доцент). Түлектер БҰҰ Даму бағдарламасы, Дүниежүзілік банк, Біріккен Ұлттар Ұйымы, ЮНЕСКО сияқты халықаралық ұйымдарда да жұмыс істей алады.
Байланыс
Кафедра мекенжайы: әл-Фараби даңғылы, 71, ГУК-6 корпусы, 229, 231 каб. Кафедра телефоны: +7 (727) 377-33-30 (16-01, 12-25) Жаңабаева Жанара Ануарбекқызы e-mail: zhanara.zhanabaeva@kaznu.edu.kz
БББ бойынша құжаттар
23123123