6B04104 Әлемдік экономика
Цель: Студенттерде нақты және қаржы секторындағы бизнес-компаниялардың сыртқы экономикалық қызметі, Қазақстанның халықаралық экономикалық қатынастарын мемлекеттік реттеу саласындағы ұйымдастыру-басқару және ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу қабілетін қалыптастыру. Бағдарлама шет тілдерін меңгерген және қазақстандық және халықаралық еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті халықаралық экономистерді даярлау.
Предметы на ЕНТ: Математика и География
Білім беру бағдарламасы
Студенттерде нақты және қаржы секторындағы бизнес-компаниялардың сыртқы экономикалық қызметі, Қазақстанның халықаралық экономикалық қатынастарын мемлекеттік реттеу саласындағы ұйымдастыру-басқару және ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу қабілетін қалыптастыру. Бағдарлама шет тілдерін меңгерген және қазақстандық және халықаралық еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті халықаралық экономистерді даярлау.
1. Отандық дереккөздерден және халықаралық экономикалық ұйымдардың деректер қорынан экономикалық және статистикалық ақпаратты зерделеу, талдау, жинақтау, оны кәсіпорындардың (ұйымдардың) сыртқы экономикалық қызметін және Қазақстанның халықаралық экономикалық қатынастарын ұйымдастыру мен басқару саласындағы практикалық міндеттерді шешу үшін қолдану.
2 Әлем елдерінің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін бағалау және салыстыру, бизнес-компаниялардың әлемдік нарықтарға шығу тәсілдері және Қазақстанның халықаралық экономикалық ынтымақтастығын дамыту бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу.
3.Тиімді халықаралық экономикалық ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін халықаралық заңнаманың нормаларын және халықаралық экономикалық және сауда ұйымдары мен интеграциялық одақтарға қатысу қағидаларын қолдану.
4. Әлемдік экономиканың ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын талдау, оның Қазақстан экономикасының дамуына және әлемдік нарықтарға бағдарланған бизнес-компаниялардың қызметіне әсерін бағалау.
5. Кәсіпорындар (ұйымдар) қызметінің экономикалық және қаржылық көрсеткіштерін талдау, есептеу және жоспарлау, бухгалтерлік есеп және қаржылық талдау әдістерін меңгеру.
6. Халықаралық экономикалық операциялар мен есеп айырысуды жүргізу тәсілдерін салыстыру және ұсыну, сыртқы нарықтардағы іскерлік операциялардың артықшылықтары мен тәуекелдерін бағалау.
7. Қазақстандық компаниялардың шетелдік нарықтарға шығу мәселелері мен проблемалары бойынша талдамалық шолулар, анықтамалар, презентациялар жасау, Қазақстанның сыртқы экономикалық қатынастары саласындағы проблемаларды шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
8. Бизнес-компанияның шетелдік қызметінің тиімділігіне әсер ететін сыртқы және ішкі орта факторларын талдау, маркетингтік ақпаратты жинауды жүзеге асыру және әлемдік тауар нарықтардың конъюнктурасын ескере отырып, сыртқы сауда мәмілелерін дайындау және жүзеге асыру, шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізу кезінде тиімді шешімдер ұсыну.
9. Халықаралық конвенциялар мен нормаларды ескере отырып, экспорттық-импорттық операцияларды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысу, халықаралық логистикалық компаниялар қызметінің мазмұны, халықаралық көліктік-логистикалық жүйелердің құрылымы және кедендік-тарифтік реттеу ережелері туралы білімді қолдану
10. Ағылшын тілін кәсіби деңгейде, сондай-ақ екінші шет тілін ауызша және жазбаша тілді жүзеге асыруға жеткілікті деңгейде меңгеру, шет тілдерін іскер серіктестермен және әлемнің әртүрлі мәдениеттері мен елдерінің басқа да өкілдерімен қарым-қатынас құралы ретінде пайдалану.
11. Заманауи ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологиялар негізінде бизнесті тиімді жүргізу және халықаралық экономикалық ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейту.
12. Коммуникациялардың этикалық нормаларын сақтау, әлемнің түрлі мәдениеттері мен елдерінің өкілдері арасындағы мәдениетаралық айырмашылықтарды білу мен ескеру, бизнестің әлеуметтік және экологиялық жауапкершілігі қағидаттарын ұстану, тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыруға қатысу.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама
🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Адам тіршілігі қауіпсіздігінің негіздері-5 ECTS
- Экология және тұрақты даму-5 ECTS
- Инклюзияға кіріспе-5 ECTS
- Шетел тілі-5 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Әл-Фараби және қазіргі заман-5 ECTS
- Абай ілімі-5 ECTS
- Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері-5 ECTS
- Кәсіпкерлік-5 ECTS
- Ғылыми зерттеудің әдістері-5 ECTS
- Қаржы сауаттылығының негіздері-5 ECTS
- Экономикаға кіріспе-6 ECTS
- Әлемдік экономика тарихы-5 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Әлеуметтану-2 ECTS
- Психология-2 ECTS
- Мәдениеттану-2 ECTS
- Саясаттану-2 ECTS
- Оқу-2 ECTS
- Шетел тілі-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі-5 ECTS
- Қазақстан тарихы-5 ECTS
- Микроэкономиканың принциптері-5 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Философия-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Ұлттық қаржы жүйесі-5 ECTS
- Макроэкономиканың принциптері-5 ECTS
- Кәсіби бағытталған ағылшын тілі-5 ECTS
- Экономикалық статистика-5 ECTS
- Халықаралық маркетинг-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Халықаралық экономика-6 ECTS
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар-5 ECTS
- Халықаралық экономикалық ұйымдар (ағылшын тілінде)-5 ECTS
- Кәсіпорын экономикасы және қаржысы-6 ECTS
- Өндірістік-4 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Электронды бизнес-5 ECTS
- Экономистерге арналған шетел тілі (екінші шет тілі)- 1 бөлім: (ағылшын, неміс, француз, испан, итальян)-5 ECTS
- Экономистерге арналған шетел тілі (екінші шет тілі - 1 бөлім: (араб, қытай)-5 ECTS
- Әлемдік экономика (ағылш. тілінде)-5 ECTS
- Халықаралық бухгалтерлік есеп-5 ECTS
- Халықаралық логистика-5 ECTS
- Әлемдік тауар нарықтары-5 ECTS
- Әлемдік экономиканың цифрлық трансформациясы-5 ECTS
- Халықаралық валюта-қаржы қатынастары-5 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Халықаралық бизнес-5 ECTS
- Экономистерге арналған шетел тілі (екінші шет тілі)- 2 бөлім: (ағылшын, неміс, француз, испан, итальян)-5 ECTS
- Экономистерге арналған шетел тілі (екінші шет тілі: (араб, қытай)- 2 Бөлім.-5 ECTS
- Эконометрика-5 ECTS
- Excel-дегі бизнес-аналитика-5 ECTS
- Халықаралық банктік операциялар-6 ECTS
- Жобаларды басқару-5 ECTS
- Халықаралық инвестициялар-5 ECTS
- Өндірістік-4 ECTS
СЕМЕСТР 7
- Корпоративтік қаржы-5 ECTS
- Халықаралық сауда саясаты-5 ECTS
- Экономикалық даму-6 ECTS
- Іскерлік келіссөздерді жүргізу теориясы мен тәжірибесі-5 ECTS
- Сыртқы экономикалық қызметті басқару-5 ECTS
- Халықаралық менеджмент-5 ECTS
- Экономистерге арналған шетел тілі (екінші шет тілі: (ағылшын, неміс, француз, испан, итальян)- 3 Бөлім.-5 ECTS
- Экономистерге арналған шетел тілі (екінші шет тілі: (араб, қытай)- 3 Бөлім-5 ECTS
- Әлем елдерінің салық жүйесі (ағылш. тілінде)-5 ECTS
- Экономикалық дипломатия (ағылш. тілінде)-5 ECTS
СЕМЕСТР 8
- Қорытынды аттестаттау-8 ECTS
- Өндірістік-8 ECTS
- Дипломалды-8 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Бағдарламаның түлектерін болашақта жұмысқа орналастыра алатын негізгі жұмыс берушілер: 1. әр түрлі салалардағы, меншік нысандары мен формаларындағы кәсіпорындардың (ұйымдардың) экономикалық, қаржылық, маркетингтік, өндірістік-экономикалық және аналитикалық қызметтері; 2. сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын отандық кәсіпорындар (ұйымдар); 3. көпұлтты корпорациялар мен халықаралық компаниялардың аймақтағы өкілдіктері және бірлескен кәсіпорындар; 4. ұлттық және халықаралық деңгейлерде сыртқы экономикалық, валюта-несиелік және қаржылық процесстерге қызмет көрсететін қаржы институттары: банктер, қаржы, сақтандыру компаниялары; 5. Қазақстанның шетелдердегі сауда өкілдіктері, халықаралық институттар мен ұйымдар; 6. мемлекеттік басқару органдарының сыртқы экономикалық бөлімінің департаменттері, комитеттері, қызметтері, орталықтары, бөлімдері (ҚР Ұлттық экономика Министрлігі: Сыртқы сауданы дамыту департаменті, Халықаралық ынтымақтастық департаменті, Халықаралық экономикалық интеграция департаменті); 7. «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ; 8. «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ; 9. Қазақстанның сауда-өнеркәсіптік палатасы; 10. ғылыми-зерттеу ұйымдары; 11. орта және кәсіптік білім беретін оқу орындары. Білім беру бағдарламасы жұмыспен қамтудың нақты саласы үшін өте өзекті болып табылады: 1. сыртқы сауда; 2. инвестициялық; 3. қаржылық.
Байланыс
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 95А ғимараты, 208 кабинет. Пошта индексі: 050040. Байланыс телефоны: +7(727)-377-33-33, қосымша 17-78. Веб парақша: https://www.kaznu.kz/ru/6142/page/
БББ бойынша құжаттар