Білім беру бағдарламасы
Механика саласы бойынша математиканың іргелі білім негізі қалыптасқан және программаларды құру негізін жақсы білетін, қойылған есептерді өз бетінше шығара алатын, дәйекті қорытынды жасап, алған нәтижелерін баяндай білетін, топта бірігіп жұмыс істей алатын, сондай-ақ өзінің одан әрі кәсіби өсу бағытын анықтап, үздіксіз білім алуға деген құлшынысын көрсете білетін жоғары білікті маманды сапалы деңгейде даярлау.
Оқу бағдарламасын тәмамдағаннан кейін студенттер келесі құзіреттерге ие болады:
1. ОN1 негізгі математикалық пәндер бойынша, атап айтқанда - математикалық және тензорлық талдау, сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия, дифференциалдық теңдеулер, ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика, вариациялық есептеу, есептеу әдістері білімдерін көрсету;
2. ON2 механиканың негіздері бойынша, атап айтқанда теориялық механика, деформацияланатын қатты механика, тұтас орта механикасы, сұйық және газ механикасы, механизмдер, машиналар мен робототехникалық жүйелер механикасы бойынша іргелі білімдерін көрсету;
3. ОN3 компьютерлік сауаттылық, программалау негіздері, компьютерлік модельдеу негіздері бойынша негізгі білімдерін көрсету;
4. ON4 негізгі физикалық заңдардың мәнін, химия негіздерін түсіну және түсіндіру, сондай-ақ механиканың таңдалған бағыттарының біріне қатысты есептерді түсініп олардың шешу әдістерін таңдай білу;
5. ON5 механика есептерінің физикалық қойылымын тұжырымдап, соған сәйкес математикалық моделін таңдау;
6. ON6 механиканың мәселелерін зерттеудің теориялық және тәжірибелік әдістерін қолдану және механиканың нақты мәселелерін шешу үшін тиісті әдістерді (аналитикалық, сандық, эксперименталды) таңдау;
7. ON7 зертханалық және сандық эксперименттер жүргізу, моделдеу нәтижелерінің дәлдігін және дұрыстығын бағалау;
8. ON8 механиканың есептерін шешу үшін;компьютерлік бағдарламалар жасау, заманауи программаларды құру тілдерін және қолданбалы пакеттер программаларын қолдану
9. ON9 өткен әдістерді қолдана отырып, таңдап алынған тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, алынған нәтижелерді талдау және дәйекті тұжырымдар жасау;
10. ON10 студенттік ғылыми конференцияларда ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін баяндау, ғылыми жобаларға қатысу;
11. ON11 – тілдік және лингвомәдениеттік білімдерін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың құралдары мен әдістерін пайдалана отырып кəсіби қызмет үшін қажетті ақпаратты табу жəне талдау;
12. ON12 денсаулықты сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ететін дағдылары мен қабілеттерін өмірде пайдалану, өз қабілеттерін және қасиеттерін жетілдіруді қажеттігін түсіну.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)
2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама
🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
«6В05403 - Mеханика» БББ бітіруші түлектер келесі кәсіби қызметтерді атқара алады:
• жоғары мектепте жаратылыстану-техникалық пәндерін оқыту;
• Ғылыми қызметкер (механика және әр түрлі механикалық процесстерді модельдеу саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу);
• Инженер (ғылыми-өндірістік және өндірістік салаларда инженерлік қызмет көрсету);
• Жобалаушы (альтернативті энергетика, роботтық техника, ғарыштық техника салаларында энергетикалық жүйелерді (объектілерді) эксплуатациялау және жобалау жұмыстарын жүргізу).
• Менеджер ( ғылыми-өндірістік мекемелерде, білім беру және ғылым саласында басқару жұмыстары);
• Мамандандырылған қызметтер саласында жұмыс.
Байланыс
Кафедраның мекен-жайы:әл-Фараби даңғылы, 71/23, Механика-математика факультетінің корпусы, 1 - қабат, 112 кабинет
Телефоны: Анықтама: 8 (727) 377-33-33 , Кафедраның ішкі номері (15-80).
+7 777 824 23 68, Алуа
БББ бойынша құжаттар
23123123