7M05404 Механика
Цель: Механика саласында, әсіресе мамандандыру салалары бойынша (теориялық және аспан механикасы, сұйық және газ механикасы, деформацияланатын қатты механикасы, механизмдер мен машиналар теориясы) терең жүйелі білімі бар, құзіреттерге ие, ғылым мен білімнің кең салаларында сұранысқа ие, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік кәсіпорындар мен ғылыми орталықтардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын жоғары білікті мамандар даярлау.
Предметы на ЕНТ: Теориялық механика и Тұтас орта механикасына кіріспе

Білім беру бағдарламасы
Механика саласында, әсіресе мамандандыру салалары бойынша (теориялық және аспан механикасы, сұйық және газ механикасы, деформацияланатын қатты механикасы, механизмдер мен машиналар теориясы) терең жүйелі білімі бар, құзіреттерге ие, ғылым мен білімнің кең салаларында сұранысқа ие, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік кәсіпорындар мен ғылыми орталықтардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын жоғары білікті мамандар даярлау.
ON1 қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну және бағалау, механиканың заманауи өзекті мәселелерін, механиканың ғылым ретінде дамуының негізгі үрдістері мен өзекті бағыттарын сипаттау;
2. ON2 механиканың қазіргі заманғы ғылыми және практикалық проблемаларын тұжырымдау және шешу, таңдаған тақырыптың теориялық және практикалық тұрғыдан өзектілігін анықтау және бағалау;
3. ON3 механиканың қазіргі заманғы мәселелерін шешуде, зерттеу объектісінде орын алатын процестерді кейіннен визуализациялау арқылы; компьютерлік модельдеуді қолдану;
4. ON4 механика есептерін шешу үшін алынған жоғарыөнімді есептеудің заманауи технологияларын қолдану және алынған нәтижелерді сыни талдау және бағалау;
5. ON5 қазіргі заманғы аспан механикасы, ғарыштық ұшудың сызықты емес динамикасы, голономды емес механика, ұйытқу теориясы, резонанстық көпжиілікті жүйелердің есептерін шешу үшін қолданылатын анали- тикалық, сапалық және сандық әдістерді талдау және қолдану,
6. ON6 гидродинамиканың, турбулентті және реакциялық ағындардың, газ динамикасының есептерін шешу, сондай-ақ наноөлшемді құрылымдарды зерттеу үшін пайдаланылатын аналитикалық және сандық әдістерді талдау және қолдану;
7. ON7 механикалық және техникалық жүйелер, машиналар мен механизмдер динамикасы мен басқару есептерін шешу үшін пайдаланылатын аналитикалық және сандық әдістерді талдау және қолдану;
8. ОН8 серпімділік теориясы, соққы теориясы, сырықтар, пластиналар және қабықшалар теориясының есептерін шешу үшін, топырақ пен тау жыныстарындағы механикалық процестерді зерттеу үшін қолданылатын аналитикалық және сандық әдістерді талдау және қолдану;
9. есептің қойылымынан бастап, оған сәйкес математикалық моделді анықтап, негізделген есептеу әдісін таңдай отырып, соңында алынған нәтижелерді түсіндіріп, есепті шешу бойынша ұсыныс жасап аяқтайтындай таңдап алған ғылыми тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және жүргізу;
10. Зерттелетін проблемалардың пәнаралық екендіктерін бағалау; зерттеу нәтижелері мен ұсыныстарды мамандарға да, маман еместерге де түсіндіре білу; өзгенің пікірлерін дұрыс қабылдап, өз көзқарасының дұрыстығын дәлелдеп шығу;
11. ON11 топта өз бетінше білім алуға және коллективте табысты еңбек етуге және табысты жұмыс істеуге қабілетті екендігін көрсету, қоғамдағы шектеулер мен талаптарды бағалай отырып өзінің кәсіби тұрғыдан одан әрі даму жолдарын анықтау және талдау;
12 педагогикалық қызметте жоғары білім берудің педагогикасы мен психологиясы туралы білімін қолдана отырып, университеттер мен колледждерде арнайы пәндерді оқытуды жүзеге асыру.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Ғылым тарихы мен философиясы-3 ECTS
- Жоғары мектептің педагогикасы-5 ECTS
- Қазіргі заманғы аспан механикасы-5 ECTS
- Ғарышқа ұшудың сызықты емес динамикасы-5 ECTS
- Жерасты гидродинамикасы-5 ECTS
- Гидродинамика есептерін модельдеу-5 ECTS
- Механикалық жүйелерді оңтайлы жобалау-5 ECTS
- Техникалық жүйелерді басқару-5 ECTS
- Иінтіректі механизмдердің негізгі түрлерінің синтезі-5 ECTS
- Машина мен механизмдердің сызықты емес динамикасы-5 ECTS
- Серпімділік теориясы-5 ECTS
- Сырықтар, пластиналар және қабықтар теориясы-5 ECTS
- Механиканың қазіргі мәселелері-5 ECTS
- Механика есептерін зерттеудің сапалы әдістері-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Шетел тілі (кәсіби)-5 ECTS
- Басқару психологиясы-3 ECTS
- Педагогикалық-4 ECTS
- Ұйытқу әдістері-5 ECTS
- Есептеу газ динамикасы-5 ECTS
- Механизмдер мен машиналардың динамикалық синтезі-5 ECTS
- Механизмдер мен машиналарды жобалауда компьютерлік жүйелерді қолдану-5 ECTS
- Топырақтар мен тау жыныстарындағы механикалық процестер-5 ECTS
- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)-5 ECTS
- Заманауи басқару әдістері-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-2 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Механика есептеріндегі жоғары өнімді есептеулердің заманауи технологиясы-5 ECTS
- Механикадағы ұқсастық әдістері және өлшем бірліктер-5 ECTS
- Зерттеу-4 ECTS
- Резонанстық көпжиілікті жүйелер-5 ECTS
- Голономды емес жүйелер механикасы-5 ECTS
- Теориялық және аспан механикасының есептерін компьютерлік модельдеу-5 ECTS
- Нанотехнологиялар-5 ECTS
- Турбуленттік ағындар үшін есептеу әдістері-5 ECTS
- Реакцияланатын ағындарды модельдеу-5 ECTS
- Энергия жүйелерінде гидродинамика мен жылу/масса алмасуды модельдеу-5 ECTS
- Энергетикалық құрылғыларды жүйелік модельдеу және техно-экономикалық/экологиялық талдау-5 ECTS
- Машиналар мен роботтар механизмдерінің динамикасын компьютерлік модельдеу-5 ECTS
- Жаңартылатын энергетика есептері үшін қолданбалы бағдарламалық пакет-5 ECTS
- Электр машиналары және оларды қолдану-5 ECTS
- Виртуалды инжиниринг-5 ECTS
- Соққы теориясы және оның кейбір қосымшасы-5 ECTS
- Өлшеу жүйелері және құрылғыларының теориясы мен тәжірибесі-5 ECTS
- Физико-химиялық процестердің математикалық моделдеріне COMSOL пакетін қолдану-5 ECTS
- Деформацияланатын қатты дене механикасындағы аналитикалық әдістер-5 ECTS
- Деформацияланатын денелердің кернеулі-деформациялық күйін зерттеу әдістері-5 ECTS
- Деформацияланатын қатты дене механикасының жалпы теңдеулері, есептері және әдістері-5 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-10 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-3 ECTS
- Ғылыми журналдарда/ ғылыми-практикалық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар-4 ECTS
- Қортынды аттестация-8 ECTS
- Зерттеу-4 ECTS
Жұмысқа орналастыру
«7М05404 - Mеханика» БББ бітіруші түлектер келесі кәсіби қызметтерді атқара алады: - Жоғары оқу орындарында сабақ беру (жаратылыстану-техника бағытындағы пәндерден); - Ғылыми қызметкер (механика және әр түрлі механикалық процесстерді модельдеу саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу); - Инженер (ғылыми-өндірістік және өндірістік салаларда инженерлік қызмет көрсету); - Жобалаушы (альтернативті энергетика, роботтық техника, ғарыштық техника салаларында энергетикалық жүйелерді (объектілерді) эксплуатациялау және жобалау жұмыстарын жүргізу). - Менеджер ( ғылыми-өндірістік мекемелерде, білім беру және ғылым саласында басқару жұмыстары); Мамандандырылған қызметтер саласында жұмыс.
Байланыс
Кафедраның мекен-жайы:әл-Фараби даңғылы, 71/23, Механика-математика факультетінің корпусы, 1 - қабат, 112 кабинет Телефоны: Анықтама: 8 (727) 377-33-33 , Кафедраның ішкі номері (15-80). +7 777 824 23 68, Алуа
БББ бойынша құжаттар
23123123