7M03114 Аймақтану
Цель: Аймақтық және жаһандық үдерістердің даму тенденцияларын, олардың жаңа теориялары мен тұжырымдамаларын сыни сипатта түсіндіріп, баға бере алатын, ғылыми теориялар, мектептер мен бағыттарды зерттей отырып, ғылыми-педагогикалық қызметпен сабақтастыра алатын; сараптамалық жұмыс жүргізуге, инновациялық ғылыми әдіснама негізінде халықаралық және аймақтық деңгейдегі мәселелерді зерттеуге қабілетті аймақтану саласында сапалы ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау.
Предметы на ЕНТ: Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты и Халықаралық қатынастар жүйесіндегі аймақтардың қазіргі мәселелері

Білім беру бағдарламасы
Аймақтық және жаһандық үдерістердің даму тенденцияларын, олардың жаңа теориялары мен тұжырымдамаларын сыни сипатта түсіндіріп, баға бере алатын, ғылыми теориялар, мектептер мен бағыттарды зерттей отырып, ғылыми-педагогикалық қызметпен сабақтастыра алатын; сараптамалық жұмыс жүргізуге, инновациялық ғылыми әдіснама негізінде халықаралық және аймақтық деңгейдегі мәселелерді зерттеуге қабілетті аймақтану саласында сапалы ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау.
ON1 транслокалды және жаһандық өзара қарым-қатынастардағы заманауи аймақтардың даму факторлары мен механизмдерін, және қазіргі әлемдегі интеграциялық және ыдырау үдерістерін замануи пардигмалар шеңберінде зерттеу әдіснамасы тұрғысынан көрсету;
ON2 аймақтық даму жолдарының, қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың аймақтық аспектілері мен аймақтық мәселелерінің сараптамалық бағасын беру, жаһандық және аймақтық үдерістердің даму тенденцияларын халықаралық қатынастар теориялар призмасы арқылы жүзеге асыру
ON3 макроөңірлік, аймақтық, саяси, экономикалық,интегративті, инновациялық, әлеуметтік-мәдени үдерістерді модельдеу, теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістері мен қолданбалы талдаулар негізінде кемінде 2 шет тілін қолдану арқылы ғылыми болжамдарды қалыптастыру;
ON4 ғылыми теориялар, мектептер мен бағыттар туралы білімді қоғамның саяси, аймақтық, халықаралық талдауының зерттеу және ғылыми-педагогикалық практикалық тәжірибесіне интеграциялау;
ON5 критикалық талдаудың ғылыми тәсілдеріне негізделе отырып, өлкетануды зерттеу және халықаралық және аймақтық проблемаларды талдау әдістемесін кеңейту;
ON6 практикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарында этномәдени, этно-конфессиялық және этнопсихологиялық параметрлерді ескеру;
ON7 заманауи интеграцияланған халықаралық және аймақтық зерттеулер жағдайында Қазақстан Республикасы мен әлемнің жетекші өңірлері арасындағы қатынастарды дамыту мен іске асырудың стратегиялық мемлекеттік (республикалық және облыстық, қалалық) жоспарларын бағалай отырып, аймақтық, мемлекеттік, үкіметтік емес, қоғамдық, коммерциялық және басқа ұйымдарға ұсыныстар дайындауды жүзеге асыру;
ON8 қызметтің бейіні бойынша, сонымен қатар алдыңғы қатарлы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде пәнаралық салалар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылыми тұжырымдар мен инновациялық идеяларды дербес қалыптастыру, олардың дәлдігін тексеру;
ON9 жеке ғылыми көзқарасты дәлелді түрде негіздеу, халықаралық және аймақтық проблемаларды академиялық және аналитикалық жағдайларда шет тілдеріндегі материалдарды пайдалана отырып шешу жолдары туралы ғылыми пікірталас өткізу;
ON10 ұлттық, аймақтық, жаһандық қауіпсіздіктің дәстүрлі және дәстүрлі емес қауіптерінің шығу жолдарын анықтау, оның ішінде көптеген ақпарат көздерін және оны талдау мен жіктеудің заманауи құралдарын қолдана отырып, Қазақстанның аймақтық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға және көпжақты ынтымақтастықты орнатуға қосқан үлесін көрсету;
ON11 халықаралық және аймақтық деңгейде даму мәселелерін шешу мақсатында көпшілік алдында сөйлеу дағдысын көрсету, тиімді қарым-қатынас пен құрамы кәсіби топтардан құралған басшылықты жүзеге асыру, сонымен бірге кәсіби мәселелерді шешу үдерісінде шет тілдерін қолдану;
ON12 жеке ғылыми, педагогикалық және кәсіби қызметтің нәтижелерін көрсету және одан әрі кәсіби және ғылыми өзін-өзі жетілдіру траекториясын анықтау.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Шетел тілі (кәсіби)-5 ECTS
- Басқару психологиясы-3 ECTS
- Орталық Азия елдерінің сыртқы саясатын деректік талдауы-5 ECTS
- Әлемдік державалар және халықаралық қауіпсіздіктің аймақтық аспектілері-5 ECTS
- Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі аймақтық ұйымдардың рөлі-5 ECTS
- Жаңа Жібек жолының қауіпсіздігінің аймақтық өлшемдері-5 ECTS
- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)-5 ECTS
- Аймақтануды зерттеудің әдістемелік негізі-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Орталық Азиядағы су және экологиялық мәселелер-5 ECTS
- ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің аймақтық саясаты-5 ECTS
- Халықаралық қатынастар жүйесіндегі аймақтардың өзекті мәселелері: теориялық және практикалық тәсілдер-5 ECTS
- Саяси аймақтану-5 ECTS
- Педагогикалық-4 ECTS
- Жоғары мектептің педагогикасы-5 ECTS
- Ғылым тарихы мен философиясы-3 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-2 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Орталық Азия елдерінің трансформациясының мәдени-өркениеттік негіздері-5 ECTS
- Әлемдік кешенді аймақтанудың өзекті мәселелері-5 ECTS
- Ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттық соғыстар-5 ECTS
- Зерттеу-4 ECTS
- Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастықтың мәселелері мен болашағы-5 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
- Энергетикалық қауіпсіздік және дипломатия-5 ECTS
- Ұлттық және жаһандық қауіпсіздік теориялары-5 ECTS
- Қазіргі әлемдегі ядролық қауіпсіздік мәселелері-5 ECTS
- Аймақтық қауіпсіздік жүйесіндегі діни фактор-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Зерттеу-4 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-3 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-10 ECTS
- Ғылыми журналдарда/ ғылыми-практикалық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар-4 ECTS
- Қортынды аттестация-8 ECTS
Жұмысқа орналастыру
«7М031114 – Аймақтану» білім беру бағдарламасының түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер: - Қазақстан Республикасының дипломатиялық және консулдық өкілдіктері, министрліктері мен ведомстволары; - Ұлттық қорлар, қалалық және облыстық әкімдіктер; - жетекші қазақстандық және шетелдік ғылыми-зерттеу институттары; - жоғары оқу орындары; - халықаралық ұйымдардың өкілдіктері (БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ШЫҰ, ҰҚШҰ және т.б.) - талдау және зерттеу орталықтарында талдаушы, халықаралық істер бойынша мамандар, әртүрлі деңгейдегі менеджерлер, зерттеушілер, бақылаушылар қызметтерін атқара алады. Білім беру бағдарламасы жұмыстың белгілі бір саласына сәйкес келеді. 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары (Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, елдің сыртқы саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысатын басқа да ведомстволар), 2. Халықаралық ұйымдардың (БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ШЫҰ, ҰҚШҰ және т.б.) өкілдіктері. 3. республиканың заң шығарушы және атқарушы билік органдарына, оның ішінде Парламент аппаратына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне; 4. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен жоғары оқу орындарының филиалдары. 5. талдау және зерттеу орталықтары
Байланыс
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 95А ғимараты, 208 кабинет. Пошта индексі: 050040. Байланыс телефоны: +7(727)-377-33-33, қосымша 17-78. Веб парақша: https://www.kaznu.kz/ru/6142/page/
БББ бойынша құжаттар
23123123