8D05403 Механика
Цель: Механика саласында жоғары білікті, отандық және әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, іргелі ғылыми дайындыққа ие; өзекті ғылыми зерттеу жұмыстарын ең жоғарғы методологиялық деңгейде табысты жүргізе алатын, белсенді әрі азаматтық ұстанымы бар ғылыми мамандар дайындау болып табылады.
Предметы на ЕНТ:

Білім беру бағдарламасы
Механика саласында жоғары білікті, отандық және әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, іргелі ғылыми дайындыққа ие; өзекті ғылыми зерттеу жұмыстарын ең жоғарғы методологиялық деңгейде табысты жүргізе алатын, белсенді әрі азаматтық ұстанымы бар ғылыми мамандар дайындау болып табылады.Оқу нәтижесінде докторанттар келесі құзіреттерге ие болады:
1.ON1 Теориялық және аспан механикасының мәселелерін шешудің заманауи аналитикалық және сандық әдістерін критикалық түрде талдау және нақты физикалық есептің тұжырымдамасына қойылатын шектеулерді ескере отырып, қолайлы әдістерді таңдау;
2. ON2 наноматериалдардың физикохимиялық қасиеттерін егжей-тегжейлі талдау, турбулентті ағындардың моделдерін құру принциптерін талдау, жоғары өнімділік есептеулер мен параллель есептеулерді қолдану арқылы сұйықтар мен газдардың динамикасының есептерін жоғарғы реттік дәлдікте модельдеу;
3. ON3 жылу және масса алмасу процестерін модельдеу, өтетін химиялық реакцияларды ескере отырып модельдерін құрастыру және COMSOL Multiphysics бағдарламалық пакетін қолданып күрделі физикалық процестерге зерттеулер жүргізу;
4. ON4 Роботты жүйелерді модельдеудің заманауи әдістерін, роботтардың заманауи интеллектуалды жүйелерін зерттеу әдістерін қоса алғанда, механика жүйелерін жобалау, диагностикалау және бақылауды қолдана отырып, актуаторларды, манипуляторларды, стационарлық және жылжымалы роботтарды жобалау;
5. ON5 пластикалық және жылжымалылық теориясының есептерін, деформацияланатын қатты дене механикасының нақты есептерін, жер асты құрылымдарының механикасы, морт қирау механикасы және композиттер механикасы есептерін шешу үшін аналитикалық және сандық әдістерді қолдану;
6. ON6 қазіргі заманғы деректерді өңдеу әдістерін қолдана отырып, механиканың әртүрлі салаларынан ғылыми деректерді талдау , түсіндіру,оның ішінде визуализациялау және оларға негізделген практикалық ұсыныстарды әзірлеу;
7. ON7 орнықтылық және орнықсыздық жағдайларын ажырата білу, хаостың туындауын, хаостың ошақтарын және олардың шекараларын анықтай білу, механиканың нақты бағыттарындағы мәселелерді шешу үшін осы білімдерін қолдану;
8. ON8 механика салаларына қатысы қоғамда өзекті болып саналатын механиканың теориялық немесе практикалық есептерін қарастыра отырып , осы тақырыпқа сәйкес өз бетімен ғылыми жобаларды жазу және оны шешу үшін қажетті ғылыми-зерттеу жұмыстарының алгоритмін әзірлеу;
9. ON9 Қажет болған жағдайда, өз бетінше ғылыми зерттеулер жүргізуді жүзеге асыру және түзетулер енгізу, есептің қойылымына барынша дәл жауап беретіндей әдістерді таңдау;
10. ON10 алынған нәтижелерге сын көзбен қарау, оларды талдау және бағалау, тіпті толық емес немесе шектеулі ақпараттар негізінде де дәйекті тұжырымдамалар жасау;
11. ON11 ғылыми зерттеу жұмыстары нәтижелерінің маңыздылығын сыни түрде бағалай отырып, сол нәтижелерді кең ауқымды ғылыми қоғамдастыққа жеткізу және ғылыми мақалаларды жазу;
12. ON12 Таңдаған ғылым саласында өзінің кәсіби тұрғыдан даму бағытын және даму қарқындылығын анықтай білу, командада жұмыс істей білу және жалпы ұжым мен қоғамның дамуына үлес қосу.
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Докторантураға түсушілер келесі құжаттар пакетін ұсынады:Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына өтініш (еркін нысанда);
2) білімі туралы құжат (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) ҰТО (http://www.testcenter.kz/ru/kaztest/) берген мемлекеттік тіл емтиханын тапсырғаны туралы
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Академиялық жазу-2 ECTS
- Ғылыми зерттеудің әдістері-3 ECTS
- Теориялық және аспан механикасының математикалық әдістері-5 ECTS
- Гидродинамикадағы сандық әдістер-5 ECTS
- Жалпы химия-5 ECTS
- Мехатронды жүйелерді модельдеу және бақылау-5 ECTS
- Динамикалық жүйелердегі рет пен хаос-5 ECTS
- Механика есептеріндегі жасанды интеллект-5 ECTS
- Наномеханика-5 ECTS
- Турбулентті ағыстарды есептеу әдістері-5 ECTS
- Басқарудың тиімді әдістері-5 ECTS
- "Mathematica" символдық есептеу жүйесінің негіздері-5 ECTS
- Жылу және масса алмасу есептерін модельдеу әдістері-5 ECTS
- COMSOL Multiphysics- те күрделі физикалық үрдістерді модельдеу-5 ECTS
- Роботтарды жобалаудың қазіргізаманғы әдістері-5 ECTS
- Мобильді роботтарды жобалау-5 ECTS
- Интеллектуалды роботтар жүйесі-5 ECTS
- Роботехникалық жүйелерді аппараттық қамтамасыз ету-5 ECTS
- Ақырлы элементтер әдісімен құрылымдарды есептеу-5 ECTS
- Дірілбелсенділік, дірілдеу, дірілдиагностика-5 ECTS
- Деформацияланатын орта моделдерінің жалпы теориясы-5 ECTS
- Механика есептерін есептеу әдістері-5 ECTS
- Морт қирау механикасы-5 ECTS
- Полимерлік және композиттік материалдар-5 ECTS
- Ғылыми семинар-3 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-3 ECTS
- Атқарушы механизмдер мен манипуляторларды жобалау-5 ECTS
- Робототехникалық жүйелерді динамикалық басқару-5 ECTS
- Пластикалық және жылжымалылық теориясы-5 ECTS
- Жерасты құрылыстарының механикасы-5 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Педагогикалық-10 ECTS
- Ғылыми семинар-2 ECTS
- Бітіру семинары-6 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-11 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Ғылыми семинар-8 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-14 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу-3 ECTS
- Зерттеу-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Ғылыми семинар-4 ECTS
- Бітіру семинары-6 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-15 ECTS
- Зерттеу-5 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Ғылыми семинар-3 ECTS
- Бітіру семинары-6 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-8 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу-3 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-10 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Қортынды аттестация-12 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-2 ECTS
- Диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелерін ғылыми басылымдарда жариялау-15 ECTS
Жұмысқа орналастыру
«8D05403 - Mеханика» БББ бітіруші түлектер келесі кәсіби қызметтерді атқара алады: - Жоғары оқу орындарында сабақ беру (жаратылыстану-техника бағытындағы пәндерден); - Ғылыми қызметкер ( механика және әр түрлі механикалық процесстерді модельдеу саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу); - Инженер (ғылыми-өндірістік және өндірістік салаларда инженерлік қызмет көрсету); - Жобалаушы (альтернативті энергетика, роботтық техника, ғарыштық техника салаларында энергетикалық жүйелерді (объектілерді) эксплуатациялау және жобалау жұмыстарын жүргізу). - Менеджер ( ғылыми-өндірістік мекемелерде, білім беру және ғылым саласында басқару жұмыстары); Мамандандырылған қызметтер саласында жұмыс.
Байланыс
Кафедраның мекен-жайы:әл-Фараби даңғылы, 71/23, Механика-математика факультетінің корпусы, 1 - қабат, 112 кабинет Телефоны: Анықтама: 8 (727) 377-33-33 , Кафедраның ішкі номері (15-80). +7 777 824 23 68, Алуа
БББ бойынша құжаттар
23123123