Білім беру бағдарламасы
Робототехникалық жүйелер саласында терең жүйелі білімі мен құзыреттілігі бар, робототехникалық жүйелерді жобалаудың, басқарудың өзекті ғылыми мәселелерін, сондай-ақ биомеханикалық жүйелердің міндеттерін өз бетінше анықтауға және шешуге қабілетті, ғылыми және білім беру саласында, әртүрлі автоматтандырылған және роботтандырылған өндірістерде, ҚР робототехника саласындағы ұйымдар мен зертханаларда жұмыс істеу үшін және халықаралық ғылыми орталықтарда робототехника саласындағы ғылыми зерттеулермен айналысатын жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
ON 1 Ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және жүйелеу, робототехникалық зерттеулер бойынша патенттік іздеу жүргізу, "робототехникалық жүйелер"кәсіби қызметінің бағыты бойынша отандық және шетелдік ғылымның, техника мен технологияның жетістіктерін пайдалану.
ON 2 Роботтар мен робототехникалық жүйелердің функционалдық және құрылымдық сұлбаларын әзірлеуге қатысу, техникалық тапсырмаға сәйкес робототехникалық жүйелердің құрылмаларының жобалық есептері мен техникалық-экономикалық негіздемесін жүргізу;
ON 3 Компьютерлік жобалау құралдарын пайдалана отырып, роботтар мен робототехникалық жүйелердің бөлшектері мен тораптарын жобалау және құрастыру, роботтар мен робототехникалық жүйелерді моделдеудің әдістері мен құралдарын таңдау;
ON 4 Заманауи ақпараттық технологияларды меңгеру, робототехникалық жүйелерді және олардың жеке модульдерін жобалау және басқару кезінде жобалаудың заманауи және бағдарламалық құралдарын қолдану;
ON 5 Роботтар мен робототехникалық жүйелердің басқарушыларының, ақпараттық және атқарушы модульдерінің тәжірибелік макеттерін әзірлеу және оларды заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып зерттеу жүргізу;
ON 6 Қолда бар бағдарламалық пакеттерді пайдалану және робототехникалық жүйелерде ақпаратты өңдеу және басқару үшін қажетті жаңа бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу;
ON 7 Эксперименттер жүргізу әдістемесін әзірлеу және робототехникалық жүйелердің қолданыстағы макеттері мен үлгілерінде эксперименттер жүргізу және заманауи ақпараттық технологиялар мен техникалық құралдарды қолдана отырып нәтижелерді өңдеу;
ON 8 Жеке және орындаушылар тобының құрамында орындалған зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін практикада енгізу, зияткерлік меншік нысандарына құқықтарды қорғауды қамтамасыз ету.
ON 9 Робототехникалық жүйелер бойынша арнайы пәндерді оқыту әдістемесі саласында өзіндік ғылыми зерттеуді жүзеге асыру, жоғары мектеп педагогикасы мен басқару психологиясының заманауи әдістерін білу және оларды педагогикалық қызметте қолдану;
ON 10 Орындалған жұмыстың нәтижелері бойынша аналитикалық шолулар мен ғылыми-техникалық есептер құрастыру, зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелері бойынша ғылыми жарияланымдар дайындау, алынған нәтижелер мен қорытындыларды ғылыми презентацияда немесе қорғауда дәлелді түрде ұсыну.
ON 11 Жоғары және орта оқу орындарында робототехникалық жүйелер бойынша арнайы пәндерді оқыту.
ON 12 Ұжым құрамында жұмыс жасау, инновациялық ғылыми-білім беру жобаларымен танысу, кәсіби қызмет шеңберінде жауапты шешімдер қабылдау, стандартты емес шешімдерді іздестіру, әлеуметтік коммуникацияны басқару саласында стратегиялық ойлау дағдыларын меңгеру.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
«7М07118- Робототехникалық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша келесі кәсіби қызметтерді орындай алады:
- орта, арнайы орта және жоғары оқу орындарында, оқу орталықтарында робототехниканы оқыту;
- робототехника саласында ғылыми-зерттеу жұмыстары;
- ғылыми-өндірістік және өндірістік кәсіпорындардағы инженерлік қызмет;
- Роботтарды және роботтық жүйелерді жобалау, реттеу, пайдалану және қызмет көрсету.
Байланыс
Кафедраның мекен-жайы:әл-Фараби даңғылы, 71/23, Механика-математика факультетінің корпусы, 1 - қабат, 112 кабинет
Телефоны: Анықтама: 8 (727) 377-33-33 , Кафедраның ішкі номері (15-80).
+7 777 824 23 68, Алуа
БББ бойынша құжаттар
23123123