6B03205 Кітапханалық ақпараттық жүйелер
Цель: Бағдарлама цифрландыру жағдайында ақпаратты іздеу, өңдеу мен таратуға және автоматтандырылған құралдарды енгізуге және пайдалануға қабілетті, анықтамалық-библиографиялық аппаратпен жұмыс істеу дағдысы бар, жоғары білікті маман – библиографтар мен кітапханашыларды даярлауға бағытталған.
Предметы на ЕНТ: Қазақ/орыс тілі и Қазақ/орыс әдебиеті
Білім беру бағдарламасы
Бағдарлама цифрландыру жағдайында ақпаратты іздеу, өңдеу мен таратуға және автоматтандырылған құралдарды енгізуге және пайдалануға қабілетті, анықтамалық-библиографиялық аппаратпен жұмыс істеу дағдысы бар, жоғары білікті маман – библиографтар мен кітапханашыларды даярлауға бағытталған.
ON1 Гуманистік құндылықтарды, қауіпсіз өмір салтын, қаржылық сауаттылықты, оқырманмен қарым-қатынаста мінсіз әдептілік пен зерттеу әдістерін қолдануды дамыту
ON2 Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, кітапхана жарғысына, кітапхана және ақпараттану теориясы мен тәжірибесіне негізделген библиографиялық процестерді қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізу. Сонымен қатар, Менеджмент және маркетинг негізінде әртүрлі деңгейдегі кітапханалар жұмысын басқару, ағымдағы және перспективалық жоспарларды, нормативтік және басқа құжаттамаларды әзірлеу және жүзеге асыру, кітапханалық іс-шараларды ұйымдастыру
ON3 Библиография және кітапғылымы саласындағы ғылыми зерттеулерге, теориялық білімге негізделген зерттеу нәтижелерін енгізуге қатысу
ON 4 Стационарлық және қашықтағы режимдерде кітапхана пайдаланушысының сұранысы бойынша библиографиялық анықтамаларды беру бойынша жұмыстарды орындау.
ON 5 Дыбыстық материалдарды өңдеу, мұрағаттау бағдарламалары негізінде жаңа жағдайлар мен технологияларға бейімдеу, аудиоматериалдарды цифрландыру, заманауи аудиокітап жазу технологияларын қолдану.
ON 6 Аудио материалдарды сандық форматқа түрлендіру және оларды балалар мен зағип жандар үшін қолжетімді цифрлық форматқа бейімдеу, кітапханашы үшін коммуникация дағдыларын меңгеру
ON 7 Шығармашылық пен инновациялық ойлауға негізделген материалдарды, дауысты мәтіндерді дайындайды және зерттейді, дикторлық шеберлігін жетілдіреді
ON 8 Кітапхана қорын энтомологиялық сараптау, құжаттарды температуралық, ылғалдылық, жарықтық, санитарлық-гигиеналық режимдерге сәйкес жүйелі визуалды тексеру негізінде кітапхана қорын ғылыми консервациялау және сақтау дағдыларын көрсету.
ON 9 Кітапханатану, библиография, құжаттану, информатика, мәдениет, ғылым және білім саласындағы мемлекеттік саясат, нормативтік құқықтық актілер негізінде құрылымдық бөлімшенің жұмысын жоспарлау бойынша кітапханада библиографиялық және ақпараттық-талдау жұмыстарын және кітапханалық-ақпараттық қызмет, зияткерлік меншікті, жеке деректерді қорғау бойынша әдістемелік нұсқаулық құжаттар жүргізу
ON 10 Кітапхана ісі саласындағы социологиялық, психологиялық, педагогикалық және маркетингтік зерттеулерге талдау жасау; Іс қағаздарын жүргізу және мұрағат ісі негіздерін, нормативтік құқықтық актілерді, ережелерді, нұсқаулықтарды, мұрағат ісі бойынша басқа да әдістемелік материалдар мен құжаттарды пайдалана отырып, дәстүрлі және цифрлық форматта кітапхана қорын және басқа да ақпараттық ресурстарды ашатын көрмелер ұйымдастыру.
ON 11 Жасанды интеллект негізінде кітапхананың LAN және серверлік жабдықтарын алу, орнату, конфигурациялау және техникалық қызмет көрсету әдістерін қолдана отырып, басып шығарылатын құжаттарды электронды форматқа түрлендіру және электрондық құжат жеткізу технологияларын қолдану.
ON 12 Әдістемелік қамтамасыз етуді және әдістемелік қызметті үйлестіруді ұйымдастырады, саладағы библиографиялық қызметтің жай-күйіне талдау жасайды, кітапхана құжаттарын қағаз және картонға аздап бүлінген, құрылымдық бұзылыстары бар және құрылымдық өзгерістерсіз қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу дағдыларына ие болу;
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Шетел тілі-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Әл-Фараби және қазіргі заман-5 ECTS
- Абай ілімі-5 ECTS
- Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері-5 ECTS
- Адам тіршілігі қауіпсіздігінің негіздері-5 ECTS
- Экология және тұрақты даму-5 ECTS
- Инклюзияға кіріспе-5 ECTS
- Ғылыми зерттеудің әдістері-5 ECTS
- Қаржы сауаттылығының негіздері-5 ECTS
- Кітапхана ісінің тарихы-6 ECTS
- Қазақстан библиографиясы-5 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі-5 ECTS
- Кәсіпкерлік-5 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Оқу-2 ECTS
- Әлеуметтану-2 ECTS
- Психология-2 ECTS
- Мәдениеттану-2 ECTS
- Саясаттану-2 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі-5 ECTS
- Кітапханатану-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Шетел тілі-5 ECTS
- Қазақстан тарихы-5 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Философия-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Кітапханалық каталог-5 ECTS
- Кітапханалық қор-5 ECTS
- Алгоритмизация және программалау негіздері-5 ECTS
- Салалық кітапханалар-5 ECTS
- Құжат пен кітаптың жалпы теориясы-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Құжаттану-6 ECTS
- Құжаттарды аналитикалық-синтетикалық өңдеу-6 ECTS
- Жасанды интеллект негіздері-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар-5 ECTS
- Өндірістік-4 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Ақпараттық ресурстарды сыни талдау-5 ECTS
- Әлемдік кітапханалар тарихы-5 ECTS
- Библиографиятану-5 ECTS
- Кітапхана жүйесінлегі медиа және цифрлық сауаттылық-5 ECTS
- Ақпараттық мамандықтарға арналған құралдар мен технологиялар-5 ECTS
- Кітапханалық Smart технологиялар-5 ECTS
- Автоматтандырылған кітапхана-ақпараттық жүйелер-5 ECTS
- Компьютерлік және ақпараттық этика-5 ECTS
- Кітапханалық педагогика-5 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Балалар мен жасөспірімдер оқуының педагогикасы және психологиясы-5 ECTS
- Электронды кітапханалар және зерттеулердің мәліметтер базасы-5 ECTS
- Ақпараттық жүйелердегі мәліметтер қоры-5 ECTS
- Фактчекинг-5 ECTS
- Балалар оқуына жетекшілік-5 ECTS
- Классикалық тілдер (латын, араб, парсы)-6 ECTS
- Глобалды және локалды торабтар мен жүйелер-5 ECTS
- Ғылыми сұраныстардағы кітапханашының маркетингі (ағылшын тіліндегі курс)-5 ECTS
- Өндірістік-4 ECTS
СЕМЕСТР 7
- Баспа және электронды БАҚ аудиториясы-5 ECTS
- Деректер базасы-5 ECTS
- Деректер қоры қосымшаларын құру-5 ECTS
- Ақпараттық сауаттылық: 21-ші ғасыр кітапханашыларына арналған инновациялық онлайн-кітапхана қызметін көрсету-5 ECTS
- Кітапхана кужаттарын консервациялау-5 ECTS
- Веб-сайттарды және онлайн-платформаларды жобалау-5 ECTS
- Кітапханалық-ақпараттық қызметтегі менеджмент және маркетинг-6 ECTS
- Археография-5 ECTS
- Кітапханалық ақпараттық қызметті стандарттау-5 ECTS
- Ғылыми зерттеулер негізі/-5 ECTS
СЕМЕСТР 8
- Қорытынды аттестаттау-8 ECTS
- Өндірістік-8 ECTS
- Дипломалды-8 ECTS
Жұмысқа орналастыру
ББ бойынша кадрларды даярлау мынадай кәсіби қызмет салаларына жоспарланған: білім беру; ғылыми; өнер; мәдениет; бұқаралық коммуникация жүйелері; 6В032 – Кітапханлық ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша кәсіптік қызметтің келесі түрлері: - Кітапхана ісінің маркетологы; - Кең профильді кітапханашы; - Кітапханаларда құжаттаманы және кадрларды басқару жөніндегі менеджер; - Библиограф; - Референт – хатшы; - Ақпараттық-талдау бөлімінің қызметкері; - Хатшы-референт; - Персонал менеджері (hr-менеджер); - Қорларды сақтаушы; - Іс жүргізуші референт;
Байланыс
+7(727)3773330 ішкі.12-91 Координатор: Мукажанова Толкын Нурасыловна +77074927810
БББ бойынша құжаттар