6B06301 Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
Цель: «6B06301 - Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» білім беру бағдарламасының мақсаты ақпараттық технологиялар қауіпсіздігі, компьютерлік және желілік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қауіпсіздікті басқару, ақпараттық жүйелердегі деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы озық білімдерін көрсетуге қабілетті ақпараттық қауіпсіздік саласындағы бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау болып табылады.
Предметы на ЕНТ: Математика и Информатика
Білім беру бағдарламасы
«6B06301 - Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» білім беру бағдарламасының мақсаты ақпараттық технологиялар қауіпсіздігі, компьютерлік және желілік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қауіпсіздікті басқару, ақпараттық жүйелердегі деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы озық білімдерін көрсетуге қабілетті ақпараттық қауіпсіздік саласындағы бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау болып табылады.
Бағдарлама аяқталғаннан кейін студенттер келесідей қабілеттерге ие болады:
1.қауіпсіздікті қамтамасыз ету стандартта-рының ережелерін және олардың ақпараттар мен ресурстарды қорғаудағы рөлін пайдалану;
2.Деректерді қорғау міндеттерінде кодтаудың, криптографияның және криптетанализдің математикалық әдістерін қолдануға;
3. ақпараттық қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің негізгі ережелерін қолдану;
4. қауіпсіз бағдарламалық қамтамасыз ету мен мобильді қосымшаларды әзірлеу үшін программалау тілдері мен құралдарын пайдалану;
5. ақпараттық жүйелердегі қауіп-қатерлерді, осал тұстарын, қарсы өлшемдерді(контрмер) және тәуекелдерге әсер етуді бағалау үшін тәуекелдерді басқару принциптерін қолдану;
6. ақауларды жою, кәсіпорын деңгейінде ақпараттық қауіпсіздік жүйесіне қызмет көрсету және оларды жаңарту;
7. желінің тұрақты мониторингін жүзеге асыру және нақты уақытта қауіпсіздік шешімдерін ұсыну;
8. операциялық жүйелер мен қосымшалардың қауіпсіздік аудитін жоспарлау, енгізу және орындау;
9. ақпараттық қауіпсіздік шеңберінде оқиғаларға әрекет етуді, авариялық қалпына келтіруді және бизнестің үздіксіздігін(непрерывность) жоспарлау;
10. ақпаратты қорғау жүйесінің компоненттерін жобалау;
11. ақпарат пен қосымшалардың қауіпсіздік тәуекелдерін басқару саясатын бағалау;
12. табиғат пен қоғамның дамуы мен дамуының негізгі заңдарын білу, әртүрлі әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, этикалық, саяси және төтенше жағдайларда жан-жақты шараларды өткізу қабілетін көрсетеді.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама
🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Қазақстан тарихы-5 ECTS
- Әлеуметтану-2 ECTS
- Психология-2 ECTS
- Мәдениеттану-2 ECTS
- Саясаттану-2 ECTS
- Шетел тілі-5 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Ақпараттық қауіпсіздікке кіріспе-6 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Инклюзияға кіріспе-5 ECTS
- Оқу-2 ECTS
- Адам тіршілігі қауіпсіздігінің негіздері-5 ECTS
- Экология және тұрақты даму-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Шетел тілі-5 ECTS
- Әл-Фараби және қазіргі заман-5 ECTS
- Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері-5 ECTS
- Қаржы сауаттылығының негіздері-5 ECTS
- Программалау тілдері-5 ECTS
- Математика-5 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі-5 ECTS
- Абай ілімі-5 ECTS
- Кәсіпкерлік-5 ECTS
- Ғылыми зерттеу әдістері-5 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар-5 ECTS
- Дискретті математика-5 ECTS
- Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика-5 ECTS
- Нысандарға бағытталған программалау-5 ECTS
- Компьютерлік желілер және телекоммуникациялар-5 ECTS
- Операциялық жүйелер және қауіпсіздік-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Техникалық құрылғылар мен ақпаратты қорғау әдістері-5 ECTS
- Өндірістік-4 ECTS
- Деректер қоры теориясы-6 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Философия-5 ECTS
- Ақпаратты қорғаудың ақпараттық негізі-6 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Ақпараттар және кодтау теориясы-5 ECTS
- Блокты шифрлы криптоталдау-5 ECTS
- Java тілінде программалау-5 ECTS
- Python бағдарламалау тілі-5 ECTS
- Веб қауіпсіздігі-5 ECTS
- Криптография және криптоталдау 1-5 ECTS
- Желілік қауіпсіздік-5 ECTS
- Машиналық оқыту-5 ECTS
- Посткванттық криптография-5 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Бағдарламалық жабдықтама қауіпсіздігі-5 ECTS
- Өндірістік-4 ECTS
- Ақпараттық қауіпсіздікті басқарудың жүйелері-5 ECTS
- Қауіпсіздіктің техникалық жүйелері-5 ECTS
- Веб-дизайн-5 ECTS
- Интеллектуалды ақпараттық жүйелердің модельдері мен әдістері-5 ECTS
- Ақпараттық қауіпсіздіктің нормативті-құқықтық қамтамасыздандыруы-5 ECTS
- Криптография және криптоталдау 2-6 ECTS
- Желілік қауіпсіздік аудиті-5 ECTS
СЕМЕСТР 7
- Компьютерлік криминалистика-5 ECTS
- Жүйелік әкімшілендіру-5 ECTS
- Мәліметтердің интеллектуалды талдауы-5 ECTS
- Экстремизмге қарсы күреске арналған ақпараттық технологиялар-5 ECTS
- SOC-аналитика әдістері мен процестері-6 ECTS
- Компьютерлік қылмыстар және зиянды бағдарламалар-5 ECTS
- Блокчейн жүйелерінің қауіпсіздігі және тестілеуі-5 ECTS
- Цифрлық қауіпсіздіктегі инновациялық жобалар-5 ECTS
- Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы жасанды интеллект-5 ECTS
- Киберқауіпсіздіктегі технологиялар-5 ECTS
- Қауіпсіздікті басқару жүйелері-5 ECTS
- IT-инфрақұрылым-5 ECTS
СЕМЕСТР 8
- Өндірістік-8 ECTS
- Дипломалды-8 ECTS
- Қорытынды аттестаттау-8 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Бағдарлама түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін "6В06301 - Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері" мамандығы бойынша негізгі жұмыс берушілер: адам қызметінің барлық салаларында ақпараттық жүйелерді қорғаудың ұйымдастырушылық, аппараттық және бағдарламалық әдістері мен құралдарын әзірлейтін, енгізетін және пайдаланатын, сыни ақпаратпен жұмыс істейтін мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдар болып табылады. "6В06301- Ақпараттық қауіпсіздік жүйесі" мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы нақты жұмыспен қамту саласы үшін өзекті болып табылады: 1. ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін жобалау 2. ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін басқару 3. ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін сүйемелдеу 4. ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін тестілеу 5. ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін пайдалану 6. ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін бағдарламалық-аппараттық қорғауды қамтамасыз ету.
Байланыс
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Қазақстан Республикасы, Алматы, 050040, әл-Фараби даңғылы, 71 Тел. 8 (727) 377-33-33 ішкі.(15-79), Жүнүсбаева Саламат Жанабайқызы 87079049773
БББ бойынша құжаттар