Білім беру бағдарламасы
Жаңа білім объектілерін меңгеруге, сондай-ақ физика саласындағы жаңа білімді генерациялауға қабілетті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды қамтамасыз ету, кәсіптік тілде ғылыми және өндірістік міндеттерді қалыптастыру және оларды қазіргі заманғы әдістер мен технологиялар көмегімен шешу; бейбітшілік, жақсылық пен әділдік идеяларына негізделген белсенді азаматтық ұстанымы бар;
Білім алушыларға физика саласында теориялық білімді және практикада зерттеу әдістерін қолдану қабілетін қалыптастыру, өз саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
Ғылыми-зерттеу ұйымдары, жобалау - конструкторлық бюролар және ұқсас бейіндегі басқа да ұйымдар үшін кәсіби кадрлар даярлау; жоғары және орта-арнайы білім беру жүйесінің ұйымдарын педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету; жаратылыстану-ғылыми және техникалық бейіндегі ұйымдарды басқару кадрларымен қамтамасыз ету.
Бұл бағдарлама аяқталғаннан кейін магистранттар келесідей мүмкіндіктерге ие болады деп күтілуде:
1. ON1– гравитация және космология саласындағы теориялық зерттеулер мен эксперименттердің нәтижелерін түсіндіру;
2. ON2 – алынған эксперименталды мәліметтерді түсіндіру үшін физикалық құбылыстар мен процестердің теориялық моделін қолдану;
3. ON3 - гравитация және космология салаларында физикалық құбылыстар мен процестердің ғылыми есептеулерін жүргізу үшін заманауи компьютерлік бағдарламаларды, математикалық аппаратты және сандық әдістерді қолдану;
4. ON4 - физикалық жүйелерді сипаттайтын әр түрлі параметрлерге байланысты нәтижелердің салыстырмалы графикалық талдауын жүргізу;
5. ON5- деректерді өңдеудің графикалық нәтижелерін талдау, жүргізілген теориялық есептеулерге, ғылыми зерттеулер мен эксперименттерге сыни талдау жүргізу, жүргізілген жұмыстар бойынша толық есеп құру;
6. ON6 - қойылған мақсаттарға қол жеткізу және негізгі міндеттерді іске асыру үшін нақты физикалық проблеманы зерттеу бойынша алынған ғылыми нәтижелерді негіздеу;
7. ON7- оқу материалдарын тиімді көрсетуді ұйымдастыру, тыңдаушылар алдында өзінің кәсіби деңгейін көрсету;
8. ON8- қазіргі заманғы білім беру технологияларын табысты қолдану, байланыс аудиторияларының мүмкіндіктерін талдау;
9. ON9- озық заманауи технологияларды қолдана отырып, оқытудың нәтижелерін бағалау мен талдаудың тиімді әдісін әзірлеу;
10. ON10 - білім алушыларды жоғары оқу нәтижелерін алуға бағыттау және ынталандыру;
11. ON11- инновациялық, педагогикалық және білім беру технологияларын, сондай-ақ оқытудың тиімділігі жоғары әдістерін қолдану, олардың нәтижелілігін бағалау;
12. ON12- жоғары оқу орнында оқу үрдісінде кәсіби біліктерді, дағдыларды меңгеру, өз мамандығының маңыздылығын түсіну, тұрақты қызығушылық таныту, даму, қазіргі трендтік оқиғалардан хабардар болу (эксперименттер мен теориялық зерттеулер).
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Классикалық өріс теориясына кіріспе-6 ECTS
- Гравитацияның классикалық теориясы-5 ECTS
- Релятивтік астрофизика-6 ECTS
- Заманауи физиканың негізгі принциптері-6 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-3 ECTS
- Шетел тілі (кәсіби)-3 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Зерттеу-4 ECTS
- Жалпы салыстырмалылық теориясындағы (ЖСТ) орнықтылық мәселелері-5 ECTS
- Кванттық гравитация-5 ECTS
- Жұлдыздар эволюциясы және галактикалар динамикасы-5 ECTS
- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағылшын тілінде)-5 ECTS
- Шетел тілі (кәсіби)-2 ECTS
- Ғылыми семинар-2 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-5 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
- Заманауи кванттық-механикалық модельдеудің заманауи әдістері-5 ECTS
- Басқару психологияcы-3 ECTS
- Ядролық астрофизика-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Теориялық физикадағы жуықтап есептеу әдістері-5 ECTS
- Жалпы салыстырмалылық теориясында (ЖСТ) денелердің қозғалыс мәселелері-5 ECTS
- Ғылым тарихы мен философиясы-3 ECTS
- Жоғары мектептің педагогикасы-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Педагогикалық-4 ECTS
- Зерттеу-4 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-3 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-5 ECTS
- Ғылыми журналдарда/ ғылыми-практикалық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар-4 ECTS
- Қортынды аттестация-8 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Бағдарлама түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер мыналар болып табылады:
1. АҚ «ҰҒЗТО» ҚР ҰҒА «Академик У.М. Сұлтанғазин атындағы ғарыштық зерттеулер институты»;
2. АҚ «ҰҒЗТО» ҚР ҰҒА В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институты (АФИ);
3. АҚ «ҰҒЗТО» ҚР ҰҒА «Ионосфера институты» еншілес ЖШС;
4. ЕЖШС «Ғарыштық техника және технологиялар институты»;
5. КЕАҚ «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» Эксперименттік-теориялық физиканың ғылыми-зерттеу ғылыми-зерттеу факультеті (НИИ ЭТФ);
6. КЕАҚ «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» Ашық үлгідегі ұлттық нанотехнологиялық зертхана;
7. ЖШС "Физика-техникалық институты";
8. "ҚазАтомӨнеркәсіп" ҰАК" АҚ;
9. РХДУ;
10. Ресей ғылыми-зерттеу институттары;
11. Ресей ЖОО-ы;
12. Ядролық зерттеулердің біріккен институты
Байланыс
Нурбакова Гулия Серикмухаметовна, БББ координаторы.
Алматы, 050040, аль-Фараби, 71.
Физика-техникалық факультеті, 315.
Теориялық және ядролық физика кафедрасы
Тел:+7 7077246780
Ж.т.: 8 (727)377 34 14.