Білім беру бағдарламасы
Бағдарлама төмендегідей қасиеттерге ие білікті кадрлардың кәсіби тұлғасын қалыптастыруға бағытталған:
- наноматериалдарды, нанотехнологиялық процестерді және нанотехнологиялық жабдықтарды кешенді қолдану негізінде әртүрлі функционалдық мақсаттарда бар өнімдерді жетілдіру және жаңаларды жобалау саласында қазіргі заманғы ғылыми білімдерін түсіну және қорытындылау;
- алдын-ала берілген қасиеттері бар наноқұрылымдарды синтездеудің әр түрлі әдістерінің мүмкіндіктерін талдау;
- заттардың және материалдардың наноөлшемді күйге ауысу кезіндегі қасиеттерін ғылымның қазіргі заманғы идеяларын тәжірибеде қолдану;
- наноматериалдар мен нанотехнологиялар бағытында өзіндік ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.
1. нанотехнологияның қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары туралы терең білімді, сонымен қатар кәсіби қызметтің пәнаралық салаларындағы білімдерін көрсету;
2. заттардың және наноматериалдардың қасиеттерін зерттеу, талдау, диагностикалау және модельдеу әдістерімен жаңа және беймәлім контекстердегі технологиялық мәселелерді шешу;
3. физико-химиялық, кинетикалық және термодинамикалық параметрлерді ескере отырып, наноматериалдарды алудың қолданыстағы синтез әдістерін таңдау және қолданылуын негіздеу;
4. практикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін экономикалық және экологиялық аспектілерді ескере отырып, нанотехнологияда қолданылатын синтездің заманауи әдістерін салыстыру;
5. нанотехнология және наноматериалдар саласындағы заманауи теория мен практиканың жетістіктеріне негізделген теориялық және эксперименттік зерттеулерді ұйымдастыру және басқару принциптерін пайдалану;
6. нанотехнология өнеркәсібіндегі жаңа пилоттық қондырғыларды, құрылғылар мен аппараттарды құру мәселелерін шешу үшін олардың құрылымын өзгертуге бағытталған материалдардың қасиеттерін басқарудың заманауи технологияларын қолдану;
7. нанотехнологиялар саласында қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, ғаламдық ақпараттық ресурстарын ғылыми-зерттеу және есептік-аналитикалық қызметте таңдау;
8. нанотехнологиялар саласында жоғары білім беру үрдісінің практикасына ғылыми-кәсіби білімін енгізу;
9. түрлі наноматериалдарды өндіруге арналған заманауи технологиялық үрдістерді, материалдар мен олардан жасалған бұйымдарды өңдеу, технологиялық үрдістерді басқару жүйелерін әзірлеу;
10. нормативтік құжаттарға сәйкес нанотехнология саласындағы жобалық және техникалық жұмыс құжаттамаларын рәсімдеу;
11. жаңа көміртегі бар материалдарды наноөлшемді құрылымдық компоненттермен синтездеу саласындағы кешенді ғылыми зерттеулерді жоспарлау және жүргізу;
12. нанотехнология саласындағы өз жетістіктерін объективті түрде бағалай білуге, жаңа құзыреттіліктерін қалыптастыру қажеттілігін түсінуге қабілетті болу.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Шетел тілі (кәсіби)-2 ECTS
- Нанохимияның даму бағыттары мен заманауи жағдайы-5 ECTS
- Наноматериалдар мен наноқұрылымдарды алудың заманауи әдістері-5 ECTS
- Фуллерендерді жалында алу жолдары-5 ECTS
- Көміртекті нанотүтікшелерді жалында алудың физика-химиялық негіздері-5 ECTS
- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)-5 ECTS
- Нанотехнологияның іргелі негіздері-5 ECTS
- Өсімдік шикізаттары негізіндегі көміртекті наноқұрылымды материалдар-5 ECTS
- Плазмoхимиялық реакторларда наноматериалдар мен наноқұрылымдарды алу үдерістерін компьютерлік модельдеу-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Шетел тілі (кәсіби)-3 ECTS
- Композициялық материалдарды механохимиялық алу-6 ECTS
- Плазмада наноматериалдар алуды компьютерлік модельдеу-6 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-3 ECTS
- Көміртекті наноматериалдардың қасиеттері-5 ECTS
- Нанотехнологиядағы көміртек құрамды металлорганикалық құрылымдар-5 ECTS
- Наноматериалдар мен наноқұрылымдарды тәжірибелік зерттеудің заманауи әдістері-5 ECTS
- Нанообъектілерді модельдеу-4 ECTS
- Наноматериалдардың химиясы-5 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Жоғары мектептің педагогикасы-5 ECTS
- Композициялық материалдарды электроспиннинг әдісімен алу-5 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-2 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Зерттеу практикасы-4 ECTS
- Композициялық материалдарды 3D принтинг әдісімен алу-5 ECTS
- Көміртекті нанотүтікшелер, графендер, фуллерендер және гидрофобты күйе-5 ECTS
- Нанобөлшектердің құрылысы мен химиялық қасиеттері-5 ECTS
- Басқару психологиясы-3 ECTS
- Ғылым тарихы мен философиясы-3 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Педагогикалық-4 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-3 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-8 ECTS
- Ғылыми журналдарда/ ғылыми-практикалық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар-4 ECTS
- Қортынды аттестация-8 ECTS
- Зерттеу практикасы-4 ECTS
Жұмысқа орналастыру
ЖШС «Ин Прометей»,
ЖШС «Фирма Жайна»,
ЖШС «Жалын»,
РГП «Жану проблемалар институты»
ЖШС НПТЦ Жалын,
ЖШС «Прометей»,
ЖШС «АлмаДК»,
ЖШС «НитроСибирьКазахстан»,
ЖШС «Казфосфат»
Байланыс
Химия және Химиялық технология факультеті, 1-қабат,каб. 122.
әл-Фараби даңғылы, 71
Корпус ГУК5
Кафедра телефоны: 8(727) 211-15-11