Білім беру бағдарламасы
Бағдарламаның мақсаты басқаруда, іс жүргізуде және архивтерде электронды құжаттармен жұмысты ұйымдастырудың теориясы мен практикасын зерттеу негізінде, ресейлік және қазақстандық тарихи тәжірибелерді және шетелдік тәсілдерді басшылыққа алып, электронды құжат айналымының қазіргі заманғы жүйелерін, әлеуметтік және коммуникациялық желілерді, интернетті, ақпараттық архив жүйелерін және ақпараттық менеджмент әдіснамасын пайдалана отырып, магистранттардың электронды құжатты ақпараттық қоғамдағы әлеуметтік - экономикалық, басқарушылық, құқықтық, тұлғааралық қатынастарды реттеуді қамтамасыз ететін адам өркениетінің қазіргі жетістіктерінің бірі-ақпараттық өнім ретінде туралы нақты түсініктерін қалыптастыру.
Бағдарлама «Ақпараттық қоғам», «Ақпараттық Қазақстан – 2020», «Цифрлы экономика», «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаларының ережелеріне сай және электронды үкіметтің, құжат айналымының бірыңғай электронды жүйесінің (ҚАБЭЖ) іс-қимылы мен мемлекеттік қызметтерді электронды түрде іске асыру жағдайында кез келген ұйымдарда, басқару жүйелерінде, ақпараттық жүйелерде және архивтерде электронды құжаттардың басқару саласындағы магистранттардың білімін, машықтарын және дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Осы бағдарламаны аяқтағанан кейін магистранттардың қабілеттері қалыптасады:
ON1. Басқарманың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі мен архив қызметінің жұмысын ұйымдастыру, басқарманың құжаттамалық қамтамасыз ету және архив ісі мәселелері бойынша ұйым қызметкерлеріне кеңес беру;
ON 2. Архив ісі, археография және құжаттану салаларында сараптамалық зерттеулерді жүргізуде атсалысу және оларды жұмыс тәжірибесіне енгізу.
ON 3. Архивтердің сараптамалық-тексеру, әдістемелік комиссияларының және басқа кеңес беру органдарының жұмыстарына қатысу;
ON 4. Автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйесінің жобасын әзірлеу, техникалық тапсырманы құрастыруға қатысу, мәліметтерді модельдеу дағдыларын меңгеру;
ON 5. Архив ісі, археография және құжаттану салалары бойынша жобалар, құқықтық актілер, ғылыми, әдістемелік құралдарды, нормативтік-әдістемелік материалдарды әзірлеу, олардың талқылануына атсалысу.
ON 6. Электронды құжаттарды тұрақты және ұзақ мерзімді сақтауды ұйымдастыру, құжаттардың бар-жоғын, олардың физикалық жағдайын тексеру бойынша жұмыстар жүргізу, электронды құжаттардың құндылығын сараптау дағдыларын меңгеру;
ON 7. Құрылымдық бөлімшелердегі іс жүргізуге жетекшілік жасау. Құжаттарды уақытысында орындалуын және дұрыс безеңдірілуін бақылау. Ақпаратты қорғау құралдары мен әдістерін меңгеру.
ON 8. Қазіргі заманғы автоматтандыру құралдарын пайдалану негізінде құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету және архив ісінің технологиясын жетілдіру; жаңа технологиялар негізінде ұйымда құжаттарды басқаруды және архивте сақтаудың бірыңғай (корпоративтік) жүйесін құру және жүргізу;
ON 9. Архивтануға тән дәстүрлі жұмыс әдістерінінің сандық ортаға бейімделуі және архивтік ақпаратты ұсынуда жаңа заманауи білімдерін қолдану; құжаттарды басқару және архив ісінде озық шетелдік тәжірибені қолдану, саланы кәсіптік деңгейде жетілдірудің жаңа тәсілдері мен тұжырымдамаларын әзірлеу;
ON 10. Архив ісі және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету салаларында кең көлемді өзгерістер жүргізу, идеяларды тұжырымдау мен инновациялық қызмет нәтижелерін болжамдау.
ON 11. Аналитикалық және зерттеу мәселелерін шешу үшін заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды қолдану;
ON 12. Өткізілетін сабақтарының барлық түрлерін жоспарлау және әдістемелік қамтамасыз ету. Әріптестер және басшылармен кәсіби қарым-қатынас орнату.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
Кәсіптік қызметтің түрлері:
«7М03208 – Архивтану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасының магистрі еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады:
- ұйымдастырушылық- басқарушылық;
- сараптамалық - кеңес беру;
- ұйымдастырушылық-жобалық және т.б.
- педагогикалық;
- ғылыми- зерттеу және т.б.
Кәсіби қызмет салалары:
- Архивтер мен құжаттаманы басқару органдары;
- Ұлттық, орталық, облыстық, қалалық және аудандық мемлекеттік архивтер, облыстық және қалалық архивтердің филиалдары, арнайы архивтер, жеке меншік архивтер;
- мемлекеттік органдар мен мекемелердің, үкіметтік емес ұйымдардың құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі;
- мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың кадрлық қамтамасыз ету қызметі;
- жоғары оқу орындары;
- ғылыми ұйымдар мен орталықтар.
Байланыс
Жұмыс телефоны:
+7(727)3773330 ішкі.12-91
Координатор: Жакупова Гүлназия Толгайқызы
ұялы телефон: +77085670526
Электронды пошта:gulnaz.tolgaevna@kaznu.edu.kz