Білім беру бағдарламасы
Мұнай өндіру, мұнай өңдеу саласында мұнай өнеркәсібін тұрақты дамыту, мұнай беруді арттыру және мұнай технологияларын жетілдіру үшін қазіргі заманғы теориялар мен зерттеу әдістерін қолдануға қабілетті магистрлерді дайындау.
- мұнай-газ өндіру және мұнай мен газ тасымалдаудың жаңа инновациялық технологиялық процестері мен жабдықтарын құрастыруға және әзірлеуге қабілетті.
- жаңа технологияларды, жабдықтарды енгізу
кезінде ықтимал инновациялық тәуекелділікті талдау.
- жабдықты пайдалану және қызмет көрсету технологиясын жетілдіру
Берілген ББ тәмамдаған білім алушылардан күтілетін қабілеттер:
РО1 - кен орнында игеру, бұрғылау, ұңғыма өнімдерін өндіру және дайындау саласындағы күрделі мұнай- газ мәселелерін анықтау, тұжырымдау және шешу;
РО2 - мұнай және газ өнеркәсібінде қолданылатын мәліметтердің әртүрлі түрлерін біріктіру арқылы мұнай және газ өндіру мәселелерін шешу;
РО3 - мұнай-газ инженериясындағы қолданыстағы теорияларды, әдістерді өз бетінше талдау және осы саладағы практикалық және теориялық мәселелермен жұмыс істеу;
РО4 - қазіргі заманғы өндіріс технологияларын қолдану, мұнай және газ өндірісіндегі процестерді басқару, әзірлеу және енгізу;
РО5 - мұнай-газ машина жасау саласындағы инженерлік практика мен қолданбалы зерттеулерге
қажетті әдістерді, дағдыларды және заманауи құралдарды пайдалану;
РО6 - кәсіби қызметтегі инновациялық шешімдердің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу;
РО7 - ұңғымаларды бұрғылау және пайдалану, әртүрлі типтегі қабаттардан мұнай және газ өндіру жобаларын әзірлеу;
РО8 - көшбасшылық және сендіру дағдыларын көрсету және техникалық және техникалық емес коммуникацияда тиімді әрекет ету және өзара әрекеттесу;
РО9 - мұнай мен газды өндіру және мұнай мен газды тасымалдау үшін жаңа инновациялық технологиялық процестер мен жабдықтарды жобалау және әзірлеу;
РО10 - жаңа технологияларды, жабдықтарды енгізу кезінде мүмкін болатын инновациялық тәуекелдерді талдау;
РО11 - жабдықты пайдалану әдістері мен техникалық қызмет көрсету технологияларын жетілдіру;
РО12 - қабаттардан мұнай өндіру процесінің тиімділігін арттыруға бағытталған шешімдерді салыстыру.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
Кәсіби қызмет саласында кадрлар даярлау келесі қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері (кәсіби стандартқа сәйкес қызмет түрлерін сызу) кіреді:
- Мұнай және газ өндіру операторлары
- инженер-технологтар
- бұрғылау жөніндегі инженерлер
- оқытушы, ғылыми зерттеу институттарының ғылыми қызметкері
- еңбекті қорғау жөніндегі мамандар
- бұрғылаушы;
- геолог-мұнайшы;
- Мұнай және газ өндіру супервайзері (мастер) ;
- тау-кен инженері.
Байланыс
Алишева Жанат Нуркуатовна alysheva.zhanat@kaznu.edu.kz +77773838986