Білім беру бағдарламасы
спорт психологиясы саласында жоғары білікті мамандарды даярлау. Оқыту спортшыларды (және бапкерлерді) спорттық сайыстарға даярлауды психологиялық сүйемелдеу; жаттығу және сайыс іс-әрекетіндегі күрделі және конфликтілі жағдайларды шешу; бапкерлерді әртүрлі спорт түрлерінде ұжым құру дағдыларына оқыту, жоғары спорттық нәтижелерге жетуге бағытталған мінез-құлықты қалыптастыру бойынша білім береді.
Берілген ББ тәмамдаған білім алушылардан күтілетін қабілеттер:
1.Спорттық ұйымдардағы психологиялық интервенцияның қағидалары мен әдістерін түсіндіру, спорттық психологтың психологиялық практикасындағы этикалық сұрақтардың шеңберін түсіну, спорт психологиясындағы теоретикалық және практикалық бағыттардың әдіснамалық ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсіну;
2.Спорт психологиясын білуді көрсету, спорттық практиканы психологиялық-педагогикалық қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын анықтау, заманауи спорттық психодиагностиканың, өзін-өзі реттеудің және психогигиенаның ғылыми негіздерін талдау;
3.Психологияның әдіснамалық негіздерін, әсіресе психологиялық интервенция, интерпретация және психологиялық есепті құрастыру, психологиядағы этикалық сұрақтарды шешу қағидаларын білуді қолдану, сонымен қатар жаңа білімдерді жинақтауға қабілетті болу;
4.Спорттық ұжымда оңтайлы психологиялық климат орнату бойынша дағдыларды пайдалану;
5.Спортшылар тұлғаларының психологиялық қасиеттері негізінде олардың іс-әрекет нәтижесін өздігінен болжауды жүзеге асыру;
6.Спорттағы психологиялық интервенция және психологиялық практика мәселелерінің гендерлік және мәдени құрамдас бөліктерін қолдану, психологиялық зерттеулердегі кросс-мәдени мәселелерді талдау;
7.ЗЗерттеуші-практик психологтың тұлғалық қасиеттерінің спорттық практикадағы зерттеу нәтижелеріне ықпалының мәнділігін бағалау;
8.Жаттығу және сайыс іс-әрекеті міндеттерін шешу барысында спорттағы психологиялық дайындық әдістерін жүйелу таныстыру және пайдалану;
9.Психологиялық мәліметтерді өңдеуде статистикалық әдістерді анықтау; гипотеза құру және спорттағы психологиялық зерттеу бағдарламасын құру, психологиялық мәліметтерді сипаттауды және интерпретациялауды білу, заманауи психологиялық құралдарды пайдалана отырып, өзіндік ерекше жобалаларды құрастыру және жүзеге асыру;
10.Дәйекті ойлау, аудиторияларға және өзі қызмет ететін мақсаттарға сай кәсіби ақпаратты шығармашылық және тәуелсіз, сауатты және анық форма мен стильдерде құрастыру және сипаттау;
11.Өзінің және әріптестерінің кәсіби іс-әрекеті мен жұмысын сыни бағалау және объективті сипаттау;
12.Жоғары тиімділіктегі кәсіби қарым-қатынас орнату, мамандарға және маман еместерге өз қорытындылары мен білімдерін сауатты және айқын хабарлау.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
Жұмыспен қамту салалары: спорт ұйымдары, сауықтыру орталықтары, университеттер, ғылыми-зерттеу зертханалары, ғылыми-зерттеу институттары және т.б.
Іс-шаралар:
- спорттағы психологиялық дайындық саласындағы ғылыми-зерттеу қызметі;
- Қазақстанның және шетелдердің жоғары және орта арнаулы оқу орындарындағы педагогикалық қызмет;
- денсаулық сақтау, спорт ұйымдары салаларындағы кәсіби және сараптамалық міндеттерді шешу;
- Психология ғылымы мен практикасының қолданбалы салаларындағы инновациялық және енгізу қызметі, сондай-ақ спорт психологиясы саласындағы зияткерлік меншік нәтижелерін коммерцияландыру
Байланыс
Координатор -
педагогика ғылымдарының кандидаты, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доценті
Касен Гульмира Амановна
E-mail: psychology.ffip@gmail.com
әлеуметтік желі: https://www.instagram.com/p/ClGwuqkNRyB/?igshid=MDM4ZDc5MmU=
Тел: +7 701 1463881 Аязбаева Бейбит Бултековн