7M05406 Іргелі және қолданбалы математика
Цель: Математика және математикалық білім беру саласындағы кәсіби мәселелерді шешуге, оларды кәсіптік зерттеу саласындағы тәжірибелік дағдылар мен құзыреттерге ие болуға қабілетті білікті мамандар даярлау.
Предметы на ЕНТ: Математикалық талдау и Дифференциалдық теңдеулер
Білім беру бағдарламасы
Математика және математикалық білім беру саласындағы кәсіби мәселелерді шешуге, оларды кәсіптік зерттеу саласындағы тәжірибелік дағдылар мен құзыреттерге ие болуға қабілетті білікті мамандар даярлау.1.Математикалық пәндерді оқытуда инновациялық педагогикалық технологияларды, әдістерді қолдану; бағалау құралдарын, нұсқауларын әзірлеу;
2.Қолданбалы түсіндірмелер беру және пәндік саладағы терең жүйелі білімге сүйене отырып, спектрлік есептердің күрделілік дәрежесін талдау;
3.Роботтық, алгебралық жүйелердің динамикасын сыни тұрғыдан бағалай отырып, манипуляторлардың логикалық схемаларын құрастыру.
4.Қазақстан Республикасының көптілді және көпмәдениетті қоғамында және халықаралық аренада қарым-қатынас үшін лингвистикалық және лингвомәдени білімді сауатты пайдалану;
5.Қазіргі заманғы программалау тілдерін және компьютерлік модельдеуді қолдана отырып, жаратылыстану ғылымдарында проблемаларды шешу үшін программалық пакеттерді әзірлеу;
6.Түрлі функционалды және топологиялық кеңістіктерде сызықтық және сызықты емес операторларды қолданып, модельдерді түрлендіру;
7.Электр энергетикалық жүйелер жұмысының тұрақтылығын зерттеуді жүргізу;
8.Математикалық және статистикалық әдістерді қолданып, қолданбалы есепті зерттеу процесін жобалау;
9.Нөмірлеу теориясын қолдана отырып, мәліметтер қорындағы әртүрлі сұраныстар үшін іздеу алгоритмдерін құру;
10.Модельдеу нәтижелерінің дәлдігі мен сенімділігін бағалай отырып, эксперименттерді жоспарлау және жүргізу;
11.Интегралды-дифференциалдық теңдеулердің шекаралық есептерін шешудің конструктивті әдістерін жасау;
12.Зертханалық және сандық эксперименттер жүргізу, өзінің ғылыми зерттеулерінде модельдеу нәтижелерінің дәлдігі мен сенімділігін бағалау.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Ғылым тарихы мен философиясы-3 ECTS
- Жоғары мектептің педагогикасы-5 ECTS
- Жалпыланған функциялар-5 ECTS
- Функционалдық кеңістіктер және енгізу теоремалары-5 ECTS
- Толық теориялар, типтер және моделдер-5 ECTS
- Алгебралық жүйелер-5 ECTS
- Стохастикалық талдау-5 ECTS
- Тұрақтылықтың заманауи әдістерінің теориясы-5 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Қатты минималды теориялар-5 ECTS
- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)-5 ECTS
- Сызықтық дифференциалдық операторлардың теориясына кіріспе-5 ECTS
- Педагогикалық-4 ECTS
- Шетел тілі (кәсіби)-5 ECTS
- Дербес туындылы теңдеулерді шешудің функционалдық әдістері-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-2 ECTS
- Басқару психологиясы-3 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Жай дифференциалдық теңдеулер үшін шекаралық есептер-5 ECTS
- Зерттеу-4 ECTS
- Алгебралық геометрия және моделдер теориясы-5 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
- Математикалық физика теңдеулерінің іргелі шешімдері-5 ECTS
- Дифференциалдық теңдеулер және анализдың таңдаулы тараулары-5 ECTS
- Банах кеңістіктеріндегі дифференциалды есептеулер-5 ECTS
- Штурм- Лиувилля операторының спектрлік теориясы-5 ECTS
- Есептелмелі комбинаторика-5 ECTS
- Топты бейнелеу теориясы-5 ECTS
- Алгебралық геометрияның элементтері-5 ECTS
- Сақиналар және өрістер теориясы-5 ECTS
- Сызықты реттелген модельдер мен толық реттелген теорияның санақты модельдерінің саны-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Зерттеу-4 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-3 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-10 ECTS
- Ғылыми журналдарда/ ғылыми-практикалық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар-4 ECTS
- Қортынды аттестация-8 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Кәсіби қызмет салалары: ғылыми-зерттеулер саласы; білім беру салалары; эксперименттік зерттеу саласы; өндірістік емес экономика; ақпараттық-есептеу қызметтері; әкімшілік және басқарушылық. Кәсіптік қызмет саласының объектілері: академиялық ғылыми ұйымдар, жоғары оқу орындары, университеттер, институттар, жалпы білім беретін ұйымдар, гимназиялар, лицейлер, орта кәсіптік оқу орындары; ғылыми-зерттеу ұйымдары; ғылыми-өндірістік бірлестіктер, ғылыми орталықтар, қаржы институттары, сақтандыру және аналитикалық және т.б. компаниялар.
Байланыс
Кафедраның мекен-жайы:әл-Фараби даңғылы, 71/23, Механика-математика факультетінің корпусы, 4 қабат, 418 кабинет. Кафедра телефоны: 8 (727) 221-15-69