Білім беру бағдарламасы
Табиғи және табиғи-техногендік құбылыстар мен процестерді талдау және бағалау үшін ғылыми ақпаратты пайдалануға, туындайтын табиғи қатерлердің мәнін анықтауға, инновациялық әдістер мен технологиялар негізінде олардың даму динамикасын болжауға және модельдеуге қабілетті география ғылымы саласында білікті мамандарды даярлау.
1-ОН: Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерде заманауи әдістері мен тәсілдерін пайдалана отырып, жаратылыстану ғылымдарының базалық білімдеріне негізіделген ғылыми-техникалық ақпаратты, озық отандық және шетелдік тәжірибені, эксперименттер мен бақылаулардың нәтижелерін талдау және қорыту;
2 - ОН: Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаға әсер етумен байланысты шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу кезінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық стандарттарды, заңнамалық және нормативтік актілерді түсіндіру;
3- ОН: Бақылау жоспарына сәйкес атмосфералық ауа, жауын-шашын, жер үсті сулары, топырақ, шөгінділер, радиациялық фон, гидробиологиялық бақылаулардың жағдайларын жүйелі бақылауды ұйымдастыру және жүргізу арқылы қоршаған ортаның жағдайына мониторинг жүргізу;
4- ОН: Аймақты геоэкологиялық зерттеу негізінде табиғат қорғау объектілерінің технологиялық режимдерін бақылау бойынша инженерлік-экологиялық зертеулердің нақты түрін жүзеге асыруды ұйымдастыру;
5-ОН: Әртүрлі инженерлік және геоэкологиялық әдістермен шешуге болатын міндеттерді анықтай арқылы, далалық инженерлік және геоэкологиялық жұмыстар кешенін жоспарлау;
6-ОН: Кешенді инженерлік-экологиялық зерттеулер атқаратын қызметкерлермен байланысты қамтамасыз ету мен далалық жұмыстар жоспарын құрастыру арқылы инженерлік-экологиялық зерттеулерді жүргізу және зеге асыратын бағыныштылар мен далалық бақылаулар мен зерттеулердің нәтижелерін өңдеу әдістерін қолдана отырып, маршруттар бойынша журналын жазу;
7-ОН: Инженерлік-экологиялық зерттеулер кезінде далалық және камералдық жұмыстарды басқару және бақылаулар және зерттеулер жұмыстарын өңдеу үшін қолданылатын бағдарламалық құралды пайдалана отырып, орындаушылардың қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету;
8-ОН: Заманауи мамандандырылған бағдарламаны және жер қойнауын пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді пайдалана отырып, жұмыс аймағының геоэкологиялық зерделенуін талдау, қорытындылау және бағалау арқылы геологиялық есептерді дайындау;
9 – ОН: Аймақтың табиғи жағдайлары туралы жаратылыстану ғылымдарының теориялық негіздерін пайдалана отырып, инженерлік-геологиялық және қазіргі заманғы процестерді талдау және жүйелеу;
10-ОН: Пәнаралық әдістер мен аймақтың биогеографиясын пайдалана отырып, табиғи ортаның жағдайын талдау негізінде қауіпті техногендік геологиялық процестердің ықтималдылығын анықтау үшін зерттелетін аумақты бағалау;
11-ОН: Жұмыс аймағындағы экологиялық қауіпсіздіктің нақты жағдайын талдау арқылы, геоинформатика негіздерін және геологияның, геоморфологияның ғылыми әдістерін пайдалана отырып, зерттелетін аумақтағы кен орнының әлеуетін геоэкологиялық бағалау;
12-OН: Қоғамдық ұлттық сананы жаңғырту бойынша құқықтық негізді және қаржылық сауаттылықты пайдалана отырып, көшбасшылық қасиеттерді, зейінділікті, әдептілік пен жауапкершілікті, өзін-өзі ұйымдастыруды, гуманистік көзқарастар мен ұлттық құндылықтар негізінде командада жұмыс істей білуді көрсету
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)
2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама
🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
ББ бойынша кадрларды даярлауда кәсіби қызмет салалары бойынша келесі қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері кіреді:
географ-теорияшы,
геоморфолог;
селевик;
сейсмолог;
гляциолог;
геолог;
ландшафттану;
картограф
Байланыс
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050040, әл-Фараби даңғылы, 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығы, No 6 Бас оқу ғимараты (БОҒ 6), 315, 313, 303, 112 ауд.
Байланыс телефондары: 7(727)3773333, 7(727)3773330; ішкі нөмірлері: 1274; 1349; 1224; 1481
E-mail: asima.koshim@gmail.com
БББ бойынша құжаттар
23123123