Білім беру бағдарламасы
Білім беру бағдарламасының мақсаты - кітапхана ісі саласында іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуге қабілеті бар, ғылыми әдістерді кітапхана мәселелерін зерттеуде, кітапхананы басқару жүйесінде қолдана алатын ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
Бағдарлама түлектері кітапхана ісіне байланысты мәселелер бойынша сараптамалық және басқарушылық қызметті жүзеге асырып, кітапхананың ақпараттық жүйесі туралы ғылымның негізгі теориялары мен тұжырымдамаларын түсіндіріп, кітапхана ғылымын дамыту тұжырымдамасын әзірлеп, зерттеу нәтижелерін негіздейді
ОН 1 Зерттеудің жаңа әдістері мен ғылыми дискурстың даму тенденцияларын түсіну үшін кітапхана ісі саласында қазіргі заманғы теориялық білімді бағалау.
OН 2 Дәйексөз индексі жоғары басылымдарда ғылыми коммуникация принциптеріне негізделген ғылыми зерттеулердің нәтижелерін көрсете білу.
OН 3 Заманауи пәнаралық әдіснама және цифрлық технологиялар негізінде кітапхана ісінің өзекті мәселелері бойынша қолданбалы зерттеулер жүргізу.
OН 4 Ғылыми орталықтардың жұмысын ұйымдастыру және кітапхана ісі саласында жобалар мен стартаптарды әзірлеу.
OН 5 Кітапханалық-ақпараттық жүйелерді жетілдіру мақсатында кітапханалар қызметінің бағыттары бойынша сараптамалық зерттеулер жүргізу.
OН 6 Цифрлық кітапханалардың болашағын сыни тұрғыдан: зерттеулер мен әзірлемелерді, ақпаратты ұйымдастыруды, метадеректер схемасы мен стандарттарды, ресурстарды сипаттау үшін Dublin Coreні бағалау және кітапхана ісі саласында цифрлық деректер қоры мен бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйені әзірлеу.
OН 7 Цифрландыруды және жасанды интеллектті қолдануды ескере отырып, кітапхана ісін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
OН 8 Жоғары оқу орындарында кітапханалық-ақпараттық жүйенің дәстүрлі, инновациялық, интерактивті, тұлғаға бағытталған технологиялары мен оқыту әдістерін пайдалана отырып сабақтар өткізу.
OН 9 Кітапхана ісі саласындағы теориялық және қолданбалы оқу пәндері бойынша педагогикалық үдерісті жетілдіру және оқу нәтижелерін бағалау үшін ғылыми-әдістемелік қызметті жүзеге асыру.
OН 10 Заманауи технологиялар мен инновациялық менеджмент негізінде әртүрлі типтегі кітапханалардың басқару стратегияларын әзірлеу.
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Докторантураға түсушілер келесі құжаттар пакетін ұсынады:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына өтініш (еркін нысанда);
2) білімі туралы құжат (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) ҰТО (http://www.testcenter.kz/ru/kaztest/) берген мемлекеттік тіл емтиханын тапсырғаны туралы
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
"8D03206 – Кітапханалық ақпараттық жүйелер" білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби қызмет аясы:
Республикалық кітапханалар;
- Жоғары оқу орындары;
- Мемлекеттік және үкіметтік органдар;
- Орта кітапханалық оқу орындары;
- Кітапханалық білім беру мәдениет ұйымдары;
- Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі;
- Әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы халықаралық ұйымдар;
- Кәсіпорындар, ұйымдар, мемлекеттік басқару органдары.
«Кітапхананың ақпараттық жүйелері» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) келесі лауазымдарды атқара алады:
- Оқытушы;
- Кітапхана директоры;
- Директордың орынбасары.
- педагогикалық бейіндегі ғылыми-зерттеу ұйымдарында ғылыми қызметкер;
-Ғылыми-зерттеу ұйымдарында талдаушы, әдіскер.
Байланыс
work phone number: +7(727)3773330 ішкі.12-91
Координатор: Асанова Баян Сүлейменқызы
mobile phone: +77472131213
e-mail: bayan.asanova7@gmail.com