8D02211 Этнология және антропология
Цель: Білім беру бағдарламасының мақсаты – этнология және антропология ғылымы саласындағы мәліметтермен ақпараттарды сыни талдау, баға беру, синтездеуге айқын қабілетті, сондай ақ этносаяси мәселелер мен шиеленістерді шешу үшін нақты алгоритмдер құра алатын жоғары деңгейдегі кәсіби құзіреттілігі бар білікті маман дайындау.
Предметы на ЕНТ:

Білім беру бағдарламасы
Білім беру бағдарламасының мақсаты – этнология және антропология ғылымы саласындағы мәліметтермен ақпараттарды сыни талдау, баға беру, синтездеуге айқын қабілетті, сондай ақ этносаяси мәселелер мен шиеленістерді шешу үшін нақты алгоритмдер құра алатын жоғары деңгейдегі кәсіби құзіреттілігі бар білікті маман дайындау.
ON1 отандық және шетелдік этнология ғылымының теориялық-методологиялық жетістіктері негізінде жаңа ғылыми теориялық-практикалық концепциялар жасау; алынған білім мен жасалған концепцияды ғылыми зерттеу және ғылыми-педагогикалық салада дәлелді түрде дәйектей білу;
ON2 қазіргі ғылыми жетістіктерді сыни талдау және баға беру қабілеті негізінде этноұлттық үдерістерге қатысты пікірталас жағдайында өзіндік қорытындысы мен пікірін қалыптасыру және көрсете білу, зерттеу және практикалық міндеттерді шешуде оның ішінде пәнаралық салада жаңа леп беретін идеяларды қоса білу;
ON3 этнология саласындағы ғылыми зерттеу үдерістерін жоспарлау, жасау, жүзеге асыру және үйлестіру, шет елдерде ҚР территориясында далалық және ғылыми-зерттеу экспедициясын, Қазақстанның этносаясатын жүргізу негізінде мәдени, білім беру және ағарту шараларын жүргізе алу;
ON4 жоғары оқу ұйымдарының білім беру, кәсіби академиялық институттар және басқа да ҒЗИ, сараптама-талдау орталықтары, ақпараттық-аналитикалық профильдегі қоғамдық және мемлекеттік ұйымдарда кәсіби міндеттерін жүзеге асыру, жоғары оқу орнының негізгі білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби біліктілігі жоғары деңгейдегі ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындау;
ON5 мемлекеттік және шет тілдердегі ғылыми коммуникацияның қазіргі әдістері мен технологиясын пайдалану, ұжымды басқару, команда мақсатын қалыптастыруға ықпал ету, мақсат бағытында жетістікке жету үшін оның әлеуметтік-психологиялық климатына ықпал ету, қызмет нәтижесінің сапасын бағалай білу;
ON6 этнология және антропология саласында қазіргі технологияны енгізу, этнографиялық зерттеулердің ақпараттық базасын құру, Интернет жүйесінде цифрландыруды орналастыру, ақпараттық жүйе жасау, этнографиялық материалдарды кешенді зерттеуде пәнаралық зерттеулерді қолдану;
ON7 ҚР саясатын жүзеге асыруда артықшылығы мен кемшілігін айқындау негізінде ақпараттық-аналитикалық орталықтар, қоғамдық, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар және тарихи-мәдени туризм мекемелеріне нұсқаулық құралдар жасау;
ON8 ғылыми қауымдастықта өзара ықпалдылық, ғалым-зерттеушінің ғалым этикасы жөніндегі нормаларды сақтау, ұжымда лидер болу, белсенділік таныту, кәсіби біліктілігі аясында өздерінің шешімдеріне толығымен жауап беру, кәсіби қызметі үдерісінде туындайтын шиеленісті ахуалды шешу.
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Докторантураға түсушілер келесі құжаттар пакетін ұсынады:Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына өтініш (еркін нысанда);
2) білімі туралы құжат (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) ҰТО (http://www.testcenter.kz/ru/kaztest/) берген мемлекеттік тіл емтиханын тапсырғаны туралы
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Академиялық жазу-2 ECTS
- Ғылыми зерттеудің әдістері-3 ECTS
- Этнологияның деректік және тарихнамалық мәселелері-5 ECTS
- Этнология ғылымындағы пәнаралық әдістер-5 ECTS
- Материалдық емес мәдениетті ескерткіштердің сақтау және зерттеу мәселелелері-5 ECTS
- Этнология ғылымындағы ұлт және этнос-5 ECTS
- Қазақстандағы этноконфессионалдық үдерістер-5 ECTS
- Қазіргі этносаяси үдерістер-5 ECTS
- Ғылыми семинар-3 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-3 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Педагогикалық-10 ECTS
- Докторлық диссертацияны орындау-11 ECTS
- Ғылыми семинар-2 ECTS
- Graduate Seminar-6 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Докторлық диссертацияны орындау-14 ECTS
- Зерттеу-5 ECTS
- Ғылыми семинар-8 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу-3 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Докторлық диссертацияны орындау-15 ECTS
- Зерттеу-5 ECTS
- Ғылыми семинар-4 ECTS
- Graduate Seminar-6 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Докторлық диссертацияны орындау-8 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-10 ECTS
- Ғылыми семинар-3 ECTS
- Халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу-3 ECTS
- Graduate Seminar-6 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Докторлық диссертацияны орындау-2 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Докторлық диссертацияны жазу және қорғау-12 ECTS
- Диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелерін ғылыми басылымдарда жариялау-15 ECTS
Жұмысқа орналастыру
«Этнология және антропология» БББ бойынша мамандар дайындау кәсіби кызметтің мына бағыттарында жүргізіледі: 1.Білім беру – кәсіби саладағы ЖОО оқытушылары, жаңа бағыттар мен оқыту әдістерін дайындау, оқу жоспарларын, т.б. аясындағы құжаттармен жұмыс істейтін мамандар; 2.Ғылыми-зерттеу- ғылыми-зерттеу институттарында тарих және этнология саласындағы ғылыми қызметкер, кәсіби саладағы Диссертациялық кеңестердің мүшесі не төрағасы, халықаралық және республикалық ғылыми жобаларды ұйымдастыру және орындауға қатысу; халықаралық этнографиялық және өлкетану кешенді экспедициялар жүргізу т.б.; 3.Сарапшы-кеңесші қызмет – сарапшы, ұлтаралық қатынастар мәселесі бойынша сараптау жүргізе алатын, этникааралық жанжалдарды шеше алатын мамандар; 4.Мәдениет – Ұжым комитеттері мен комиссиялардың тарих, этнография, мәдениетпен байланысты: ЮНЕСКО, ИКОМОС, ИКОМ жұмыстарына қатысу, «Мәдени мұра» бағдарлама аясындағы жобаларға жетекші; 5. Әкімшілік-басқару – ғылыми зерттеу орталықтары мен институттарына сондай ақ оның бөлімдеріне жетекшілік ету, зертханаларды басқару.
Байланыс
+77273773030 (12-85) Координатор: Ермекбаева Айнур Шокановна +77714488533
БББ бойынша құжаттар
23123123