Білім беру бағдарламасы
«6B07113- Интеллектуалды басқару жүйелері» білім беру бағдарламасының мақсаты - қазіргі заманғы интеллектуалды IoT құрылғыларын жобалау, енгізу және пайдалану, IoT құрылғыларына арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау және қызмет көрсету, өнеркәсіпте, шағын және орта өнеркәсіпте қолданыстағы автоматтандырылған технологиялық процестерді басқару және интеллектуалдау саласында бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы даярлау болып табылады.
Әлеуметтік, саяси, мәдени институттардың қазақстандық қоғамды модернизациялаудағы рөлі тұрғысынан талдау жасау, жаһандық және еуразиялық тарихи процесс контексіндегі тәуелсіз қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасу кезеңдерін сипаттау.
2. Автоматтандыру жүйелерінің өлшеу құралдарының ақпараттық ағындарын талдау және синтездеу үшін жоғары математика, автоматика, электротехника, автоматты басқару жүйелерінің тұжырымдамалық аппараттарын, әдістерін және құралдарын қолдану.
3. IoT құрылғыларын бекітілген нормативтік құжаттарға, метрологиялық сипаттамаларға және IoT құрылғыларының жұмыс режимдеріне сәйкес басқару, талдау және бақылау.
4. Ақпарат алмасу хаттамаларын, желілік қосылыстарды орнатудың ережелері мен әдістерін, негізгі желілік қызметтерді және желілік қауіпсіздік қағидаларын қолдана отырып, желілік жабдықты орнату, қызмет көрсету және бақылау.
5. Бағдарламалық жасақтаманы жобалау, жүзеге асыру және тестілеуді орындау, икемді әдістеме негізінде эргономикалық қолданушы интерфейсі бар веб-қосымшаларды жасау.
6. IoT құрылғыларына арналған бағдарламалық қамтаманы жобалау, қолданушының графикалық интерфейсін, қосымшаның бизнес логикасын және IoT жүйелері үшін машинадан-машинаға өзара әрекеттесуді бағдарламалау.
7. Қарастырылып отырған объектінің (процестің) имитациялық моделін жасау, бағдарлама кодын жүзеге асыру және верификациялау, IoT қосымшалары мен құрылғыларын тестілеу және жаңарту.
8. Тақырыпты және проблемалық бағыттарды талдау және оның негізінде интеллектуалды жүйені жобалау және дамыту, қолданбалы есептерді шешу үшін смарт технологияларды қолдану.
9. Жасанды интеллект әдістерін есептер шығаруда және шешімдер қабылдауда қолдану, жасанды интеллект жүйелерін тестілеуден өткізу, енгізу және сүйемелдеу.
10. Үлкен деректерді талдауды жүргізу, үлкен деректерді сақтау, өңдеу және талдау үшін бағдарламалық құралдарды жобалау және жасау, заманауи қолданбалы архитектураларды қолдау үшін бұлтты платформалардың қызметтерін пайдалану.
11. Жаңа технологияларды қолданыстағы IoT жүйелерімен интеграциялау үшін инновациялық шешімдерді әзірлеу және жаңа интеллектуалды шешімдер жасау.
12. Әлеуметтік, этникалық және мәдени айырмашылықтарды толеранттылықпен қабылдай отырып топта жұмыс істеу, өз қызметіне, топтың қызметіне сыни баға беру.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)
2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама
🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
Кәсіби қызмет саласы:
• Көп деңгейлі желілік микроконтроллерлерді қолданатын технологиялық процестер;
• Өнеркәсіп пен бизнестегі автоматтандырылған технологиялық процестерді интеллектуалдыландыру;
• Заттар интернетіне арналған құрылғыларды жобалау – өнеркәсіпте және күнделікті өмірде IoT;
• Үлкен деректерді талдау үшін бұлттық есептеулерді қолдану;
• Интернет-маркетингтегі деректерді талдау;
Кәсіби қызметтің объектілері
• Кәсіпорындар мен фирмаларды басқарудың автоматтандырылған жүйелері;
• көп деңгейлі желілік микроконтроллерлерді және білім базаларын пайдаланатын технологиялық процестер;
• Ақылды қалада, ғимаратта IoT; сымсыз IoT құрылғылары;
• сымсыз желілер мен ұжымдық IoT жүйелерінің архитектурасы;
• білім базалары мен үлкен деректерге арналған бұлттық платформалар;
• машинадан машинаға өзара әрекеттесу (ұжымдық роботтар);
• интернет-маркетингтегі деректерді талдау;
• аудиовизуалды бақылаудағы IoT қауіпсіздігі;
Байланыс
Амирханова Гульшат Аманжоловна
Лауазымы: кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, аға оқытушы
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71
тел:+77076368078