6B03206 Медиакоммуникациялар
Цель: Бұқаралық ақпарат құралдары мен коммуникациялар саласында кәсіби кадрларды сапалы дайындау. Жобалық жұмыста іргелі тұжырымдамаларды қолдана, цифрлық сауаттылық туралы білімді интеграциялай алатын, цифрлық БАҚ-та ақпараттық қолдау мен дамытуда жаңа тәсілін қолдана алатын, цифрлық медиа сектор мен коммуникация салаларында түрлі кәсіпорындарына жоғары кәсіби және талантты кадрларды сапалы даярлау.
Предметы на ЕНТ: Шығармашылық емтихан1 и Шығармашылық емтихан2

Білім беру бағдарламасы
Бұқаралық ақпарат құралдары мен коммуникациялар саласында кәсіби кадрларды сапалы дайындау. Жобалық жұмыста іргелі тұжырымдамаларды қолдана, цифрлық сауаттылық туралы білімді интеграциялай алатын, цифрлық БАҚ-та ақпараттық қолдау мен дамытуда жаңа тәсілін қолдана алатын, цифрлық медиа сектор мен коммуникация салаларында түрлі кәсіпорындарына жоғары кәсіби және талантты кадрларды сапалы даярлау.
ON1. Сөйлеу, тұлғааралық және тиімді коммуникация (smart-коммуникация, цифрлық технологиялар, фото- және инфографика, әлеуметтік желілер алгоритмі, мобильді қосымшалар) әдістерін пайдалана отырып, кәсіби қызметке дербес-шығармашылық компонент енгізу.
ON2. Медиафилософияның артықшылқтары мен қасиеттерін айқынду, жаһандық ақпараттың сын-тегеуріндеріне негізделген мәдениетаралық коммуникация кейстерін талдау, сондай-ақ, оларды ұлттық тәжірибеге бейімдеу, тиімді іскери және тұлғааралық коммуникацияларды құру, ұжымның эмоционалдық интеллектісі мен медиақоғамды нығайтуға ыпал ету.
ON3. Сөйлеу коммуникациясының түрлі пішіндерінде іскерлік этикеттің сарындары, мүдделері мен құндылықтарын түсіндіру, тиімді және тұлғааралық қарым-қатынас тілінің, белсенді диалог ерекшелігін айқындау, деректердің визуалдығын фактчекинг құралдары мен этикалық нормалар мен ережелерді қолдана отырып, мультимедиялық кейстер мен сторителлинг әзірлеу.
ON4. Кинофильмдер, бейнелер мен телевизиялық бағдарламаларды тарату және кешенді басқару бойынша стратегиялық медиажоспар құру және медиа өндірісті кешенді басқару; цифрлық құралдар мен мультимедиялық сторителлинг, видео- аудиобаяндау әдістерін қолдана отырып, медиа хабарламалардың әртүрлі пішіндерін (телевизиялық және радио мазмұны форматында) жүзеге асыру; өңделген материалды талдау және таңдау, коммуникация практикумы аясында өндірістік және басқару шешімдерін қабылдау.
ON5. Медиаорта мен медиаэкологияға (медиа, технологиялар және коммуникациялар және олардың адам мекендейтін ортаға әсері) арналған медиакоммуникация саласының тарихы, қазіргі даму үрдістері, әлеуметтік желілер менеджменті (СММ), медиакоммуникацияның бейімдеуші, дамушы және басқарушы функцияларын ескере отырып, заманауи даму үрдістері туралы медиаөнімдер әзірлеу.
ON6. Қоғамның интеллекталды дамуы үшін тиімді философия, құқық, кәсіпкерлік және экологиялық салаларда коммуникация әдістерін қолдана отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жаңалықтарды өңдеуде кәсіби қызметке шығармашылық, дербес-шығармашылық қызмет компонент енгізу.
ON7. YouTube журналистикадағы сапалы контенттерді тиімді түрде ілгерілету, мудборд-коллекция, смета, контент-жоспарын құру; сценарий мен конспект тұжырымдамасын жазу, белгілі медиа өнімдерінің форматтары мен жанрларын қоса алғанда, YouTube арнасын жүргізу.
ON8. Трансмедиялық коммуникациялардың теориясы мен кейстерін негізге ала отырып, БАҚ-қа арналған жобаларды бағдарлау, медиамониторинг пен кешенді талдаудың креативті тәсілдері мен инновациялық технологиялары негізінде медиамаркетингтің әлеуметтік жобаларын, сондай-ақ тұрақты коммуникация жүйесіндегі журналист жұмысы моделін ілгерілету.
ON9. Трансмедиялық жобаларды құру және басқару технологиясын салыстыру және комьюнити-менеджмент бағдарламаларын модельдеу және ілгерілету, әлеуметтік медиадағы digital-коммуникацияларды, әлеуметтік мәселелерге бағытталған ақпараттық агенттіктердің қызметін қоса алғанда, іскерлік коммуникативтік өзара іс-қимылды ұйымдастыру жүйесін дамыту жөніндегі міндеттерді шешу.
ON10. Бұқаралық коммуникация теориясы мен практикасын, трансмедиялық коммуникацияларды, медиаменеджментті жүйелі түрде ұсыну, әлеуметтік медиа мен SMM коммуникацияларды ілгерілету бойынша креативті медиа жобаларды құру, олардың орындалуын қамтамасыз ету, шығармашылық медиа шеберлікті одан әрі дамыту үшін алынған нәтижелерді корреляциялау.
ON11. Ғылыми мәдениеттің, сондай-ақ этика мен құқық нормалары мен ережелерін, ортаны сыни қабылдаудың тиімді технологиясын ескере отырып, мультимедиялық контент құралдарын пайдаланып, медианарықты ілгерілету және басқаруда ақпарат пен коммуникацияның жаһандық нарықтағы даму үрдісін бағалау.
ON12. Ұлтаралық диалогқа бағытталған медиаэтика мен құқық бойынша журналистердің базалық құралы ретінде медиамәтіндер, телевизиялық және радиоматериалдарды таныстыру, медиа- және цифрлық технологияларды пайдалана отырып, медиатұтыну индикаторларын талдау және олардың дамуын болжау.
ON13.Креативті технологиялар мен икемді коммуникациялық стратегияларды пайдалана отырып, коммуникацияның тарихы мен теориясы негізінде әртүрлі жанрлар мен форматтардағы материалдарды әзірлеу, БАҚ медиаконтентін талдау және салыстыру, дағдарыс жағдайында оның күшті және әлсіз жақтарын анықтау, медиакоммуникация саласындағы ықпалын оңтайландыру.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама
🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Шетел тілі-5 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Әл-Фараби және қазіргі заман-5 ECTS
- Абай ілімі-5 ECTS
- Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі-5 ECTS
- Кәсіпкерлік-5 ECTS
- Ғылыми зерттеу әдістері-5 ECTS
- Қаржы сауаттылығының негіздері-5 ECTS
- Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері-5 ECTS
- Медиакоммуникация негіздері-6 ECTS
- Қазақ журналистикасының тарихы-5 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Бұқаралық коммуникацияның теориясы мен практикасы-5 ECTS
- Шетел тілі-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі-5 ECTS
- Әлеуметтану-2 ECTS
- Психология-2 ECTS
- Кәсіби (оқу) практика-2 ECTS
- Мәдениеттану-2 ECTS
- Саясаттану-2 ECTS
- Қазақстан тарихы-5 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Философия-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- БАҚ-тағы кросс-мәдени коммуникация-5 ECTS
- Медиа және цифрлық сауаттылық-5 ECTS
- Видео және аудио баяндаудың жаңа форматтары-9 ECTS
- Медиа мәтін дайындау технологиясы-5 ECTS
- Қазіргі заманғы теледидар және радио форматтары-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Медиамәтіндерді редакциялау-6 ECTS
- Копирайтинг және спичрайтинг-6 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар-5 ECTS
- БАҚ-тағы SMM-5 ECTS
- Кәсіби (өндірістік) практика-4 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Медиамаркетинг-5 ECTS
- Digital-коммуникациялар және әлеуметтік медиа-5 ECTS
- БАҚ-тағы фотографика-5 ECTS
- Медиаменеджмент-5 ECTS
- Шығармашылық медиа шеберлік-5 ECTS
- Мультимедиалық сторителлинг-5 ECTS
- Медиакоммуникациядағы әлеуметтану-5 ECTS
- Тиімді коммуникация құралдары-5 ECTS
- Медиа: құқық және этика-5 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Медиакоммуникация саласындағы жұмыс технологиясы-5 ECTS
- Тиімді коммуникация тілі-5 ECTS
- Фактчекинг әдіснамалары мен құралдары-6 ECTS
- Іскерлік медиа коммуникациялар-5 ECTS
- Трансмедиалық коммуникациялар-5 ECTS
- Комьюнити-менеджмент-5 ECTS
- БАҚ мониторингі және талдау-5 ECTS
- Масс медиадағы инфографика-5 ECTS
- Кәсіби (өндірістік) практика-4 ECTS
СЕМЕСТР 7
- Медиаэкология және медиа орта-5 ECTS
- Әлеуметтік-мәдени коммуникация-5 ECTS
- Ғылыми мәдениет-6 ECTS
- Smart коммуникациялар және үлкен деректер-5 ECTS
- YouTube журналистика-5 ECTS
- Медиа тұтыну әлеуметтануы-5 ECTS
- Жаһандық ақпарат және қоғам игілігіне арналған коммуникация-5 ECTS
- Медиафилософия-5 ECTS
- Әлеуметтік журналистиканың тұрақтылығы-5 ECTS
- Медиакоммуникациядағы әлеуметтік желілер алгоритмі-5 ECTS
СЕМЕСТР 8
- Қортынды аттестация-8 ECTS
- Кәсіби (өндірістік) практика-8 ECTS
- Кәсіби (диплом алдындағы) тәжiрибе-8 ECTS
Жұмысқа орналастыру
1. "Қазақстан" РТРК АҚ; 2. "Қазмедиа орталығы"ҚК ЖШС; 3. "Қазконтент" АҚ; 4. "Хабар" АҚ; 5. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Орталық коммуникациялар қызметі" РММ; 6. ҚР Электрондық Үкімет порталы - egov.kz; 7. "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі; 8. "Қаржы орталығы" АҚ; 9. Қазақстандық IT компаниялар қауымдастығы; 10. "ҚАЗАҚПАРАТ" Халықаралық ақпараттық агенттігі " ЖШС. Білім беру бағдарламасы Жұмыспен қамтудың нақты саласы үшін өзекті болып табылады: 1. Бұқаралық ақпарат құралдары: баспа басылымдарының, телеарналардың, радиостанциялардың, интернет-БАҚ, ақпараттық агенттіктердің редакциялары, салалық бұқаралық ақпарат құралдары; 2. Интернет-порталдар, IT-компаниялар, медиа контент өндіретін және контент өндірісін басқаратын Интернет қызметтері мен телекоммуникация операторлары; 3. Бұқаралық коммуникациялар саласын, ең алдымен олардың журналистік сегментін талдаумен айналысатын сараптамалық, салалық және Мемлекеттік зерттеу ұйымдары; 4. Бұқаралық коммуникация саласында мамандар даярлайтын және осы салада қолданбалы және іргелі ғылыми қызмет жүргізетін ғылыми және білім беру құрылымдары; 5. Қажетті материалды табуға, таңдауға, өңдеуге және дұрыс көрсетуге қабілетті ашық деректермен жұмыс істеу жөніндегі мамандарға мұқтаж мемлекеттік құрылымдар.
Байланыс
Профессор Гүлмира Серікбайқызы Сұлтанбаева, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі тел.: +77272211492, моб.: +77073777049 e-mail: Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.edu.kz
БББ бойынша құжаттар
23123123