Білім беру бағдарламасы
ББ мақсаты этнология және антропология саласындағы мамандарды сапалы даярлау, сондай-ақ антропология мен этнологияның негізгі даму тенденциялары мен проблемалары, этнологиялық және антропологиялық зерттеулердің әдістері, қажетті ақпаратты іздеуге және оны шығармашылық деңгейде пайдалануға мүмкіндік беретін кәсіби дағдылар туралы негізгі идеяларды қалыптастыру., сондай-ақ осы саладағы далалық зерттеулерді жүзеге асырудағы практикалық дағдыларды іске асыруға бағытталған.
ON1.эмпирикалық әдістерді қолдана отырып, далалық этнографиялық зерттеулер жүргізу: сипаттау, сұхбат, сауалнама, байқау, сауалнама жүргізу, салыстырмалы-функционалдық талдау;
ON2.далалық этнографиялық материалдарды тіркеу және өңдеу, оларды жіктеуді жүргізу, информатор туралы мәліметтерді зерттеу, есеп және есеп беру құжаттарын жасау;
ON3.этнографиялық зерттеу жүргізу үшін анкеталар мен сауалнамалар құру, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, этнографиялық дереккөздердің деректер базасын құру;
ON4.ғылыми – оқу, тарихи-мәдени орталықтарда, үйірмелер, орта мектептерде қосымша пән ретінде әлем халықтарының этнографиясы, түркі халықтарының этнографиясы және қазақ халқының этногенезі және этникалық тарихын оқыту;
ON5.тарихи-мәдени орталықтарда, музей мекемелерінде ғылыми-білім беру, әдістемелік қызмет, экскурсиялар өткізу, экспозициялар құруды жүзеге асыру;
ON6.антропология және этнологияның түрлі салаларында талдау және зерттеу жұмыстарын жүргізу;
ON7.педагогикалық зерттеу қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру, тиісті әдістемелікті пайдалану;
ON8.көші-қон, этникалық және конфессиялық процестердің жай-күйіне мониторинг жүргізу;
ON9.еліміздің және адамзаттың этникалық және мәдени ерекшеліктерімен байланысты мәдени-ағарту қызметтерін жүргізу;
ON10.этнологиялық және антропологиялық жобаларды әзірлеу кезінде заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану;
ON11.тарихи - мәдени және этномәдени мұраны насихаттау саласында зерделенген ғылымдардың ақпараттық-талдау базасын пайдалану;
ON12.әлемдік, ұлттық қоғамдастықтардың тарихи дамуының этно және әлеуметтік-мәдени, этносаяси, этноәлеуметтік факторларын талдау және түсіндіру.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)
2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама
🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
Этнология және антропология білім беру бағдарламасы бойынша түлектердің болашақ жұмыспен қамтамасыз етуінде негізгі жұмыс берушілері:
1. ғылыми-зерттеу институттары (Ғылым Академиясы, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Ә. Марғұлан атындағы Археология институты)
2. тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғау мекемелері;
3. Әкімшіліктердегі мәдениет және дін комитеттері
4. Ассамблея, этномәдени орталықтар
5. туризм саласы;
6. жоғары және орта оқу орындар;
7. музейлер;
Білім беру бағдарламасы нақты салаларда актуалды:
1. ғылым, білім саласы
2. мәдениет саласы
3. туризм
4. мәдениет саласындағы сарапшы қызметі
Байланыс
координатор Бейсегулова Айнура, ұялы тел. +7 7473782282, жұмыс тел (ішкі) 12-85, @ почта - aika_n75@mail.ru