7M11302 Халықаралық логистика
Цель: 7М11302–Халықаралық логистика білім беру бағдарламасының мақсаты жаһандану жағдайында макрологистикалық жүйелерде интеграция мен инновациялық тәсілдер негізінде: капитал, тауар, ақпарат, сервис және еңбек ресурстар ағындарына біртұтас экономикалық кеңістігін құру үшін логистика және жабдықтау тізбегін басқаруға арналған жоғары білікті мамандарды даярлау.
Предметы на ЕНТ: Жеткізу тізбектерін басқару и Көлік логистикасы

Білім беру бағдарламасы
7М11302–Халықаралық логистика білім беру бағдарламасының мақсаты жаһандану жағдайында макрологистикалық жүйелерде интеграция мен инновациялық тәсілдер негізінде: капитал, тауар, ақпарат, сервис және еңбек ресурстар ағындарына біртұтас экономикалық кеңістігін құру үшін логистика және жабдықтау тізбегін басқаруға арналған жоғары білікті мамандарды даярлау.ОН1 кәсіби қызметтегі адамдар арасындағы әлеуметтік-мәдени айырмашылықтарды ескере отырып, тіл білімі, педагогика, психология, әлеуметтану, тарих және философия сияқты байланысты ғылымдардың деректерін кәсіби мақсаттарда пайдалану;
ОН2 ұлттық және діни мәдениеттер, ойлау мәдениеті, психотиптер, өзара әрекеттесу векторын белгілейтін жеке ерекшеліктер арқылы қарым-қатынас жасау, бір-бірінен айырмашылығы бар және бір-бірін танитын адамдарды қоса алғанда, мультимәдениетті және көптілділікті көрсете отырып, қазіргі жаһандық әлемде бағдар алу;
ОН3 кәсіби міндеттерді зерттеу үшін ақпараттық, компьютерлік және желілік технологияларды пайдалана отырып, логистика саласындағы ғылыми ойдың қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары туралы ақпаратты бағалау және әртүрлі дерекқорлардан жасалған жеткізілім тізбегін басқару;
ОН4 ғылыми-мерзімді басылымдарда және халықаралық конференциялардың жинақтарында логистикада өлшеудің сапалы және сандық әдістерін және қолданбалы бағдарламалардың стандартты пакеттерін қолдана отырып, зерттеулерді орналастыру;
ОН5 эксперименттік деректер негізінде өтпелі ағынның өту тиімділігін өлшеу үшін материалдық және материалдық емес сипаттағы ағындық процестерді басқару әдіснамасын пайдалана отырып, стратегиялық логистика саласында қолданбалы зерттеулер жүргізу;
ОН6 экономикалық және адам ағындарын басқарудың әдістері мен қағидаттарын пайдалана отырып, трансшекаралық ынтымақтастық үшін логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша ұсынымдар әзірлеу;
ОН7 жаһандану жағдайында жеткізу тізбегін басқарудың бизнес-процестерінің бақылауын жүргізу;
ОН8 жеткізу тізбегіне қатысушылардың қызметін жеке тұлғаны дпмыту әдістері мен ұйымдастырушылық басқару тетіктері негізінде тізбектің бір буынан екінші буынға ауысу кезіндегі қатынастарды толық жарасымы бойынша үйлестіру;
ОН9 активтерді құндық бағалау, айналым капиталын басқару, логистикалық процестерді қаржыландыру бойынша шешімдер қабылдау үшін қаржылық басқарудың негізгі әдістерін қолдану;
ОН10 SSP және Аctivity-based costing әдістеріне негізделген жеткізу тізбегінің логистикалық процестерінің құны мен тиімділігі арасындағы тепе-теңдікті басқару;
ОН11 тәуекелдерді басқару және технологиялар әдістері негізінде жеткізу тізбегінің объектілеріне ақпараттық жүйелерді енгізу бойынша жобаларды бағалау: WMS, RFID, Logistics Field Audit;
ОН12 инвестициялық шешімдерді олардың капиталдандыруға және ұйымның тиімділігіне әсері тұрғысынан бағалай отырып, логистикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша бағдарламалар мен жобалар әзірлеу.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Шетел тілі (кәсіби)-2 ECTS
- Жеткізу тізбегінде логистикалық қызметтерді басқару-5 ECTS
- Логистикалық инфрақұрылымға инвестицияларды басқару-5 ECTS
- Жеткізу тізбегінде тәуекелдерді басқару-5 ECTS
- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)-5 ECTS
- Логистиканың бизнес-процесстері-5 ECTS
- Функцияаралық жанжалдарды басқару және логистикалық координация-6 ECTS
- Логистикалық интеграция теориясы және логистикадағы зерттеу әдістері-6 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
- Логистикалық шығындарды талдау әдістері-5 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Шетел тілі (кәсіби)-3 ECTS
- Аймақтық логистика-6 ECTS
- Аумақтық логистика-6 ECTS
- Логистиканы стратегиялық жоспарлау және қорларды басқару стратегиясы-5 ECTS
- Логистикалық инфрақұрылымды стратегиялық басқару-5 ECTS
- Логистика және жеткізу тізбегін басқарудағы стратегиялық шешімдердің экономикалық негіздемесі-5 ECTS
- Жеткізу тізбектерін басқарудағы ресурс үнемдеуші технологиялар-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-5 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Ғылым тарихы мен философиясы-3 ECTS
- Басқару психологиясы-3 ECTS
- Жоғары мектептің педагогикасы-5 ECTS
- Жеткізу тізбегіндегі бизнес-процестердің контролингі-5 ECTS
- Жеткізу тізбегін басқарудағы цифрлық құралдар-5 ECTS
- Зерттеу-4 ECTS
- Логистикадағы өлшеудің сандық және сапалық әдістері-5 ECTS
- Логистикадағы ойындық имитациялық модельдеу-5 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Педагогикалық-4 ECTS
- Зерттеу-4 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-7 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-3 ECTS
- Ғылыми журналдарда/ ғылыми-практикалық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар-4 ECTS
- Қортынды аттестация-8 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Білім беру бағдарламасының мақсаты – жаһандану жағдайында интеграциялық және инновациялық тәсілдер негізінде капитал, тауарлар, ақпарат, қызмет көрсету және еңбек ресурстары ағындары үшін бірыңғай экономикалық кеңістікті құру үшін макрологистикалық жүйелерде логистика және жеткізу тізбегін басқару бойынша мамандарды дайындау. «Логистика» мамандығының түлектері фирмаларда, корпорацияларда және ұлттық компанияларда логист қызметін атқара алады. Бүгінгі таңда логистика адам қызметінің барлық дерлік түрлерін қамтиды. Логист – өнімді жеткізу, тарату, қоймалау, тасымалдау процестерін оңтайландыруға және осы кезеңдердің барлығында шығындарды азайтуға байланысты мәселелерді шешетін маман. Бұл мамандар көлік, дистрибьюторлық және өндірістік компанияларда жұмыс жасайды. Логистика мамандинынын бугінгі танда нарыкта суранысы жогары.
Байланыс
Ахметкалиева С.К. Ұялы тел.: +77077122522 sandygula025@gmail.com
БББ бойынша құжаттар
23123123