Білім беру бағдарламасы
Мақсаты-IT білімі бар мамандардың қажеттілігін ескере отырып, ЭҚЖ архитектурасын әзірлеу, электронды құжат айналымын басқару, сандық архивті құру дағдыларын, архивтерді электронды ортада жасалған құжаттармен толықтыру, олардың құндылығын сараптау, архивтік есепке алу ерекшеліктерін, цифрлық технологияларды қолдана отырып құжаттарды сақтау жөнінде білімдерді меңгерген құжаттамалық қамтамасыз ету және архив ісі саласында жоғары білікті кадрларды даярлау.
ON1Электронды архивтердің есепке алу және ғылыми-анықтамалық аппараты жүйесін құру, архив ісінде ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, архиваралық, қораралық және қорішілік деңгейде құжаттық ақпаратты іздеуді жүзеге асыру; құжаттардың электронды (виртуалды) көрмелерінің ғылыми тұжырымдамасын әзірлеу, архивтік құжаттардың интернет көрмелерін ұйымдастыру
ON2Электронды құжат айналымы жүйесі шеңберінде құжаттандыруды және құжаттармен жұмыс істеуді ұйымдастыру кезінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану, қазіргі заманғы ЭҚЖ арқылы автоматтандырылатын міндеттер мен процестердің сыныптарын талдау; негізгі функционалдық кіші жүйелерді және олардың кешенді ЭҚЖ шеңберіндегі өзара іс-қимылын сипаттау; электронды құжат айналымы жүйелерінде жұмыс жүргізу
ON3Архивтік менеджмент пен маркетинг және персоналды басқару саласындағы мәселелерді шешу үшін бағдарламалық жасақтаманы қолдану, ұйымдағы ақпараттық ресурстарды жіктеу, архивтік менеджмент және персоналды басқару саласындағы ұйымдастырушылық және басқарушылық міндеттерді шешу үшін кеңсе бағдарламаларымен жұмыс жасау
ON4Әртүрлі деңгейдегі архивтерді электронды құжаттармен толықтыру бойынша жұмысты ұйымдастыру; электронды құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу, сараптамалық қорытынды жасау
ON5Архивтану, оның ішінде шетелдік архивтану, құжаттану, іс жүргізу, архив ісінің теориясы мен тәжірибесі, археография салаларындағы кәсіби қызметке қажетті іргелі білімдерін көрсету
ON6Архив ісінің ақпараттандыру үдерісін түсіндіру, микрофильмдеу және цифрлау үшін өшіп бара жатқан мәтіндері бар құжаттарды анықтау, қағаз жеткізгіштердегі құжаттарды, фотоқұжаттарды, фоноқұжаттар мен бейнеқұжаттарды цифрлау технологияларын және құрылғыларын таңдауда бағдарлану; ұйымдарда құжаттау процестерін цифрландыру бойынша тәжірибелік міндеттерді шешу
ON7Кәсіби қызметте ақпараттық жүйелер (тілдер және бағдарламалау, компьютерлік графика негіздері) және қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар (смарт технологиялар, мобильді қосымшалар) саласындағы базалық білімді пайдалану; деректер базасын құру және Интернет ресурстарын пайдалану; ақпараттарды жасау, өңдеу және қорғау үшін технологияны, бағдарламалық қамтамасыз етуді және форматты таңдау
ON8Ғылыми зерттеулерде технотронды құжаттарды пайдалану; аудиовизуалды және электронды құжаттарға деректанулық талдау жүргізу; электронды жарияланымдарды, деректер базасын және басқа да ғылыми-білім беру ресурстарын құру
ON9Мекеменің электронды архивтер тұжырымдамасын әзірлеу, жобалау және құру; электронды архивтерді тіркеуді жүзеге асыру; тәжірибелік қызметте электронды құжаттарды басқару принциптерін қолдану
ON10Архив ісі мен басқаруды құжаттамалық қамтамасыз етуде автоматтандырылған жүйелерді енгізу және пайдалану, БҚҚ және архив ісінің қолданбалы міндеттерін шешу үшін Интернет ресурстары мен деректер қорын пайдалану
ON11Кәсіби қызметте философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, мемлекеттік мекемелер тарихын, экология, экономикалық және құқықтық білім негіздерін пайдалану; тиісті коммуникациялық технологиялар мен коммуникациялық құралдарды қолдана отырып, коммуникативтік үдерісті сауатты құру; іскерлік ауызша және жазбаша тілді логикалық дұрыс, дәлелді және анық құру, дұрыс, адамгершілік-жауапты шешімдерді өз бетінше қабылдау
ON12Электронды құжаттарды есепке алуды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша барлық жұмыс түрлерін жүзеге асыру, электронды құжаттардың бар болуын, физикалық және техникалық жай-күйін тексеруді жүргізу, архивтік аутсорсингтің жұмыс істеуін ұйымдастыру, сақтандыру қорын және пайдалану қорын құру
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)
2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама
🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
Түлектерді «6В03208-IT Архивтану және құжаттану» білім беру бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастыру мынадай қызмет түрлерінде жұмысты көздейді:
Мемлекеттік басқару
Мемлекеттік мекемелердің, коммерциялық және кәсіпкерлік ұйымдардың қызметі
Ақпараттық орталықтардың қызметі-Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімдерінде, персоналды басқару бөлімдерінде, ұйымдардың ведомстволық архивтерінде жұмыс жасай алады:
IT-құжаттанушы;
IT-архивші;
Ақпаратты қорғау жөніндегі маман
Қауіпсіздік жөніндегі маман
Цифрлы технологиялар бойынша криминалист маман
Ақпараттық ресурстарды құру және басқару жөніндегі маман (контент-менеджер)
Адам ресурстарын басқару бойынша кеңесші-HR-консалтинг
Кадрлық іс жүргізу жөніндегі маман
HR цифрландыру жөніндегі менеджер
Архивтер қызметі-мемлекеттік, ведомстволық және жеке архивтерде, мамандандырылған архивтерде жұмыс жасай алады (Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің мамандандырылған архиві, Полиция департаментінің мамандандырылған мемлекеттік архиві, ҚР Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві, ҚР Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві):
IT-архивші;
II және III санаттағы архивші
Археограф,
Сарапшы,
Аға сарапшы
Архив құжаттарын қалпына келтіруші
Құжаттарды сақтау меңгерушісі
Байланыс
Жұмыс телефоны: +7(727)3773330 ішкі.12-91
Координатор: Алпысбаева Нұрзипа Көмешбайқызы
ұялы телефон: +77078088418
Электронды пошта: nursipa.alpysbaeva@kaznu.edu.kz
БББ бойынша құжаттар
23123123