Білім беру бағдарламасы
ББ мақсаты. Бағдарлама шығармашылық шеберлікті қолдана отырып, креативті өнім жасауға қабілетті кино және медиа саласындағы сұранысқа ие кадрларды даярлауға бағытталған.
ON1) Танымдық іс-әрекет дағдыларын, оның ішінде ғылыми зерттеу әдістерін, кәсіби терминологияны (халықаралық терминологияны қоса алғанда), қаржылық сауаттылық негіздерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздерін, кәсіпкерлік негіздерін меңгеру және ғылым мен философия тарихын білу;
ON2) Көркемдік экспрессияның әртүрлі құралдарын қолдана отырып, практикалық режиссерлік және кинодраматургия дағдыларына ие болу;
ON3) Визуалды композициялар, жарықтандыру өнері және камера мен линзаларды қолдана қолдана отырып, операторлық шеберліктің негізгі дағдыларына ие болу
ON4) Дыбыс-режиссурасы және дыбыстық дизайн негіздерін білу;
ON5) Кинематография құралдарын пайдалана отырып, кинофильмдер, телевизиялық фильмдер, телесериалдар және басқа да аудиовизуалды контент жасау;
ON6) Көрермендердің сұраныстарына сүйене отырып, продюсерліктің өзекті түрлерін ажырата білу; жобаның шығармашылық және коммерциялық әлеуетін бағалау; медиа нарыққа назар аудару;
ON7) Кинофильмдер мен басқа да медиа туындылары өндірісінің негізгі үш кезеңін, атап айтқанда, пре-продакшн (өндіріс алдындағы), продакшн (өндіріс) және пост-продакшн (өндірістен кейінгі монтаждау және әрлеу) кезеңдерін ұйымдастыруда дағдыларға ие болу;
ON8) Түспен, декорациямен, реквизиттермен және түсірілім тобымен жұмыс жасауды меңгеріп, қоюшы-суретші мамандағының шеберлік негіздерін білу;
ON9) Фильмдердің, кейіпкерлердің сюжетін талдап, олардың негізінде шығармашылық немесе аналитикалық материал жасау;
ON10) Киномонтаж түрлерін және түстерді түзету негіздерін білу;
ON11) Әлемнің әртүрлі аймақтарында кино өнерінің даму ерекшеліктерін талдай отырып, кино тарихы мен теориясын білу;
ON12) Режиссердің бірегей көзқарасын дамытуға бағытталып, актерлермен және түсірілім ұжымымен жұмыс істеудің жаңа әдістерін және терең сюжеттерді, пысықталған кейіпкерлерді жазу дағдыларын, субтекстпен диалогтарды және орталық ойы бар сюжетті дамыту мақсатымен, режиссерлік шеберлік және сценарий жазу әдістерін талдау және жетілдіру.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)
2) Жеке куәлігі
3) ҰБТ сертификаты
4)Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары
5)Фото 3×4: 6 дана
6) 063/у нысандағы медициналық анықтама
7) 0/75у нысандағы медициналық анықтама
🎯Егер, 0 75/у фомадағы медициналық анықтамада психо-нарко учетта тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov сайтынан жүктей аласыздар!
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
Түлектер теледидар арналарында, театрларда, кино, видео және теледидар студияларында, радиостанцияларда, интернет-баспаларда, жарнама компанияларында, мәдениет ұйымдарында, кинобейнелерді жалға берумен байланысты фирмаларда, продюсерлік орталықтарда, мультимедиа немесе интернет бағдарламаларын жасаумен айналысатын ұйымдарда, сондай - ақ кафедраларда, студияларда және мамандандырылған университеттердің шығармашылық орталықтарында жұмыс істей алады.
Байланыс
Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, PhD Алтын Бақашқызы Ақынбекова,
тел: 8 777 275 08 61
Эл-пошта: altyn.akynbekova@kaznu.edu.kz
БББ бойынша құжаттар
23123123