Білім беру бағдарламасы
Бағдарлама әдебиеттану, фольклористика және текстология саласында оқытушылар және жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлауға бағытталған.
ОН1: Әдебиеттану және фольклортану саласындағы қазіргі іргелі, теориялық, практикалық білімді, шетелдік және әлемдік тұжырымдамаларды түсіндіру.
ОН2: Әдебиет, текстология және фольклортану саласында іргелі зерттеулер жүргізу нәтижесінде әдебиеттанулық талдаулардың жаңа әдістемелері мен әдістерін жасау.
ОН3: Жүйелі, герменевтикалық, когнитивті, шығармашылық, пәнаралық, инновациялық тәсілдер арқылы қолданбалы зерттеулер жүргізу нәтижесінде әдебиет тарихы, компаративистика, текстология, әдебиет теориясы және фольклор поэтикасы бойынша ғылыми қорытындылар жасау.
ОН4: Жалпы ғылыми және филологиялық зерттеу құралдарын қолдана отырып, ғылыми жобалар мен бағдарламаларға, көркем шығармаларға сараптамалық қорытындылар жасау.
ОН5: Ғылымды басқару және оны коммерцияландыру саласында инновациялық, стратегиялық, жобалық менеджментті пайдалана отырып, ғылыми мекемелер қызметінің стратегияларын, start-up-тарды, бағдарламаларын және жоспарларын әзірлеу.
ОН6: ЖОО-да цифрлық технологияларды пайдалана отырып әдебиетті және фольклорды оқытудың жаңа әдістемелік және педагогикалық тәсілдерін әзірлеу.
ОН7: Білім, ғылым және инновациялардың интеграциясын ескере отырып, оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу.
ОН8: Ескі қолжазба материалдарын сақтауға арналған дыбыс жазу, тазалау және сканерлік аппараттар арқылы инновациялық технологияларды пайдалана отырып мәдени мұраны ғылыми-практикалық тұрғыдан жүйелеу, цифрлық өңдеу және сақтау дағдыларын меңгеру.
Докторантураның білім беру бағдарламалары
Докторантураға түсушілер келесі құжаттар пакетін ұсынады:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына өтініш (еркін нысанда);
2) білімі туралы құжат (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) ҰТО (http://www.testcenter.kz/ru/kaztest/) берген мемлекеттік тіл емтиханын тапсырғаны туралы
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
Бағдарлама түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер:
ҒЗИ, ҒО, ЖОО, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология факультеті, Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы, ҚР БҒМ М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қолжазбалар және сирек кітаптар қоры, Қолжазбалар және сирек кітаптардың ұлттық орталығы, ғылыми-зерттеу бөлімі, "ОММ қорларындағы сирек қолжазбалар және басылымдар", оқу-әдістемелік, "Ахмет Байтұрсынұлы "Тіл-құрал" ғылыми-зерттеу орталығы, "Жазушы", "Жалын", "АТАМҰРА" баспалары, М.О. Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театры, ҚР БҒМ мемлекеттік мұрағаттар мен кітапханалар, "Елтаным", "Қазақпарат", "Фолиант", "Мектеп", "Жеті Жарғы" баспалары, Қазақстанның аударма агенттіктері, "Казахстанская правда", "Егемен Қазақстан", "Айқын", "Жас Алаш"," Литер" мерзімді басылымдары, Қазақстанның елшіліктері мен консулдықтары.
Байланыс
050010, Алматы қ., Құрманғазы көш., 29, 2 этаж, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.
Байланыс телефоны: +7 (727) 2727411
e-mail: info@litart.kz
БББ бойынша құжаттар
23123123