Білім беру бағдарламасы
Мамандандырылған ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, ғылыми-өндірістік ұйымдар мен бірлестіктер, республикалық және аймақтық түркітану орталықтары, мемлекеттік органдар мен мүдделі министрліктер үшін түркітану саласындағы ғылыми-білімдік бағыттағы кәсіби кадрларды сапалы даярлау.
1 ОН – Жалпыадамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде ғылыми ойлаудың тарихы мен философиясын терең ұғынуға негізделген пәнаралық, көпмәдениетті дүниетаным ұғымына ие болу;
2 ОН – Түркі тілдерін ағылшын тілімен салыстырмалы-салғастырмалы бағытта тіл ресурстарының стилистикасы және функционалды стиль түрлері, сөйлем жүйесінің күрделі мәселелері, ағылшын әдеби тілінің орфоэпиялық, орфографиялық нормалары туралы білімін оқыту және аударма тәжірибесінде қолдану;
3 ОН – Психология, педагогика және кәсіби шетел тілінің теориялық-әдіснамалық қағидаттарын білім беру және кәсіби мақсатта қолдану.
4 ОН – Инновациялық идеяларды, тәуелсіз болжамдарды, кәсіби жетілдірудің траекториясын қалыптастыру;
5 ОН – Түркітану мәселелері бойынша халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда шетел тілінде пікір айту дағдыларын дамыту; шетелдік ғылыми қауымдастықты түркітану мәселелерімен, зерттеу нәтижелерімен кәсіби ағылшын тілінде таныстыра алу; дәйексөз индексі жоғары мақалалар жариялау.
6 ОН – Білім алушылардың білім беру мәселелерін шешуде түркологиялық және пәнаралық білімді синтездеу мен трансформациялау әдістерін пайдалану;
7 ОН – Түркітану саласындағы түрлі зерттеулерді жүйелі түрде бағалау, Қыпшақ, Оғыз және Қарлұқ тілдік топтарының қолжазба материалдарын талдау;
8 ОН – Ежелгі және орта ғасырлардағы ескерткіштерді зерделеудің заманауи әдістері негізінде ЮНЕСКО тізіміне кірген және кіруге үміткер түркі халықтарының материалдық және материалдық емес мәдениетін зерттеп ғылыми жобаларды жүзеге асыру;
9 ОН – Заманауи түрік зерттеулерінің теорияларын қолдану, зерттеу нәтижелеріне өз позицияларын дәлелдеу, айқындау, ежелгі және ортағасырлық қолжазба материалдарын қолданумен ғылыми проблемаларды ұсыну, талдау және шешу;
10 ОН - Магистрлік зерттеулердің өзектілігінің траекториясын құру, мақсаттар мен міндеттердің анықталуын қамтамасыз ету, зерттеу әдіснамасын негіздеу; алынған ғылыми нәтижелерді бағалау және түсіндіру;
11 ОН – Түркітану саласындағы түркі дипломатиясы құжаттарының зерттелуіне қатысты заманауи ғылыми талдау тәсілдерін меңгеру; дипломатиялық құжаттамаларды рәсімдеу мәселесін түсіну, дипломатиялық ноталар құрастыру, дипломатиялық хаттарды жазу және дипломатиялық метатілді қолдану дағдыларын дамыту;
12 ОН – Жоғарғы оқу орындарында түркітану бойынша белгілі бір типтегі оқу түрлерінде (практикалық және семинарлық сабақтар) білім беру қызметін жоспарлау, ұйымдастыру; түркітану пәндерін оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістері мен технологияларын меңгеру;
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Магистратураға немесе резидентураға түсетін тұлғалар:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына өтініш берген кезде:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) тағылымдамадан өткені туралы анықтама (резидентураға қабылдау үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
5) көлемі 3х4 сантиметр алты фотосурет;
6) ҚР ДСМ-№175/2020 бұйрығымен
Оқу жоспары
Жұмысқа орналастыру
БББ оқу қызметі ғылыми-зерттеу қызметі саласында жүзеге асырылады:
-ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді оқу;
-түркітануды оқытудағы инновациялық педагогикалық тәжірибені зерделеу және жалпылау;
-олардың нәтижелерін оқу процесіне енгізе отырып, ғылыми эксперименттер жүргізу;
- әртүрлі ғылыми және ғылыми-өндірістік мекемелерде арнайы пәндер бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу;
-зерттеу әрекетінің алгоритмін білу;
- гуманитарлық ғылымдардың жетістіктерін шығармашылықпен пайдалана білу және зерттеу нәтижелерін жалпылау
ғылыми – зерттеу институттары мен зерттеу ұйымдары
"Алаш тарихы зерттеу орталығы",
"Қазақстан әлеуметтанушылары мен саясаттанушыларының қауымдастығы",
"ҚР БҒМ ҒК Ғылым Ордасы",
" М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты",
"ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеу институты",
"Халықаралық заманауи саясат институты",
А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты
Р. Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты
Байланыс
Mекенжайы: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 71, ГУК-1 корпусы, каб. 313-319
Телефон: +7(727) 377-33-39 (ішкі 1270)