6B02212 Тарих және шетел тілін меңгеру
Цель: Дүниежүзі тарихы саласында жүйелі зерттеу құзыреттілігі мен тіл саласында практикалық дағдылары бар, шет тілін меңгерген, білікті тарихшыларды ғылыми-зерттеу, ұйымдастыру-басқару, эксперттік-сараптамалық, мәдени-ағартушылық қызмет үшін даярлау.
Предметы на ЕНТ: Дүниежүзі тарихы и География
Білім беру бағдарламасы
Дүниежүзі тарихы саласында жүйелі зерттеу құзыреттілігі мен тіл саласында практикалық дағдылары бар, шет тілін меңгерген, білікті тарихшыларды ғылыми-зерттеу, ұйымдастыру-басқару, эксперттік-сараптамалық, мәдени-ағартушылық қызмет үшін даярлау.
ON1. материалдық және рухани мәдениет объектілерін және адамзат қоғамының жетістіктерін танымал етуді қазақ философиясының дүниетанымдары негізінде жүзеге асыру, гуманитарлық білімнің объективті мазмұнын жүйелеу мен анықтау үшін, ғылыми ақпараттарды іздеу және талдау
ON2. тарихи таным теорияларының мәнін және тарихи процесті бағалау және тарих ғылымының әдістерінің мәнін түсіну үшін дүниежүзілік тарих пәнінің концептуалды және терминологиялық аппаратын түсіндіру
ON3. Еуропа, Америка, Азия елдерінің ежелгі, ортағасырлық, жаңа, қазіргі тарихи процестерін, тарих әдістемесі мен библиография, электронды сөздіктер және басқа да ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен мәліметтер қорын пайдалана отырып түсіндіру, тарихи оқиғалардың аймақтық және жергілікті себеп-салдарлық байланыстарын орнату
ON4. өткен тарихтың құбылыстары мен оқиғаларын жаһандық тарихи дамудың жалпы парадигмасымен, аймақтардың тілдік ерекшеліктерімен жақындастыру, қоғамдық құбылыстар мен процестерді жалпы ғылыми және арнайы әдістер негізінде жіктеу
ON5. дүниежүзілік тарих пен Қазақстан тарихының фактілерін, әлеуметтік-мәдени процестер мен құбылыстарын, олардың табиғаты мен өзара әрекеттесу ерекшеліктерін пәндік және пәнаралық деңгейде және шет тіліндегі ғылыми әдебиеттерді талдау негізінде түсіндіру
ON6. шет тілін білу арқылы, дүниежүзі тарихы мен деректану ғылымының қағидалары мен әдістеріне сүйене отырып, дүниежүзілік тарихи процестерді, фактілерді сыни тұрғыдан бағалау және талдау
ON7. шет мемлекеттер аймақтарының ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі дереккөздерден алынған шет тіліндегі ақпаратты талдау және синтездеу қабілетін қолдану
ON8. Батыс және Шығыс елдерінің ежелгі, ортағасырлық, жаңа, қазіргі тарихы бойынша халықаралық қатынастардың көп салалы дамуы аясында, қазіргі кезеңдегі батыс және шығыс тілдерінде пәнаралық жүйелік талдау дағдыларын көрсету
ON9. тарихи процестердің бірлігі мен көптүрлілігін түсіндіретін ғылыми мәтінді, тарихи құжаттарды, ғылыми ұғымдарды сыни тұрғыдан талдап, түсіндіру
ON10. қазіргі заманғы танымдық әдістемені және ағылшын тілі мен бір батыс немесе бір шығыс тілінің тілдік дағдыларын пайдалана отырып, гуманитарлық салада жүйелі аналитикалық және сараптамалық, анықтамалық-шолу, бағдарламалық және ақпараттық материалдар қалыптастыру
ON11. шындықты, адекватты бағалау үшін нақты идеялық, моральдық және азаматтық, экологиялық позицияны көрсету, сонымен қатар, шет тілдік ортада шындықты барабар бағалау үшін нақты идеялық, моральдық және азаматтық ұстанымды көрсету
ON12. мультимәдениетті ұжымда жұмыс істеу, кәсіпкерлік, құқықтық дағдыларды қолдана отырып, әлеуметтік өзара әрекеттесу және ынтымақтастық қабілетін көрсету
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Әл-Фараби және қазіргі заман-5 ECTS
- Абай ілімі-5 ECTS
- Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері-5 ECTS
- Адам тіршілігі қауіпсіздігінің негіздері-5 ECTS
- Экология және тұрақты даму-5 ECTS
- Инклюзияға кіріспе-5 ECTS
- Кәсіпкерлік-5 ECTS
- Ғылыми зерттеудің әдістері-5 ECTS
- Қаржы сауаттылығының негіздері-5 ECTS
- Археология және этнология негіздері-6 ECTS
- Тарихи қосалқы пәндер-5 ECTS
- Шетел тілі-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі-5 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Қазақ (орыс) тілі-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Шетел тілі-5 ECTS
- Қазақстан тарихы-5 ECTS
- Антика тарихы-5 ECTS
- Кәсіби (оқу: далалық археологиялық) практика-2 ECTS
- Әлеуметтану-2 ECTS
- Психология-2 ECTS
- Мәдениеттану-2 ECTS
- Саясаттану-2 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Ежелгі Шығыс өркениеті-5 ECTS
- Медиевистика-5 ECTS
- Базалық ағылшын тілі А1-5 ECTS
- Философия-5 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Деректану және тарихнама-5 ECTS
- Латын тілі-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Жалғастырушыларға арналған латын тілі-6 ECTS
- Ортағасырлық Шығыс өркениеті-6 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар-5 ECTS
- Базалық ағылшын тілі А2-5 ECTS
- Өндірістік-4 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Жаңа және қазіргі заман империялары: салыстырмалы зерттеу тәжірибесі (ағыл.т.)-5 ECTS
- Елтану (орта ғасырлардағы Батыс елдері)-5 ECTS
- Екінші шет тілі (неміс/француз) A1-5 ECTS
- Латын тілі мен мәтіндері-5 ECTS
- Кәсіби ағылшын тілі B1-5 ECTS
- Шығыс елдерінің жаңа заман тарихы-5 ECTS
- Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы-5 ECTS
- Елтану (Ортағасырлардағы Шығыс елдері)-5 ECTS
- Екінші шет тілі (араб/парсы/қытай/түрік) A1-5 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Екінші шет тілі (араб/парсы/қытай/түрік) A2-5 ECTS
- Шығыс елдерінің қазіргі заман тарихы-6 ECTS
- Елтану (Шығыс елдерінің жаңа және қазіргі заман кезеңі)-5 ECTS
- Кәсіби ағылшын тілі B2-5 ECTS
- Римдік шешендік өнер-5 ECTS
- Отарсыздандыру және отарлау: жаңа зерттеулер мен тәсілдер (in English)-5 ECTS
- Екінші шет тілі (неміс/француз) A2-5 ECTS
- Елтану (Батыс елдерінің жаңа және қазіргі заман кезеңі)-5 ECTS
- Өндірістік-4 ECTS
СЕМЕСТР 7
- Кәсіби бағдарлы екінші шет тілі (араб/парсы/қытай/түрік) B1-5 ECTS
- Қазіргі замандағы шетел тарихнамысының негізгі бағыттары (ағыл.т.)-5 ECTS
- Тоталитарлық мемлекеттер тарихы-5 ECTS
- Тарихи таным теориясы-5 ECTS
- Кәсіби бағдарлы екінші шет тілі (неміс/француз) B1-5 ECTS
- Әлем тарихындағы Ислам өркениеті-5 ECTS
- Түрік әлемі және Еуропа-5 ECTS
- Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы-5 ECTS
- Кеңес мемлекетінің тарихы-5 ECTS
- Мұрағаттану және құжаттану негіздері-6 ECTS
СЕМЕСТР 8
- Қорытынды аттестаттау-8 ECTS
- Өндірістік-8 ECTS
- Дипломалды-8 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Байланыс
БББ бойынша құжаттар