7M05117 Экологиялық биоинженерия
Цель: кәсіби білімі мен дағдылары бар, инженерлік жобалауда және ғылыми-өндірістік қызметте алған білімдерін экологиялық биоинженерия саласында іске асыруға қабілетті, қоршаған орта қалдықтарын қайта өңдеу, ауыл шаруашылық өндірістерінің қауіпсіздігі мен биопрепараттар және биотыңайтқыштарды әзірлеу мәселелерін шешуде жоғары білікті магистрлерді даярлау.
Предметы на ЕНТ:

Білім беру бағдарламасы
кәсіби білімі мен дағдылары бар, инженерлік жобалауда және ғылыми-өндірістік қызметте алған білімдерін экологиялық биоинженерия саласында іске асыруға қабілетті, қоршаған орта қалдықтарын қайта өңдеу, ауыл шаруашылық өндірістерінің қауіпсіздігі мен биопрепараттар және биотыңайтқыштарды әзірлеу мәселелерін шешуде жоғары білікті магистрлерді даярлау.
ON1 - Экобиотехнология ғылымы мен жаратылыстану ғылымының әдіснамасының даму заңдылықтары мен қазіргі заманғы ғылыми жаңалықтар, кешенді зерттеулер туралы білімдерін ғылыми тарих пен философия негізінде қалыптастыру.
ON2 – Ғылыми зерттеулер мен практикалық қызметтер жүргізуде, сонымен қатар, қазіргі заманғы педагогика және психология біліктіліктерін арттыру үшін, жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметтерде білімдерін көрсету және жүзеге асыру үшін шет тілін қолдана білу. Сондай-ақ ғылыми жоғары білімділік пен еңбек нарығының интеграциясын қамтамасыз ете отырып, кәсіби педагогикалық мәдениет негіздерін және таңдаған мамандығының құндылықтарын меңгеру.
ON3 – Биология, генетика, биотехнология саласындағы іргелі проблемаларды шешу үшін жаңа әдістемелер мен технологияларды практикалау және ғылыми зерттеулер кезеңдерін жоспарлап, ұйымдастырады.
ON4- Сынамаларды дұрыс іріктеу, сақтау, консервациялау, тасымалдау ережелерін меңгеру нәтижесінде қоршаған орта объектілерінің жай-күйіне сапалы талдау жүргізу.
ON5 - Стресс жағдайында тірі организмдерде пайда болатын биохимиялық процестер саласында білім мен әдістемелерді әзірлеу.
ON6 – Биологиялық препараттарды алу үшін экобиотехнологиялық жүйелерге талдау жасау және оларды ластанған табиғи, техногендік орталар мен сарқынды суларды тазартуда, қалдықтарды қайта өңдеуде қолдану.
ON7- Жасыл энергетика және азық-түлік биоқауіпсіздігі саласындағы биотехнологиялық объектілер бойынша ғылыми-зерттеулік әдістемелерді жетілдіру.
ON8- Тірі жүйелер мен олардың компоненттерін экобиотехнологияда құрастыру үшін сұрыптау, түрлендіру, биосинтез және биотрансформация әдістерін қолдану.
ON9- Экобиотехнологиялық жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру үшін қорлар мен энергия үнемдейтін биотехнологияларды, нормативтер мен стандарттарды, биотехнологиялық өнімдерді өндіру, стандарттау, сапасын бақылау және олардың қауіпсіздігін сақтау жөніндегі талаптарды пайдалану.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Ғылым тарихы мен философиясы-3 ECTS
- Жоғары мектептің педагогикасы-5 ECTS
- Экологиялық даму биологиясы-5 ECTS
- Молекулалық және клеткалық биоинженерия-5 ECTS
- Биоинженерия және микроорганизмдерді сұрыптау негіздері-5 ECTS
- Микробтық экология-5 ECTS
- Экологиялық биоинженериядағы заманауи әдістер-5 ECTS
- Ауыл шаруашылығы және тұрмыстық қалдықтарды басқару-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Микроорганизмдердің генетикасы және өзгергіштігі-5 ECTS
- Фототрофты микроорганизмдер негізіндегі биотыңайтқыштар мен биостимуляторлар-5 ECTS
- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау-5 ECTS
- Педагогикалық-4 ECTS
- Шетел тілі (кәсіби)-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-2 ECTS
- Басқару психологиясы-3 ECTS
- Ағынды суларды тазартудың биологиялық әдістері-5 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
- Энергетика және қоршаған орта шығарындыларын бақылау-5 ECTS
- Жасыл энергетика-5 ECTS
- Зерттеу-4 ECTS
- Қалдықтарды биоотынға биологиялық өңдеу-5 ECTS
- Өндірістік ортаның мониторингі-5 ECTS
- Cу мен топырақ экожүйелерінің биоремедиациясы-5 ECTS
- Биомониторинг және экотоксиканттарды биологиялық бақылау әдістері-5 ECTS
- Стресс жағдайындағы биохимиялық процестер-5 ECTS
- Биотехнология және биоинженерия: экологиялық аспектілер және азық-түлік қауіпсіздігі-5 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Зерттеу-4 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-3 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-10 ECTS
- Ғылыми журналдарда/ ғылыми-практикалық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар-4 ECTS
- Қортынды аттестация-8 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Байланыс
БББ бойынша құжаттар
23123123