6B10114 Медицина
Цель: Денсаулық сақтау саласында, ғылыми тәсілдер негізінде тиімді қызмет күрсету үшін озық медициналық білімі мен дағдылары бар, жеке медициналық көмекті қамтамасыз етуге қабілетті, әрі қарай кәсіби оқып дамуға және клиникалық проблемаларды шешуге қабілетті үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламасы бойынша білікті дәрігерлерді даярлау.
Предметы на ЕНТ:
Білім беру бағдарламасы
Денсаулық сақтау саласында, ғылыми тәсілдер негізінде тиімді қызмет күрсету үшін озық медициналық білімі мен дағдылары бар, жеке медициналық көмекті қамтамасыз етуге қабілетті, әрі қарай кәсіби оқып дамуға және клиникалық проблемаларды шешуге қабілетті үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламасы бойынша білікті дәрігерлерді даярлау.
1. Адам денесінің типтік құрылымы мен қызметтері туралы толық білімді молекулалардан, жасушалардан бастап, ағзалар мен жүйелерге, тұтастай алғанда дене деңгейінде қолдану;
2. Негізгі патологиялық процестер мен олар келтіретін биологиялық зақым туралы білімдерді қолдану негізінде адам денсаулығына әсер ететін мәселелерді анықтау және шешу.
3. Клиникалық симптомдар мен синдромдарды анықтау және интерпретациялау, пациенттерден және басқа да клиникалық маңызы бар көздерден ақпаратты жинау, ауруды емдеу үшін, оның ішінде тиісті шараларды бастау үшін жас ерекшелігі бойынша аурулары бар науқастарды зерттеудің зертханалық және аспаптық әдістерінен мәліметтер жинау;
4. Нақты науқасты емдеуде және оның қажеттіліктеріне сәйкес оның денсаулығын нығайтуда жеке көзқарасты қамтамасыз ету үшін клиникалық білім мен дағдыларды біріктіру; диагностиканың ұтымдылығын талдау және дәлелді және дербестендірілген медицина принциптерін қолдану негізінде кәсіби шешімдер қабылдау.
5. Адам мінез-құлқы, мәдени ерекшеліктері мен нәсілдік ерекшеліктерін ескере отырып, науқастың психологиясы туралы білімге негізделген этика мен деонтология принциптерін сақтай отырып, медициналық емдеуге дейін, оның барысында және одан кейін болатын дәрігер мен пациент арасындағы динамикалық қатынастарды тиімді құру.
6. Емдеу-диагностикалық процесті ұйымдастыру және басқару кезінде басқа денсаулық сақтау мамандарымен кәсіби/көпсалалы топта тиімді жұмыс істеу; науқастарға қауіпсіз және тиімді көмек көрсету үшін медициналық ақпаратты ауызша және жазбаша түрде жинау және беру.
7. Науқастардың барлық жас топтарындағы аурулар кезінде оның сапасына, қауіпсіздігіне назар аудара отырып, дәлелді медицина және адамгершілік қағидаттарына негізделген, құқықтық нормаларды қолдана отырып, тиімді және уақтылы медициналық көмек көрсету.
8. Төтенше және өмірге қауіп төндіретін жағдайларда, оның ішінде төтенше жағдайлар, табиғи және техногендік апаттар, індеттер кезіндегі медициналық көмекті адамгершілік, қауіпсіздік және тиімділік қағидаларында уақтылы және тиімді көрсету.
9. Кәсіби қызметте науқастың, оның ішінде науқас ретіндегі баланының құқықтары, міндеттері және құқықтарын қорғау жолдары туралы білімін қолдану; дәрiгер жұмысында құқықтық нормаларды, медицина қызметкерлерiнiң әдiстерi мен қорғау құралдарын бiлiмдi қолдану.
10. Кәсіби мәселелерді шешу және ғылыми зерттеулер жүргізу үшін заманауи ақпараттық-цифрлық технологиялар мен денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, денсаулық сақтау ұйымдарында қажетті құжаттаманы талдау және жүргізу.
11. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың принциптері мен әдістері туралы білімін адам және отбасы, халық денсаулығы үшін қолдану; алдын алу мақсатында денсаулық пен ауруды анықтайтын факторлар кешені туралы білімді қолдану.
12. Кәсіби жауапкершілік пен адалдықтың ең жоғары стандарттарын ұстану; этникалық тегіне, мәдениетіне, жынысына, экономикалық жағдайына немесе жыныстық бағдарына қарамастан науқастармен, отбасылармен, әріптестермен және жалпы қоғаммен барлық кәсіби қарым-қатынаста этикалық принциптерді сақтау
13. Денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге үлес қосу, ғылым мен тәжірибенің жетістіктеріне негізделген заманауи басқару технологияларын пайдалана отырып, кәсіби міндеттерді тұжырымдау және шешу, кәсіби даму мен өмір бойы білім алуға көңіл бөлу
14. Адам денсаулығын сақтау және өмір сүру сапасын жақсарту саласындағы білімді насихаттауға бағытталған ғылыми зерттеулерге қатысу; жаңа білімге ұмтылу, жаңа ілімді табу; кәсіби өмір бойы тиімді оқу және білімді басқаларға беруге қабілетті болуы
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Қазақстан тарихы-5 ECTS
- Қазақ (орыс) тілі-4 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Мамандыққа кіріспе-5 ECTS
- Медициналық сұхбат және медициналық этика негіздері-5 ECTS
- Инклюзияға кіріспе-5 ECTS
- Қазақ тілі (шет тілі ретінде)-5 ECTS
- Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері-5 ECTS
- Қаржы сауаттылығының негіздері-5 ECTS
- Медицинадағы интеллектуалды жүйелер-5 ECTS
- Молекуладан жасушаға дейін-7 ECTS
- Медициналық терминологиямен адам анатомиясының негіздері-3 ECTS
- Шетел тілі-4 ECTS
- Кәсіпкерлік-5 ECTS
- Адам тіршілігі қауіпсіздігінің негіздері-5 ECTS
- Экология және тұрақты даму-5 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Қазақ (орыс) тілі-4 ECTS
- Шетел тілі-4 ECTS
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Медицинаның молекулалық, жасушалық және генетикалық негіздері-7 ECTS
- Медициналық микробиология және паразитология-5 ECTS
- Адам морфологиясы мен физиологиясының негіздері-8 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Дене шынықтыру-2 ECTS
- Адамның қалыпты морфологиясы мен физиологиясы-13 ECTS
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағыл.)-3 ECTS
- Қорғаныс және денсаулық сақтау тетіктері-12 ECTS
- Әлеуметтік-саясаттану білім модулі (Әлеуметтану/ Саясаттану/ Мәдениеттану/ Психология)-6 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Жалпы патология-11 ECTS
- Қорғау мен ауру механизмдері-7 ECTS
- Науқас және дәрігер-8 ECTS
- Патологияның молекулалық негіздері-10 ECTS
СЕМЕСТР 5
- Тыныс алу жүйесінің патологиясы-6 ECTS
- Зәр шығару жүйесінің патологиясы және гомеостаз-5 ECTS
- Эндокриндік жүйенің патологиясы және метаболизм-5 ECTS
- Философия-5 ECTS
- Жүрек-тамыр жүйесі патологиясы-6 ECTS
- Қан түзу жүйесінің патологиясы және трансфузиология-4 ECTS
- Асқорыту жүйесі патологиясы-5 ECTS
СЕМЕСТР 6
- Репродуктивті жүйе, жүктілік және босану-5 ECTS
- Сәби, бала және жасөспірім-5 ECTS
- Тірек-қимыл аппаратының және терінің патологиясы-5 ECTS
- Клиникалық дағдылар мен рәсімдер-5 ECTS
- Науқас және қоғам-8 ECTS
- Жүйке жүйесінің патологиясы-6 ECTS
- Аралық аттестация-2 ECTS
СЕМЕСТР 7
- Кәсіби (өндірістік) практикасы Дәрігер-специалистің көмекшісі-3 ECTS
- Кешенді клиникалық диагностика курсы-9 ECTS
- Ішкі аурулар-9 ECTS
- Педиатрия және неонатология-9 ECTS
- Инфекцияның негіздері-9 ECTS
СЕМЕСТР 8
- Акушерия-9 ECTS
- Неврология негіздері-5 ECTS
- Кәсіби (өндірістік) практикасы Дәрігер-специалистің көмекшісі-3 ECTS
- Хирургия-9 ECTS
- Токсикология негіздерімен анестезиология және реанимация-4 ECTS
- Клиникалық зертханалық диагностика-5 ECTS
- Ғылыми клиникалық зерттеулердің негіздері-4 ECTS
СЕМЕСТР 9
- Сот медицинасы-4 ECTS
- Жұқпалы аурулар-4 ECTS
- Фтизитария-4 ECTS
- Дерматовенерология-4 ECTS
- Тропикалық аурулар-4 ECTS
- Неврология-6 ECTS
- Кәсіби (өндірістік) практикасы Дәрігер-специалистің көмекшісі-3 ECTS
- Медициналық құқық-2 ECTS
- Психиатрия және наркология-8 ECTS
СЕМЕСТР 10
- Гинекология-4 ECTS
- Клиникалық анатомияcы және оперативты хирургия-4 ECTS
- Онкология-4 ECTS
- Оториноларингология-4 ECTS
- Офтальмология-4 ECTS
- Урология-4 ECTS
- Кәсіби (өндірістік) практикасы Дәрігер-специалистің көмекшісі-3 ECTS
- Травматология-4 ECTS
- Денсаулық сақтаудағы IT management-4 ECTS
- Жалпы тәжірибе дәрігеріне арналған қоғамдық денсаулық сақтау-4 ECTS
- Жаһандық денсаулық сақтау және медициналық құқық-4 ECTS
СЕМЕСТР 11
- Шетел тілі (кәсіби)-3 ECTS
- Менеджмент және бақылау психологиясы-3 ECTS
- Жедел медициналық көмек және қарқынды терапия-6 ECTS
- Кәсіби (өндірістік) практикасы Дәрігер-специалистің көмекшісі-3 ECTS
- Бастапқы медициналық күтім бағдарламасы-10 ECTS
- Пациенттерді пәнаралық басқару-8 ECTS
СЕМЕСТР 12
- Магистрлік жоба рәсімдеу және қорғау-8 ECTS
- Кәсіби (өндірістік) практикасы Дәрігер-специалистің көмекшісі-3 ECTS
- Кешенді емтихан тапсыру-4 ECTS
- Клиникалық фармакология-5 ECTS
- Қарт науқас-жүйелі интеграцияланған тәсіл-5 ECTS
- Жүктілікке байланысты патология-5 ECTS
- Тағылымдамадан өту мен магистрлік жобаны орындауды қамтитын магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы-13 ECTS
- Жасөспірімдер медицинасы-5 ECTS
Жұмысқа орналастыру
Байланыс
БББ бойынша құжаттар