Білім беру бағдарламасы
Білім беру бағдарламасының мақсаты – шығыс тілінің мәдени контекстерін терең түсінетін, тілдік құрылымдарды жақсы меңгерген және тілдік құбылыстарды зерттеп, талдай алатын жоғары білікті мамандарды дайындау. Бағдарлама магистранттардың сыни ойлауын, мәдени сауаттылықтарын және мәдениетаралық құзіреттіліктерін дамытуға бағытталған, осы арқылы оларды әртүрлі тілдік-мәдени қоғамдарға тез икемделіп, әрекеттесуге, шығыс тілдері мен мәдениеттері бойынша ғылыми зерттеумен айналысуға, мәдениетаралық қатынастарды түсіну мен зерттеуде инновациялық тәсілдерді пайдалануға ынталандырады.
Осы бағдарламаны аяқтағаннан кейін магистрлер келесі қабілеттерге ие болады деп күтіледі:
ON1) заманауи пәнаралық әдістер мен тұжырымдамаларды сыни тұрғыдан бағалап, оларды зерттеу жобалары мен жұмыстарына интеграциялайды;
ON2) шет тілін мәдениетаралық, кәсіби және ғылыми қызметте қарым-қатынас жасау үшін қолданады;
ON3) ЖОО-ның білім беру процесінде оқыту мен тәрбиелеуді талдау, жоспарлау және ұйымдастырудың заманауи технологияларын пайдаланады;
ON4) жағдаяттарды талдайды,, басқару шешімдерінің тиімділігін психологиялық аспектілерді ескере отырып бағалайды және жоспарлайды;
ON5) халықаралық және көпмәдениетті ортада жұмыс істеу үшін мәдени айырмашылықтарды түсіну және құрметтеу арқылы әртүрлі мәдениет өкілдеріне және басқалардың пікірлеріне төзімділік танытады;
ON6) лингвистикалық құбылыстарды олардың антропоөзекті контексін ескере отырып талдайды;
ON7) академиялық мәтінді құру процедурасын жоспарлайды және ұйымдастырады, оның сызықтық құрылымын әзірлейді;
ON8) филологиялық зерттеулерде соңғы сандық технологияларды қолданады;
ON9) Шығыс әдебиетіндегі мәдени ақпарат пен әлемнің көркем бейнесін тану мен құрудың басым принциптерін анықтай алады және модельдейді;
ON10) шығыс тілі арқылы ұлттық менталитеттің ерекшеліктерін анықтай алады және түсіндіреді.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Оқу жоспары