Білім беру бағдарламасы
Білім беру бағдарламасының мақсаты – шығыс тілінің мәдени контекстерін терең түсінетін, тілдік құрылымдарды жақсы меңгерген және тілдік құбылыстарды зерттеп, талдай алатын жоғары білікті мамандарды дайындау. Бағдарлама магистранттардың сыни ойлауын, мәдени сауаттылықтарын және мәдениетаралық құзіреттіліктерін дамытуға бағытталған, осы арқылы оларды әртүрлі тілдік-мәдени қоғамдарға тез икемделіп, әрекеттесуге, шығыс тілдері мен мәдениеттері бойынша ғылыми зерттеумен айналысуға, мәдениетаралық қатынастарды түсіну мен зерттеуде инновациялық тәсілдерді пайдалануға ынталандырады.
Осы бағдарламаны аяқтағаннан кейін магистрлер келесі қабілеттерге ие болады деп күтіледі:
ON1) заманауи пәнаралық әдістер мен тұжырымдамаларды сыни тұрғыдан бағалап, оларды зерттеу жобалары мен жұмыстарына интеграциялайды;
ON2) шет тілін мәдениетаралық, кәсіби және ғылыми қызметте қарым-қатынас жасау үшін қолданады;
ON3) ЖОО-ның білім беру процесінде оқыту мен тәрбиелеуді талдау, жоспарлау және ұйымдастырудың заманауи технологияларын пайдаланады;
ON4) жағдаяттарды талдайды,, басқару шешімдерінің тиімділігін психологиялық аспектілерді ескере отырып бағалайды және жоспарлайды;
ON5) халықаралық және көпмәдениетті ортада жұмыс істеу үшін мәдени айырмашылықтарды түсіну және құрметтеу арқылы әртүрлі мәдениет өкілдеріне және басқалардың пікірлеріне төзімділік танытады;
ON6) лингвистикалық құбылыстарды олардың антропоөзекті контексін ескере отырып талдайды;
ON7) академиялық мәтінді құру процедурасын жоспарлайды және ұйымдастырады, оның сызықтық құрылымын әзірлейді;
ON8) филологиялық зерттеулерде соңғы сандық технологияларды қолданады;
ON9) Шығыс әдебиетіндегі мәдени ақпарат пен әлемнің көркем бейнесін тану мен құрудың басым принциптерін анықтай алады және модельдейді;
ON10) шығыс тілі арқылы ұлттық менталитеттің ерекшеліктерін анықтай алады және түсіндіреді.
Магистратураның білім беру бағдарламалары
Оқу жоспары
СЕМЕСТР 1
- Шетел тілі (кәсіби)-5 ECTS
- Басқару психологиясы-3 ECTS
- Мәдениетаралық коммуникация және тіл-5 ECTS
- Мәдениеттегі постмодернистік зерттеулер-5 ECTS
- Лингвомәдениеттанудың заманауи әдіснамасы-5 ECTS
- Шығыс тілінің когнитивті және коммуникативті аспектілері-5 ECTS
- Мәдениет пен тілдегі адам болмысы:мәденифилософиялық аспект-5 ECTS
- Лингвистикадағы антропоөзектілік парадигмасы-5 ECTS
- Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау (ағыл.)-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
СЕМЕСТР 2
- Ғылым тарихы мен философиясы-3 ECTS
- Жоғары мектептің педагогикасы-5 ECTS
- Педагогикалық-4 ECTS
- Зерттеу практикасындағы сандық құзыреттілік: технологиялар мен әдіснамалар-5 ECTS
- Шығыс тілінің концептосферасы-5 ECTS
- Шығыс тілінің мән-құндылықтар кеңістігі-5 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-2 ECTS
СЕМЕСТР 3
- Классикалық шығыс әдебиетінің мәдени аспектісі-5 ECTS
- Қазіргі шығыс әдебиетіндегі әлемнің бейнесі-5 ECTS
- Зерттеу-4 ECTS
- Шығыс лексикографикалық еңбектері - лингвомәдени ақпарат көздері-5 ECTS
- Шығыс тіліндегі көркем мәтінді лингвомәдени талдау-5 ECTS
- Шығыс тіліндегі символдар және сөйленісіндегі бейнелер-5 ECTS
- Мифтердің, наным-сенімдердің мәдениантропологиялық аспектісі және шығыс тілінің мәселелері-5 ECTS
- Шығыс мәдениеті өкілдеріндегі әлемнің ұлттық бейнесінің тілдік репрезентациясы-5 ECTS
- Ұлттық менталитеттің шығыс тіліндегі көрінісі-5 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-1 ECTS
СЕМЕСТР 4
- Зерттеу-4 ECTS
- Ғылыми семинар-1 ECTS
- Магистерлік диссертацияны орындау-10 ECTS
- Ғылыми тағылымдама-3 ECTS
- Ғылыми журналдарда/ ғылыми-практикалық конференциялар материалдарындағы жарияланымдар-4 ECTS
- Қортынды аттестация-8 ECTS
БББ бойынша құжаттар
23123123