Farabi University

Маткерим Дана Адильханкызы

4 сәуір 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D03102  – Мәдениеттану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Маткерим Дана Адильханкызы «Қазақстандық кинодағы этникалық және мәдени бірегейлікті құрастыру: мәдениеттанулық талдау» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады. 

Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасында орындалған.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Наурзбаева Альмира Бекетовна – философия ғылымдарының докторы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: 09.00.13 – дінтану, философиялық антропология және мәдениет философиясы.

2. Сағиқызы Аяжан – философия ғылымдарының докторы, профессор, Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: 09.00.11 – әлеуметтік философия.

Ғылыми жетекшілер:

1. Кусаинов Дауренбек Умербекович – философия ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан).

2. Исмагамбетова Зухра Нурлановна – философия ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан).

3. Али Рафет Озкан –PhD, Анкара университетінің профессоры (Анкара қ., Түркия).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Барлыбаева Гаухар Гинаятовна – философия ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан).

2. Кожамжарова Майра Жанайдаровна – философия ғылымдарының кандидаты, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің әлеуметтік пәндер, журналистика және ақпарат кафедрасының меңгерушісі  (Павлодар қ., Қазақстан).

3. Керімбай Рауан Амантайұлы – философия докторы (PhD), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Философия кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Астана қ., Қазақстан).

 Қорғау 2025 жылдың 04 сәуірде сағат 10:00-те әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әл-Фараби кітапханасы 303 аудиторияда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D020600, 8D02203 – Дінтану», «6D021500, 8D02204 – Исламтану», «6D020400, 8D03102 – Мәдениеттану», «6D020100, 8D02202 – Философия» мамандықтар/білім беру бағдарламалары тобы бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://zoom.us/j/98963581313?pwd=uDRwjbJ10LHoPr8gLWQODaW2gF8I7e.1

Идентификатор конференции: 989 6358 1313

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық