Farabi University

Бакайкина Надежда Викторовна

2 шілде 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D05301 – Химия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Бакайкина Надежда Викторовнаның философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған «Қатты фазалы микроэкстракцияны қолдана отырып, топырақ пен судағы асимметриялық диметилгидразиннің трансформация өнімдерін анықтау» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аналитикалық, коллоидтық химия және сирек кездесетін элементтер технологиясы кафедрасында және Физика-химиялық зерттеу және талдау әдістері орталығында орындалды.

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

1.Шолохова Анастасия Юрьевна – химия ғылымдарының кандидаты, жетекші ғылыми қызметкер, Ресей Ғылым академиясының А.Н. Фрумкин атындағы Физикалық химия және электрохимия институтының химиялық талдаудың «ақылды» әдістері зертханасының меңгерушісі (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы);

2.  Амутова Фарида Бахтияровна – PhD, «Антиген» ҰКП «ЖШС» физика-химиялық зерттеу әдістері зертханасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан).

Ғылыми жетекшілер:

  1. Кенесов Булат Нурланович – химия ғылымдарының кандидаты, ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық Ғылым академиясының ғылыми және ғылыми-техникалық даму талдау орталығының директоры (Алматы қ., Қазақстан);
  2. Ульяновский Николай Валерьевич – химия ғылымдарының докторы, М.В. Ломоносов атындағы Солтүстік (Арктика) федералды университетінің «Арктика» ғылыми жабдықтарын ұжымдық пайдалану орталығының жетекші ғылыми қызметкері (Архангельск қ., Ресей Федерациясы).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1.  Борисов Роман Сергеевич – химия ғылымдарының кандидаты, Ресей Ғылым академиясының А.В. Топчиев атындағы Мұнай-химия синтез институты (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы);

2.  Аппазов Нұрбол Орынбасарұлы – химия ғылымдарының кандидаты, профессор, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті (Қызылорда қ., Қазақстан);

3.  Аутелеева Лаура Тюлегеновна – PhD, қауымдастырылған профессор, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (Астана қ., Қазақстан).

Қорғау 2025 жылдың 2 шілде сағат 16:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ D060600, 8D05301 – Химия, 6D73900, 8D07101 – Мұнайхимия, 6D072000, 8D07104 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, 8D07102 – Химиялық инженерия, 6D072100, 8D07105 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және офлайн) түрде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/83274243404?pwd=04aBOE4CJXChbBqAOEUY7ikRo3Aa8J.1

Идентификатор: 832 7424 3404

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы