- Басты бет
- Білім алушыларға
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту тәртібі туралы ереже
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту тәртібі туралы ереже
1.1. Осы Ереже «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ (бұдан әрі – Университет) білім беру бағдарламаларын (бұдан әрі – ББ) әзірлеу мен бекітудің негізгі ұғымдарын, қағидаттарын белгілейді және кезеңдерін айқындайды.
1.2. Ереже Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ҒЖБМ) нормативтік құқықтық актілеріне және Университеттің ішкі құжаттарына сәйкес әзірленді.
1.3. ББ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кадрларын дайындау бағыттарының классификаторына сәйкес білім беру бағдарламаларының топтары шеңберінде Университеттің білім беру қызметін жүргізуге құқығы бар лицензиясы негізінде дайындау бағыттары бойынша әзірленеді.
1.4. ББ «Білім туралы» ҚР Заңының 43-1 бабы 4-тармағының талаптарына, Ұлттық біліктілік шеңберіне (бұдан әрі – ҰБШ), салалық біліктілік шеңберіне (бұдан әрі – СБШ) және кәсіптік стандарттарға (бұдан әрі – КС) сәйкес әзірленеді.
1.5. Ереже білім алушыларға, оқытушы-профессорлық құрамына, университеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлеріне, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғаларына арналған.
-
Кадрларды даярлау бағыттары бойынша Академиялық комитет (Академиялық комитет) – «Білім туралы» ҚР Заңының 43-1 бабы 4-тармағының талаптарына, Ұлттық біліктілік шеңберіне, салалық біліктілік шеңберлерге және кәсіптік стандарттарға сәйкес ББ әзірлеу және өзектендіру үшін қалыптастырылған орган. Академиялық комитеттің құрамына университеттің академиялық қызметкерлері, жұмыс берушілері мен білім алушылары кіреді.
-
Жоғары оқу орны компоненті (бұдан әрі – ЖООК) – білім беру бағдарламасын игеру үшін ЖжЖООКБҰ айқындайтын оқу пәндерінің және сәйкесінше көлемі минималды академиялық кредиттерінің тізбесі.
-
ЖБ және ЖООКБ – жоғары білім және жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
-
ЖБ және ЖОКБ МЖМС – жоғары білім және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.
-
Қосымша ББ (Minor) – қосымша құзыреттерді қалыптастыру мақсатында білім алушылар зерделеу үшін айқындаған пәндердің және (немесе) модульдердің және оқу жұмыстарының басқа да түрлерінің жиынтығы.
-
Құзыреттілік – оқу процесінде алған білімді, шеберлік пен дағдыны кәсіби қызметте практикалық тұрғыда пайдалана білу қабілеті.
-
Таңдау компоненті – ЖжЖООКБҰ ұсынатын, пререквизиттері мен постреквизиттерін ескере отырып, кез келген академиялық кезеңде студенттердің өздері таңдайтын оқу пәндерінің және сәйкесінше көлемі минималды академиялық кредиттердің тізбесі.
-
Ұлттық біліктілік шеңбері (ҰБК) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы.
-
Білім беру бағдарламасы (ББ) – оқытудың мақсаттарын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау критерийлерін қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені.
-
Міндетті компонент – МЖМС-да белгіленген және білім беру бағдарламасы бойынша студенттер міндетті түрде оқитын оқу пәндерінің және сәйкесінше көлемі минималды академиялық кредиттердің тізбесі.
-
ЖжЖООКБҰ – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы.
-
Негізгі ББ (Major) – негізгі құзыреттерді қалыптастыру мақсатында білім алушыларға зерделеу үшін айқындалған ББ.
-
Салалық біліктілік шеңбері (СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы.
-
ББ паспорты – ББ мақсатын, пәндерді қамтитын академиялық кредиттердегі еңбек сыйымдылығы туралы мәліметтерін, ББ оқыту нәтижелерін, модульдер мен пәндерін және ҰБШ, СБШ, бар болған жағдайда кәсіби стандарттарын қоса алғанда, олардың кәсіби саламен байланыстарын сипаттайтын ББ қысқаша сипаттамасы.
-
Постреквизиттер (Postrequisite) – оқытылатын пәндер мен (немесе) модульдерді игерісімен пәндер мен (немесе) модульдерді және оқу жұмысының басқа да түрлерін оқу үшін қажетті білім, іскерлік, дағдылар мен құзыреттіліктер.
-
Пререквизиттер (Prerequisite) – оқытылатын пәндер мен (немесе) модульдерді игеру үшін қажетті, мазмұнында білім, іскерлік, дағдылар мен құзыреттіліктер бар пәндер мен (немесе) модульдер және оқу жұмысының басқа да түрлері.
-
Кәсіптік стандарт (КС) – біліктілік пен құзыреттілік деңгейіне, кәсіптік қызметтің нақты саласындағы еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт.
-
Мамандық – арнайы дайындық, жұмыс тәжірибесі нәтижесінде алынған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін меңгеруді талап ететін еңбек қызметінің түрі.
-
ББ әзірлеу – оқу нәтижелерін (ОН), академиялық кредиттер сәйкес келетін еңбек шығындарын, оқу қызметінің түрлерін, оқыту әдістері мен бағалау рәсімдерін/критерийлерін көрсете отырып, ББ компоненттерін әзірлеу.
-
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларының реестрі (бұдан әрі – Реестр) – ЖжЖООКБҰ әзірлеген, өзіне ББ тізбесін қосатын ҚР ҒЖБМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының ақпараттық жүйесі.
-
Оқыту нәтижелері (ОН) – білім алушылардың ББ игеруі бойынша меңгерілген, көрсете білетін, бағамен расталған білім көлемі, істей алуы және дағдылары.
-
Еңбек қызметі – бұл бизнес-процестермен анықталған және оларды орындау үшін қажетті құзыреттіліктердің болуын көздейтін еңбек әрекеттерінің интеграцияланған және салыстырмалы түрде дербес жиынтығы болып табылатын еңбек қызметінің құрамдас бөлігі.
-
Біліктілік деңгейі – күрделілік, еңбек әрекеттерінің стандарттылығы, жауапкершілік және дербестік параметрлері бойынша сараланатын қызметкерлердің біліміне, іскерлігіне және кең құзыретіне қойылатын жалпыланған талаптар.
-
Оқу жоспары – тиісті білім беру деңгейіндегі білім алушылардың оқу пәндерінің және (немесе) модульдерінің, кәсіптік тәжірибесінің, оқу қызметінің өзге де түрлерінің тізбесін, реттілігін, көлемін (еңбек сыйымдылығын) және бақылау нысанын регламенттейтін құжат.
|
- ББ түлектің құзыреттілік моделі мәнмәтінінде әзірленеді және мазмұны модульдер бойынша ОН-не, құзыреттеріне, мақсаттарына байланысты модульдерден тұрады. Кәсіби стандарт негізінде жасалған ББ-да басты еңбек қызметтері кәсіби модульдерге жобаланады. Әрбір кәсіби модуль мамандықтың негізгі еңбек қызметтерін орындауға байланысты құзыреттіліктерді қалыптастыруды көздейді. Модуль екі немесе одан да көп оқу пәндерінен немесе бір немесе одан да көп пәндерді оқу жұмысының басқа да түрлерімен үйлесуінен тұруы мүмкін. Кәсіптік тәжірибелер, дипломдық жұмыстар (жобалар), магистрлік/докторлық диссертациялар (жобалар) ББ тиісті модульдеріне енгізіледі. Кәсіби тәжірибенің әрбір түрі әр түрлі модульдерге жатады.
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің (бакалавриат, магистратура, PhD докторантура) ББ әзірлеу кезеңдері: жоспарлау; жобалау; құрылымдық элементтерді әзірлеу; бағалау.
- ББ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кадрларын дайындау бағыттары бойынша қалыптастырылатын Академиялық комитет әзірлейді. Академиялық комитеттің құрамы Басқарма Төрағасы-Ректордың бұйрығымен бекітіледі.
- ББ жоспарлау еңбек нарығының ағымдағы және болашақтағы қажеттіліктерін және дайындық бағыттары бойынша түлектерді жұмысқа орналастыру келешектерін (дефицит немесе профицит) талдау негізінде жүзеге асырылады.
- Кадрларды дайындауды талдау, сондай-ақ жаңа кәсіптер Атласына сәйкес жүзеге асырылады және төмендегілерді көздейді: ұлттық және өңірлік деңгейде кадрлар дайындау нарығындағы бәсекелестерді мониторингтеу; ББ әзірлеуге және одан әрі жүзеге асыруға SWOT-талдау жүргізу.
- Жоспарлау барысында университеттің ББ жүзеге асыру мүмкіндіктері айқындалады: қажетті кадрлық, ақпараттық-кітапханалық, материалдық-техникалық, ақпараттық және қаржылық ресурстардың болуы; ББ жүзеге асыру мүмкіндігінің ESG-дің 1-бөлігінің талаптарына сәйкестігі (сапаны іштей қамтамасыз ету үшін стандарттар мен нұсқаулықтар); аккредиттеу стандарттарына сәйкестігі.
- Жоспарлау барысында жүргізілген талдаудың оң нәтижесі болған жағдайда ББ әзірлеу туралы шешім қабылданады.
6.1. Академиялық комитет кәсіптік қызмет салаларын және ББ түлегі құзыреттіліктерінің бастапқы тізбесін қалыптастыру үшін төмендегі құжаттарды зерттейді: Білім берудің халықаралық стандарттық классификациясын (ISC ED); Еуропалық біліктіліктің шеңберін (EQF), Ұлттық біліктілік шеңберін (ҰБК), салалық біліктілік шеңберін (СБШ), кәсіби стандарттарын (КС), жаңа кәсіптер Атласын, ЖБ/ЖООКБ Мемлекеттік жалпы білім беру стандартын, лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын.
6.2. Білім, дағдылар, өзін ұстау стандарттары, негізгі еңбек қызметтерін орындауда қолданылатын жабдықтар мен құралдар түріндегі еңбек салаларын зерттеу нәтижелері ББ-ның кәсіби маңызды құзыреттіліктері және оқу нәтижелері болып жобаланады.
6.3. Аталған кәсіптік салада дайындаудың әрбір бағыты үшін құзыреттіліктердің алдын ала тізбесі былайша қалыптастырылады: түлектердің жалпы білім беру құзыреттіліктері: мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттері; түлектердің негізгі және кәсіби құзыреттіліктері: теориялық және практикалық дағдылары мен түсінігі. ББ түлегінің құзыреттіліктері Дублин дескрипторларына, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, ҰБШ, СБШ, кәсіби стандарттарға сәйкес келуі керек. Зерттеу барысында, қажет болған жағдайда жұмыс берушілерден еңбек нарығын, СБШ және КС сараптау негізінде жасалған құзыреттердің алдын ала тізбесін нақтылау және басымдық беру мақсатында сауалнама жүргізуде жүзеге асырылады: бастапқы құзыреттіліктерді пайдалана отырып, жұмыс берушінің сауалнамасы әзірленеді; сауалнама жүргізу әдістері таңдалады: сандық (стандартталған сауалнамаларды пайдалана отырып); сапалық (сұхбат және фокус-топтар); сауалнамаға қатысушыларды іріктеу жүргізіледі – ББ түлектері жұмыс істейтін зерттелуші кәсіби саланың өкілдері қатысады. Сауалнама жүргізу үшін Академиялық комитет сауалнамаға қатысушыларға құзыреттіліктердің алдын ала тізбесін ұсынады. Сауалнамаға қатысушылар жұмыс орнындағы белгілі бір құзыреттіліктің маңыздылық дәрежесін және университетті бітіргеннен кейін болашақ маманның оны меңгеруі деңгейін анықтайды.
-
ОН оқу деңгейіне, кәсіби стандарттардың талаптарына және (немесе) жұмыс берушілердің талаптарына/үміттеріне, сондай-ақ Университеттің даму Бағдарламасына бағытталған құзыреттіліктеріне байланысты қалыптасады. ОН ББ-на бөлінетін тиісті пәндердің еңбек сыйымдылығының академиялық кредиттердегі көлемін анықтау үшін негіз болады. ББ жалпы еңбек сыйымдылығы тиісті деңгейдегі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында көрсетілген еңбек сыйымдылығынан кем болмауы тиіс. ББ-да пәндер мен ОН арасындағы байланыс міндетті түрде анықталуы керек.
-
ББ жобалау кезінде ОН мен бағалау критерийлерінің өзара байланысы төмендегідей анықталады: түлектің әрбір құзыреттілігі бірнеше ОН-не бөлінеді; әр ОН үшін бірнеше бағалау критерийлері жасалады; ОН әрбір бағалау критерийі «аяқталған әрекетті» сипаттауы тиіс. Оқыту нәтижелерін бағалау критерийлері «біледі», «істей алады», «меңгереді» санаттарында қалыптастырылады: «біледі» категориясы: оқу материалын талап етілетін ғылыми дәлдік пен толықтық дәрежесімен жеткізеді және түсіндіреді; «істей алады» категориясы: шешімдердің стандартты алгоритмдерін жеткізу негізінде әдеттегі міндеттерді шешеді; «меңгереді» категориясы: алынған білім, дағды негізінде, оларды типтік емес жағдайларда қолдана отырып, күрделі міндеттерді шешеді. ОН жетістіктерін бағалау әдістері мен құралдарын жобалау кезінде келесі шарттарды ескеру қажет: сипаттама: әдістер мен құралдар пәннің силлабусында және ББ паспортында қысқаша сипатталған; өлшеу: нақты критерийлерге негізделген өлшенетін бағалау әдістерін қолдану; келісу: бағалау әдістері бағаланатын ОН-мен келісіледі;бейнелеу: алынған бағалар білім алушылардың ОН-де меңгеру деңгейін көрсетеді.
6.7. Жобалау кезінде ББ-сын толыққанды іске асыру үшін қажетті және жеткілікті ресурстар анықталады. Кадрлық және әлеуметтік ресурстар. ББ жүзеге асыру тиісті және ресми құжаттармен расталған білімі бар ғылыми-педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етіледі. Ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігіне қойылатын талаптар ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 17 маусымдағы №391 бұйрығымен бекітілген «Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары» негізінде айқындалады.Материалдық-техникалық база. Білім беру-ғылыми процесінің материалдық-техникалық базасы: санитарлық және өртке қарсы ережелер мен нормаларға сәйкес болуы тиіс; оқу жоспарында көзделген білім алушылардың оқу, зертханалық, тәжірибелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлық түрлерін жүргізу үшін қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілуі тиіс. Ақпараттық-кітапханалық ресурстар. ББ-ның барлық оқу курстары пәндер/модульдер бойынша оқу-әдістемелік ресурстармен қамтамасыз етілуі тиіс. Әлеуметтік ресурстар. ББ жүзеге асыру үшін әлеуметтік ресурстар да қажет: экономиканың нақты секторының кәсіпорындарымен және ұйымдарымен Университеттің жолға қойылған серіктестік байланыстары; еңбек нарығының осы сегментіндегі жұмыс берушілердің мүдделерін білдіретін кәсіптік-педагогикалық және бизнес-қоғамдастықпен, қоғамдық бірлестіктермен, кәсіптік қауымдастықтармен және коммерциялық емес ұйымдармен өзара іс-әрекет жасау.
7.1. ББ атауы мен мақсаты қалыптастырылады, ББ мазмұны жобаланады және оқыту стратегиялары анықталады.
ББ атауы төмендегідей болуы тиіс:
-
қысқа, нақты және ақпараттық;
-
Классификаторға лайық дайындық бағытына сәйкес келу;
-
ББ мазмұнын көрсету.
ББ мақсаты білім алушылар игеруі тиіс ОН біріктіре отырып, ықшам болып қалыптасады және өзектілік, нақтылық, қол жетімділік критерийлеріне сәйкес келеді.
-
ББ мазмұны модульдерді/оқу пәндерін анықтау арқылы жобаланады. ББ кәсіптік қызметтер мәнмәтінінде әзірленеді және оқу пәндерінің тізбесінен тұрады.
Пәннің қысқаша сипаттамасында пәннің мақсаты мен мазмұны ББ бойынша ОН-не қол жеткізудің индикаторы ретінде көрсетілуі қажет. Пәндердің қайталануына немесе мазмұны сәйкес келетін әртүрлі пәндердің болуына жол берілмейді.
-
Модульдер мен пәндердің тізбесі құзыреттіліктер мен ОН мәнмәтінінде анықталғаннан кейін модульдер мен пәндердің академиялық кредиттердегі еңбек сыйымдылығы айқындалады. Әрі қарай, пререквизиттер мен постреквизиттерді ескере отырып, ББ оқу жоспарының жобасы қалыптастырылады. Бұл ретте дайындық бағыты мен деңгейіне (оның ішінде циклдар мен компоненттерге) байланысты жоғары білім және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің МЖМБС талаптарын сақтау қажет.
-
ББ құрылымдық элементтерін әзірлеу кезінде модульдің/пәннің ОН қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет. Күтілетін ОН ББ жобалау кезінде де, оқыту мен бағалау әдістерін таңдау кезінде де негізгі нұсқаулық болып табылады.
-
Барлық модульдердің/пәндердің ОН бағалануы керек. Сонымен қатар, пәннің ОН жазу кезінде модульге қалай құрастырылатыны, ал модульдің ОН қалыптастыру кезінде – модуль тұтастай алғанда білім беру бағдарламасына қалай енгізілетіні туралы мәселені қарастыруы маңызды.
-
Модульдердің/пәндердің ОН қалыптастырып, олардың еңбек сыйымдылығын анықтағаннан кейін оқыту стратегиясы анықталады.
-
Университеттегі оқыту стратегиясы оқытудың инновациялық әдістері мен ақпараттық технологияларын қолдануға бағытталуы керек.
Оқу пәнін әзірлеу кезінде тиісті ОН-не қол жеткізу және оларды барабар және әділ бағалау үшін ОН игеруді оқыту мен бағалаудың қандай әдістері жақсы екенін анықтау қажет.
7.8. Бакалавриат, магистратура және докторантура ББ құрылымы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының қосымшаларында келтірілген.
Жоғары білім берудің ББ мазмұны пәндердің үш циклынан тұрады: жалпы білім беретін пәндер (ЖБП), базалық пәндер (ББ) және бейіндік пәндер (БП). Университет ерекше мәртебеге ие бола отырып, ЖБ және ЖООКБ МЖМБС талаптарына сәйкес төмен емес, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ББ мазмұнын дербес айқындайды.
ЖБП циклы міндетті компоненттер, ЖОО компоненті (ЖООК) және (немесе) таңдау компоненті (ТК) пәндерін қамтиды. Базалық пәндер мен Бейіндік пәндер цикліне ЖООК және ТК пәндері кіреді. Магистратура және докторантура ББ мазмұны базалық және бейіндік пәндерден ЖООК мен ТК тұрады.
ЖООК және ТК ЖжЖОКБҰ дербес айқындайды және еңбек нарығының қажеттіліктерін, жұмыс берушілердің үміттерін және білім алушының жеке мүдделерін ескереді.
-
ТК шеңберінде білім алушы оқытудың жеке траекториясын айқындау кезінде мыналарды таңдай алады:
-
негізгі ББ (Major) бойынша пәндер;
-
қосымша ББ (Minor) бойынша пәндер.
Негізгі ББ (Major) бойынша пәндерді таңдау және игеру тәртібі пререквизиттердің болуын ескере отырып жүзеге асырылады.
Қосымша ББ (Minor) бойынша пәндерді таңдау және игеру тәртібі сабақтас немесе бейіндік ББ бойынша қосымша құзыреттіліктер алу үшін, сондай-ақ білім алушының жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүзеге асырылады.
7.10. Барлық білім беру бағдаламалары академиялық комитетінің қатысуымен үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әзірленеді. Осының негізінде оқу жоспарлары (оқу жоспарлары, студенттердің жеке оқу жоспарлары) қалыптастырылады және пәндердің жұмыс бағдарламалары (силлабустар) әзірленеді.
ББ құрылымы:
– паспорт (1-қосымша);
– пәндер каталогы (2-қосымша);
– оқу жоспары (3-қосымша).
8.1. Барлық ББ бекітудің бірыңғай тәртібіне ие:
-
әзірленген/өзектендірілген ББ жұмыс берушілердің өкілдерімен, білім беру бағдарламаларын жобалау Кеңсесінің (бұдан әрі – Кеңсе) қызметкерлерімен келісіледі;
-
факультеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен университеттің Ғылыми кеңесіне шығарылады;
-
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, ҚР ҒЖБМ нормативтік құқықтық актілеріне және Университеттің ішкі құжаттарына сәйкес бекітіледі.
8.2. ББ келісілгеннен және бекітілгеннен кейін «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларының Реестрі» ақпараттық жүйесінде ББ паспортын Реестрге енгізу үшін онлайн өтінім беріледі.
8.3. Кеңсе қызметкерлері жаңартылатын/жаңа ББ-ның уақытылы енгізілуін бақылауды қамтамасыз етеді және Реестрде тіркелген ЖЖОКБҰ ББ-ның жай-күйі мен мәртебесіне мониторинг жүргізеді.
8.4. Академиялық комитет ғылымның, техниканың, мәдениеттің, экономиканың, технологиялардың және әлеуметтік-мәдени саланың қазіргі заманғы үрдістеріне сәйкес ББ мазмұнын жетілдіру мақсатында дамыту жоспарын әзірлейді.
9.1. ББ әзірлеу сапасы келесі параметрлер арқылы бағаланады:
ББ сапасын бағалау оқу жоспарларын, элективті пәндер каталогын, ББ жүзеге асыруды регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттарды талдау негізінде жүзеге асырылады. 9.2. Жұмыс берушілердің ББ бағалау ББ әзірлеу кезеңінде де, оларды іске асыру кезеңінде де жүзеге асырылады. Жұмыс беруші оларды бағалау және сапасын арттыру мақсатында ББ жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде оқыту процесіне тартылады. Білім алушылардың ББ бағалауы сауалнама арқылы жүзеге асырылады. 9.3. Кеңсе қызметкерлері жоғары білім және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің МЖМБС сәйкестігіне техникалық сараптама жүргізеді. 9.4. ББ Реестрге енгізілгеннен кейін ҚР ҒЖБМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының сарапшылары сараптамасынан өтеді. Қажет болған жағдайда ББ паспорттарына сәйкесінше өзгерістер енгізіледі. ББ Реестріне енгізу/жаңарту сатысында сарапшылардың ескертулері мен ұсынымдары болған кезде қайта қарауға жатады. |