Тұрақты даму тұжырымдамасы
« әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ-да
тұрақты даму контекстінде сапалы білім беруді іске асыру
Тұжырымдамасы
Преамбула
Біріккен Ұлттар Ұйымының бас ассамблеясы, барлығы үшін жақсы және орнықты болашаққа қол жеткізу жоспары ретінде бір-бірімен байланысты барлық 17 тұрақты даму мақсаттарын (бұдан әрі – ТДМ) әзірледі.
ТДМ – экономикалық байлық, әлеуметтік қамсыздандыру және табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны сақтау арасындағы тепе-теңдікті сақтай отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтың лайықты өмір сүру сапасы мен деңгейін қамтамасыз етуге арналған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 248 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында әлемдегі жоғары білімнің негізгі трендтері аталған. Олар: массификациялау, мемлекетпен университеттер мен бизнестің өзара іс- әрекеттесуі (үштік спираль), цифрландыру, интерұлттандыру, академиялық басымдылық бастамалары, университеттердің білім беру қызметтері мен ғылыми зерттеулерінің сапасына талаптарды арттыру, қоғамға қызмет етуге бағдарлау, университеттердің корпоративтік басқаруы мен академиялық еркіндігін дамыту.
"әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамын (бұдан әрі – Университет) дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған бағдарламасында жоғары білім берудегі заманауи трендтерді ескере отырып, толық қамтылған және әділ сапалы білім беру арқылы ТДМ-ға қол жеткізу идеясын қолдайтын және баршаға жылдар бойы білім алу мүмкіндігін көтермелейтін университеттің мақсаты мен міндеттері айқындалған.
Мақсат – әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналу.
Міндеттер:
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейлерінде ғылыми қызмет пен білім беру үдерісін интеграциялау;
- университеттік білім берудің болашақ моделін қалыптастыру және академиялық көшбасшылықты қамтамасыз ету;
- университет ғылымының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін арттыру;
- университеттің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін корпоративтік басқарудың тиімді моделін құру.
Университет білім беруді қайта бағалаудың, қайта мағыналаудың және қайта қараудың қазіргі және болашақ қоғам үшін маңыздылығын біледі. Нәтижесінде экология, қоғам және экономикада салаларында тұрақтылықты қамтамасыз етуге байланысты мүмкіндігінше ТДМ-ға қол жеткізу үшін көптеген ұстанымдарды, білімді, дағдыларды, нанымдар мен құндылықтарды қамтиды.
Жұмыс барысы жаһандық пәнаралық сипатта болуы және оған жалпы жұртшылық қатысуы керек. Тұрақты даму мүддесі үшін білім беру, әртүрлі ортадан шыққан адамдарды, адам қызметінің барлық салаларының тұрақты дамуына қауіп төндіретін мәселелерді болжауға, жеңуге және шешуге үйретуге арналған.
Осыған байланысты Университет тұрақты даму тақырыбын білім беру бағдарламаларына біріктіреді, университет деңгейінде, жергілікті, республикалық және халықаралық деңгейде ағартушылық және ақпараттық жұмыс жүргізіліп келеді.
ТДМ 1. Кедейлiктi оның барлық нысандарында жаппай жою.
1.1. 1.1. Университет елдегі үй шаруашылығының табысы ең төмен 20% тобына жататын адамдарды оқуға қабылдауға ұстылады.
Жыл сайын университетте халықтың осал топтарының студенттеріне әлеуметтік стипендиялар мен материалдық көмекке бюджет бөлінеді. Әлеуметтік Стипендиялар келесі санаттағы адамдар үшін 5% - дан 100% - ға дейін жеңілдіктермен беріледі:
- жетімдер;
- мүмкіндігі шектеулі білім алушылар;
- ата-аналары мүгедек білім алушылар;
- аз қамтылған отбасылардан шыққан білім алушылар;
- ата-анасының біреуінен айырылған білім алушылар.
1.2. Университет елдегі ең төмен отбасылық табысы 20% болатын топқа кіретін білім алушыларға, оқуын сәтті аяқтауға көмек көрсету бойынша бағдарламалар мен бастамаларды іске асырады.
1.3. Университет елдегі отбасының ең төменгі табысы 20% болатын топқа жататын білім алушыларға сапалы білім беру қызметтерін көрсетуді және жұмысқа орналасуға көмектесуді мақсат етеді. Ол үшін университет тоқсан сайын барлық білім алушылар үшін бос орындар жәрмеңкесі, дөңгелек үстелдер, форумдар және т.б. түрлі іс-шаралар ұйымдастырады.
1.4. Университет Алматы қаласының тұрғындарына тиісті білім немесе ресурстар: оқу семинарлары және т. б. арқылы қаржылық және әлеуметтік орнықты кәсіпорындар құруға көмек көрсететін болады.
1.5. Университет білім беру қызметтеріне қолжетімділікті жақсарту үшін университет білім алушылары үшін ғана емес, сонымен қатар Оpen KazNU ашық білім беру платформасында жаппай ашық онлайн-курстарды әзірлеу және іске асыру арқылы барлық ниет білдірушілер үшін оқыту мен бағдарламаларды ұйымдастырады.
ТДМ 2. Аштықты жою, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тамақтануды жақсарту, ауыл шаруашылығының орнықты дамуына жәрдемдесу.
2.1 Университет жергілікті фермерлер мен азық-түлік өндірушілеріне азық-түлік қауіпсіздігі және тұрақты ауыл шаруашылығы мен акваөсіру саласындағы білімге, дағдыларға немесе технологияларға қолжетімділікті қамтамасыз ететін болады.
2.2. Университет тұрақты ауылшаруашылық тәжірибесін жақсарту үшін жергілікті фермерлер мен азық-түлік өндірушілеріне университет нысандарына (зертханаларға, технологияларға, өсімдік қорларына) қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
ТДМ 3. Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету, кез келген жастағы баршаға қолайлы жағдай жасау.
3.1. Университет тазалық сақтау, тамақтану, отбасын жоспарлау, спорт, дене шынықтыру, салауатты қартаю және денсаулық пен әл-ауқатқа қатысты басқа да тақырыптарды қоса алғанда, денсаулық пен әл-ауқатты жақсарту немесе нығайту үшін Алматы қаласында ақпараттық-ағарту бағдарламалары мен жобаларын, оның ішінде студенттік волонтерлік бағдарламаларды іске асыратын болады.
3.2. Университет өзінің спорттық ғимараттарын, жалпы білім беретін мектептермен және жақын маңдағы үйлерде тұратын қала тұрғындарымен бірлесіп пайдаланатын болады.
3.3. Университет білім алушыларға ақпараттық және білім беру қызметтерін қоса алғанда, жыныстық және репродуктивті денсаулық сақтау қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
ТДМ 4. Барлығын қамтитын және әділ сапалы білім беруді және өмір бойы білім алу мүмкіндігін ынталандыруды қамтамасыз ету.
4.1. Университет жыл сайын білім берудің үш деңгейіндегі білім алушыларды бітіріп шығарады, 2022-2023 оқу жылында бакалавриатты - барлығы: 6578, оның ішінде үздік - 1256, магистратураны - 1774 және докторантураны – 442 түлек табысты бітірді.
4.2. Университет университетте білімалушы ретінде тіркелмегендер үшін де білім беру ресурстарына тегін қол жеткізуді қамтамасыз етеді: кітапхана, онлайн курстар, ашық дәрістер және т. б.
4.3. Университет жалпыға қолжетімді іс-шаралар өткізеді: көпшілікке арналған дәрістер, қоғамдық білім беру іс-шаралары.
4.4. Университетте жалпы жұртшылық үшін ашық іс-шаралар – университетке келмейтін адамдар үшін қысқа курстар өткізіледі.
Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес "Күміс университет" моделін дамыту үшін шаралар жүргізілуде: оқытуға және жұмысқа орналасуға мұқтаж адамдар санатының, оның ішінде басшылардың құзыретін арттыруға бағытталған оқыту бағдарламалары, онлайн-курстар әзірленуде. "Күміс университет" онлайн жобасы Open KazNU ашық білім беру платформасында жаппай ашық онлайн курстар түрінде іске асырылуда.
Университет кампустан тыс жерде: Алматы қаласының жалпы білім беретін мектептері мен колледждерінде мамандандырылған дәрістер мен демонстрациялар арқылы, сондай-ақ Open KazNU ашық білім беру платформасында жаппай ашық онлайн-курстар және Open master Class жобасының онлайн платформасында мастер-класстар нысанында ағартушылық, оның ішінде кәсіптік бағдар беру қызметін жүзеге асырады.
ТДМ 5. Барлық әйелдер мен қыздардың гендерлік теңдігін қамтамасыз ету және құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту.
5.1. Университет студенттерді/қызметкерлерді/оқытушыларды жынысына қарамастан жұмысқа қабылдау, гендерлік теңдік қағидатын құрметтеу және барлық әйелдердің құқықтарын кеңейту бойынша жоспарлы шараларды қабылдауда.
5.2. Университет гендерлік теңдік қағидатын сақтай отырып және барлық әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейте отырып, жынысына қарамастан барлық ниет білдірушілер үшін әділ және жан-жақты сапалы білім алуға мүмкіндік береді.
ТДМ 6. Барлық үшін су ресурстары мен санитарияның болуын және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету.
6.1. Университет су ресурстарын тиiстi басқару туралы ақпарат жеткiзу үшiн Алматы қаласының қоғамдастықтары үшiн бiлiм беру мүмкiндiктерiн бередi, ағартушылық жобаларды iске асыратын болады.
ТДМ 10. Елдер ішіндегі және олардың арасындағы теңсіздікті қысқарту.
10.1. Білім алушыларды/қызметкерлерді/оқытушыларды қабылдау кезінде Университет жасына, жынысына, мүгедектігіне, нәсіліне, этникалық тегіне, дініне және экономикалық немесе өзге де мәртебесіне қарамастан барлық ниет білдірушілер үшін әділ және толық қамтылған сапалы білім алуға мүмкіндік береді.
10.2. Университет ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға (бұдан әрі – ЕБҚ) білім алуға қолдау көрсетеді:
- ЕБҚ бар білім алушылардың, олардың ата-аналарының/заңды өкілдерінің, курстастарының, оқытушыларының және университеттің басқа да қызметкерлерінің ЕБҚ бар білім алушыларды оқытуға, тәрбиелеуге және дамытуға жеке және сараланған көзқарас мәселелерінде кеңес алудағы қажеттіліктерін;
- білім беру бағдарламаларын ЕБҚ бар білім алушылардың жеке даму ерекшеліктеріне және әлеуетті мүмкіндіктеріне сәйкес бейімдеу және олар үшін жеке білім беру траекторияларын әзірлеу;
- сапалы білім алу және олардың білім беру мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, ЕБҚ бар әрбір білім алушының тең қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қашықтықтан және онлайн оқыту технологияларын пайдалану;
- ЕБҚ бар білім алушылармен жұмыс істейтін университет оқытушылары мен қызметкерлерін кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру;
- университетте және оның аумағында болу мен жүріп-тұруды жеңілдету үшін оларға физикалық қолжетімділік беретін және ақылға қонымды құрылғыларды, пандустарды және т. б. қамтитын ЕБҚ бар білім алушылар үшін арнайы жағдайлар жасау, оқыту үшін техникалық, бағдарламалық, кітапханалық және материалдық жарақтандыруды қамтамасыз етеді.
ТДМ 11. Қалалар мен елді мекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, өмірге төзімділігін және экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету.
11.1. Университет климат және тұрақты даму тақырыптары бойынша пәндер мен біліктілікті арттыру курстарын оқуды ұсынады.
11.2. Университет климат пен оның өзгеруін, сондай-ақ тұрақты дамуды зерттейтін пәндерді оқуға ұсынады. Пәндер еуропалық кредиттерді аудару және жинақтау жүйесіне – ECTS сәйкес білім беру бағдарламаларына біріктірілген және климатология мен экологиялық тұрақтылық саласында ресми танылған біліктілікті беруге әкеледі.
11.3. Университеттің білім беру бағдарламалары табиғи процестерді талдау және түсіну үшін қажетті практикалық дағдылар мен ғылыми әдістерді дамытуға бағытталған. Бұл саладағы түлектер табиғи ресурстарды сақтауға және климаттың өзгеруіне қарсы тұруға бағытталған метеорология, экология, география және басқа да осыған байланысты пәндер бойынша маңызды шешімдер қабылдауға қабілетті.
11.4. Қалалар мен елді мекендердің климаты мен экологиялық тұрақтылығының өзекті мәселелері бітіру жұмыстары/жобалары, магистрлік және докторлық диссертациялар шеңберінде қаралады.
11.5. Университет климатты қорғау жөніндегі республикалық және халықаралық ұйымдардың мүшесі болуға ұмтылады.
ТДМ 13. Климаттың өзгеруіне және оның салдарларына қарсы күрес бойынша жедел шараларды қолдану.
13.1. Университет Қазақстан Республикасының тұрғындарының халқы арасында, Алматы қаласының тұрғындарын қоса алғанда, климаттың өзгеру өткірлігінің ауырлығын жұмсартуға және салдарын әлсіретуге, олардың ерте алдын алуға және оларға бейімделуге ықпал ететін ағартушылық іс-шараларды жүргізеді, ақпаратты таратады.
13.2. Университет қоршаған ортаны қорғауды, Орталық Азия өңірі елдерінде су ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуді реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге белсенді қатысады.
13.3. Университет Қазақстан Республикасының Су ресурстарын, теңіз және энергетика құқығын тұрақты қорғау мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы магистранттарды даярлауды жүзеге асырады.
ТДМ 14. Мұхиттарды, теңіздерді және теңіз ресурстарын тұрақты даму мүдделерінде сақтау және ұтымды пайдалану.
14.1. Университет Қазақстан Республикасының барлық мүдделі азаматтары, Алматы қаласының тұрғындарын қоса алғанда, су шаруашылығын зерттейтін гидрология бойынша білім беру бағдарламаларын ұсынады.
14.2. Университет Қазақстан Республикасының барлық мүдделі азаматтары, Алматы қаласының тұрғындарын қоса алғанда балық шаруашылығын, акваөсіруді және туризмді тұрақты басқару бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады және ағарту жұмыстарын жүргізеді.
14.3. Университет Каспий теңізінде және Қазақстанның басқа да су айдындарында, оның ішінде Алматы қаласының тұрғындарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының ниет білдірген азаматтары үшін шамадан тыс балық аулау, заңсыз, хабарланбайтын, реттелмейтін балық аулау және балық аулаудың зиянды әдістері туралы хабардарлықты арттыру мақсатында білім беру іс-шараларын өткізеді.
ТДМ 15. Құрлықтың экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру және оларды оңтайлы пайдалануға жәрдемдесу, орманды оңтайлы пайдалану, шөлге айналуға қарсы күрес, жердің тозуы үдерісін тоқтату және кері бұру және биологиялық алуан түрліліктен айырылу үдерісін тоқтату.
15.1. Университет білім беру бағдарламаларын іске асырады және ауыл шаруашылығы мен туризм үшін жер ресурстарын орнықты басқару; шөлейттену, құрғақшылық және су тасқынынан зардап шеккен жерлерді қоса алғанда, тозған жерлер мен топырақты қалпына келтіру; таулы экожүйелерді сақтау; өңірдің биоалуантүрлілігін сақтау және т. б. бойынша ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізеді.
ТДМ 16. Тұрақты даму мақсатында бейбітшіл және ашық қоғамды құруға жәрдемдесу, барлығына арналған сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз ету және барлық деңгейлерде тиімді, есеп беретін және бұқараның қатысуына негізделген мекемелерді құру.
16.1. Ұлттық заңнамаға және халықаралық келісімдерге сәйкес жұртшылықтың ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету және негізгі бостандықтарды қорғау мақсатында, Университет іске асырылып жатқан білім беру бағдарламалары, оқуға қабылдау ережелері, оқуға жеңілдікті жағдайлар беру, академиялық саясат туралы ақпаратты университеттің ресми сайтында және басқа да ресми ақпараттық және білім беру платформаларында ашық қолжетімділікте жариялайды.
16.2. Университет кемсітушілікке қарсы саясатты ұстанады-қорқыту мен қудалау мүлдем қабылданбайды.
16.3. Университет кемсітушіліктің барлық түріне асқан жауапкершілікпен, өткір әрекет ететін мамандарды дайындауға жағдай жасайды.
16.4. Университет діни конфессиялармен, діни топтардың, түрлі әлеуметтік топтар мен страталардың өкілдерімен ашық диалог саясатын жүргізеді.
16.5. Университет адам құқықтарын қорғау, сот төрелігіне қол жеткізу, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және кемсітушіліктің өзге де нысандарына қатысты өзекті мәселелерді ашық талқылайтын ғылыми конференциялар өткізеді.
16.6. Университет журналист мамандар үшін, заңгерлер үшін азаматтық қоғам институттарын жандандыру мақсатында біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырады.
ТДМ 17. Тұрақты даму мақсатындағы Жаһандық әріптестік шеңберінде жүзеге асыру құралдарын нығайту және жұмысты жандандыру.
17.1. Университет, университеттің ресми платформаларында: сайтта, YouTube-арнада, әлеуметтік желілер беттерінде, сондай-ақ Қазақстан мен шет елдердің БАҚ-тарында 4 "сапалы білім" ТДМ-ға қол жеткізудегі прогресті жариялайды.
17.2. Университетте ТДМ-ға арналған арнайы білім беру бағдарламалары, пәндер, онлайн курстар жүзеге асырылады.
17.3. Университет түлектерді, жергілікті тұрғындарды, қоныс аударушыларды қамтуы мүмкін кең қоғамдастық үшін арнайы білім беру қызметін жүргізеді.