Жиі қойылатын сұрақтар
Білім алушыларды бір білім беру бағдарламасынан/мамандықтан екіншісіне, бір тілдік бөлімнен екіншісіне, бір білім беру ұйымынан екіншісіне ауысу және қайта қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың жазғы және қысқы демалысы (каникул) кезеңінде жүзеге асырылады
Білім алушылар ЖОЖ-ға сәйкес меңгеріп жатқан бағдарламаның бірінші академиялық кезеңін толық ойдағыдай аяқтаса, олар оқудан шығарылғаннан кейін ауыса алады немесе қайта қабылдана алады. Оқытудың бірінші семестрінің пәндері бойынша бір немесе одан да көп «қанағаттанарлықсыз» бағасы бар тұлғалар ауыстыруға және қайта қабылдауға жатпайды.
Келісімшарт негізінде немесе білім грантын сақтай отырып университетке ауысу үшін студенттің ҰБТ немесе КТ сертификаты түсу жылына бекітілген өту балынан төмен және үлгерімнің орташа GPA балы университетте белгіленген ауысу балынан төмен болмауы тиіс.
- Білім алушы жеке оқу жоспары бойынша игерілген бағдарламаның бірінші академиялық кезеңін аяқтауы тиіс. Бірінші семестрдегі пәндер бойынша бір немесе бірнеше «қанағаттанарлықсыз» баға алған тұлғалар оқуға қабылдана алмайды және ауыса алмайды;
- Басқа ЖЖОКБҰ-дан университетке білім берудің барлық деңгейлерінде бітіру курстарына ауысуға жол берілмейді.
Білім беру гранты негізінде білім алатын студенттерді, магистранттар мен докторанттарды Қазақстан Республикасының басқа ЖЖОКБҰ-дан Ұлттық университетке ауыстыру білім алушылардың білім беру грантының құнындағы айырмашылығын қосымша төлеген жағдайда жүзеге асырылады. Ол үшін басқа ЖЖОКБҰ-дан ауысатын білім алушы университетпен тиісті шарт жасасады.
- Жекелеген ЖЖОКБҰ-лар үшін бекітілген білім беру гранты бойынша, сондай-ақ бөлінген квота шегінде педагогикалық мамандықтарға түскен студенттер басқа ЖЖОКБҰ-ға ақылы негізде ғана ауысады.
Білім алушыларды ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде олардың одан әрі оқыту курсы алдыңғы академиялық кезеңдерде оқыған оқу жұмыс жоспарларындағы пәндер бойынша академиялық айырмашылықтың болуы/болмауы, пререквизиттер ескеріле отырып айқындалады. Осы тұрғыда ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде академиялық айырмашылық 30 академиялық кредиттен аспауы тиіс.
Басқа ЖЖОКБҰ-ға ауысқысы келетін студент білім беру ұйымы басшысының атына ауысу туралы өтініш береді.
- Тіркеуші кеңсесінен 2 дана транскрипт алады.
- Ауысуға рұқсат алғаннан кейін білім алушы ауысқысы келетін білім беру ұйымының басшысына өтініш жазады.
- Құжатты жеке өзі рәсімдеу мүмкіндігі болмаған кезде ол Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен ресімделген сенімхат бойынша үшінші тұлға жүргізе алады.
Бос білім гранттары БББТ бөлінісінде ақылы негізде оқитын білім алушыларға конкурстық негізде беріледі. Конкурс үлгерімнің GPA орташа балы негізінде аралық аттестаттаудың нәтижесі бойынша өткізіледі.
Академиялық демалыс алу, создыру және қайта оқуды жалғасыру үшін білім алушы Univer АЖ-дегі өзінің жеке парақшасынан «е-қызметтер» бөлімі арқылы электрондық өтініш береді және тиісті құжаттың түпнұсқасын «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, Студент кеңсесі, 103 кабинетке өткізеді.
Білім алушы өз қалауы бойынша университеттен шығу үшін Univer жүйесіндегі өзінің жеке парақшасынан, «е-қызметтер» арқылы электрондық өтініш береді. URL мекенжайы: https://univer.kaznu.kz.
Білім туралы құжаттың түпнұсқасын (аттестат/диплом) алу үшін білім алушы кету парағын студент кеңсесі, 103, 104 кабинеттерге тапсыруы керек.
• Білімі туралы құжатты жеке өзі алу мүмкін болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген сенімхат бойынша үшінші тұлға алуға болады.
Тіркеу кеңсесі – студенттердің барлық оқу жетістіктерін тіркейтін және білім мониторингі мен академиялық рейтингтік есеп берудің барлық түрлерін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін академиялық қызмет. Қарапайым сөзбен айтқанда, бұл барлық пәндер мен студенттердің бағалары жазылатын кабинет.
Тіркеуші кеңсесі академиялық ережелер мен процедуралардың сақталуын қадағалайды, білімді бақылауды ұйымдастыруды, оқу жетістіктерінің бүкіл тарихын тіркеуді және білім берудің барлық нысандары бойынша білім алушылардың академиялық рейтингін есептеуді қамтамасыз етеді.
Транскриптті онлайн және/немесе офлайн форматта алуға болады. Ректордың қолы қойылған және университет мөрімен расталған ресми транскриптті тіркеуші кеңсесі береді. Транскрипт студенттің өтініші бойынша оның оқуының кез келген кезеңіне беріледі. Бейресми транскриптті (ректордың қолы қойылмаған және мөрмен расталмаған) «Универ» АЖ-дағы білім алушының жеке кабинетінен жүктеп алуға болады. Транскрипт 3 тілде (білім алушының қалауы бойынша) беріледі: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде беріледі.
Ио1 –цифрлық эквиваленттегі пәннің қорытынды бағасы;
К1 –өтілген пәннің кредит көлемі;
n – оқу барысында өтілген пәндердің саны.
Сондай-ақ, “Онлайн калькулятор GPA” көмегімен де санап алуға болады: https://www.scholaro.com/gpa-calculator/
ҚазҰУ-де курстан курсқа көшіру GPA балға байланысты болады.
GPA деңгейін жазғы семестрде белгілі бір пәндерді ақылы негізде қайта оқып, олар бойынша емтиханды қайта тапсыру арқылы көтеруге болады.
Жеке оқу жоспары эдвайзер көмегімен бір оқу жылына білім алушының өзі таңдаған пәндер негізінде қалыптасады. ЖОЖ-ға білім алушының өзі қол қояды, эдвайзер, тіркеуші кеңсесі келіседі және факультет деканы бекітеді. Бекітілген ЖОЖ-ды біліс алушы «Универ»-дегі жеке кабинетінен ала алады.
Жазғы демалыс уақытында академиялық қарыздарды немесе айырмашылықтарды жою үшін жазғы семестр (бітіруші курстан басқасы үшін) ұйымдастырылады. Жазғы семестрге қатысатын білім алушылар «Универ» жүйесі арқылы қайта оқуға немесе пән айырмашылығын жоюға тіркеледі. Мемлекеттік бюджеттен (грант) қаржыланатын академиялық демалыстан шыққан немесе академиялық ұтқырлық бойынша оқып келгендердің қарыздарынан басқа барлық қарызды жою ақылы түрде жүреді. Сондай-ақ, грантын сақтай отырып басқа жоғары оқу орнынан ауысқан кезде білім алушыға ауысқаннан кейінгі бірінші оқу жылында оқу пәндерін тегін оқуға бір реттік мүмкіндік беріледі. Егер жоспардағы пән айырмашылығын ағымдағы оқу жылы (жазғы семестрді қоса алғанда) жоймаса, онда бұл академиялық қарыз болып есептеледі және білім алушы грантынан айырылады, курсында қайта қалады.
Аралық бақылау (АБ) бұл академиялық күнтізбеге сәйкес болатын, білім алушының бір пән шеңберіндегі оқу жетістіктерін бақылау болып табылады. Университетте 2 АБ бекітілген:
АБ1 - семестрдің алғашқы 7 аптасы барысындағы үлгерімін бағалау;
АБ2 - семестрдің 8-15 апта арасындағы үлгерімін бағалау.
mах. АБ 100 баллдан кем болмау керек.
Емтихан сессиясының (аралық аттестаттау) ұзақтығы академиялық күнтізбеге сәйкес анықталады және пәнді оқып біткен соң жүргізіледі.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде үш ресми онлайн-платформа қолданылады:
- Univer ақпараттық жүйесі (https://univer.kaznu.kz/) білім алушылардың пәндер бойынша оқу-әдістемелік әдебиетке қолжетімділігін қамтамасыздандырып, білім алушылардың үлгерімін тіркеуді және асинхронды режимде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін;
- Moodle қашықтықтан оқыту жүйесінде (https://dl.kaznu.kz/) қашықтықтан оқыту кампустық онлайн курстар (SPOC)форматында, асинхронды және байланыс сервистерінің кіріктірілген чаттары мен бейне-конференцияларын қолдана отырып синхронды да қашықтықтан оқыту мүмкіндігімен жүзеге асырылады.
- Open KazNU онлайн білім беру платформасы (https://open.kaznu.kz/) білім алушыларға, сондай-ақ сыртқы тыңдаушыларға ресми және бейресми оқытуды өткізу үшін университеттің жаппай ашық онлайн курстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
- Университет қызметкерлеріне Univer жүйесінің логиндері мен парольдерін, білім беру технологияларының инфрақұрылымды дамытуды қамтамасыз ету департаментінің сүйемелдеу бөлім мамандары, жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шыққаннан кейін ғана береді.
- Студенттерге Univer жүйесінің логин мен паролін өзінің тікелей кураторы-эдвайзерлерінен алады (студенттерге логин мен парольді куратор-эдвайзер береді).
- Оқытушылар мен білім алушылардың Moodle қашықтықтан оқыту жүйесіне кіру логин мен парольдері, Univer жүйесінің логині мен паролімен сәйкес келеді (Moodle қашықтықтан оқыту жүйесіне Univer жүйесінің логині мен паролімен кіресіздер).
- Open KazNU ға қол жеткізу үшін оқытушылар мен студенттер https://open.kaznu.kz/register?next=%2F электронды мекен-жайы бойынша тіркелуден өту немесе Univer жүйесінің логині мен паролімен жүйеге кіру керек.
Иә, сіз Open KazNU https://open.kaznu.kz/courses платформасында университеттің кез келген жаппай ашық онлайн курсында тегін оқи аласыз. Оқу кестесі: еркін. Егер Сізді қызықтыратын курс мұрағатта болса-курсты қайта бастау үшін платформада көрсетілген контактілер арқылы байланысу қажет.
Иә, сіз Al-Farabi Kazakh National University on Coursera бағдарламасы аясында Coursera платформасында тегін оқи аласыз. Сізге бағдарлама каталогынан жылына бір тегін курс қол жетімді.
Қол жеткізу үшін сізге қажет:
- Coursera сайтында тіркеліңіз https://www.coursera.org/?authMode=signup
- Бағдарламадағы тіркеу нысанын толтыру https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSe0mtF4PVlwVAHg_TqyCe2FJOs1HvoxZzhIVLGyZyq3EjszoQ/viewform
Ия, онлайн-курсты жасау үшін Сіз онлайн-курстардың педагогикалық сценарийлерін таңдау конкурсына қатысуыңыз керек және оны сәтті аяқтап, онлайн-курсты құруыңыз керек. Ол университеттің цифрлық платформаларында жарияланады.
әл-Фараби ҚазҰУ-де қашықтықтан оқытуды қолдануға рұқсат етіледі:
-
денсаулық жағдайы туралы дәрігерлік–консультациялық комиссияның қорытындысы бар білім алушыларға;
-
қатысу кезеңіне арналған халықаралық, республикалық оқу–жаттығу жиындарына, спорттық жарыстарға, зияткерлік және шығармашылық конкурстар мен фестивальдарға қатысушыларға;
-
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алушыларға;
-
қос дипломдық бағдарламалар және алмасу бағдарламалары бойынша білім алушыларға;
-
ҚБТ қолдана отырып оқыту, күндізгі оқу нысаны бойынша оқыту мүмкін болмаған кезде, университеттің академиялық кеңесінің дәлелді негіздемесі мен шешімімен факультеттің ұсынысы негізінде жоғарыда аталмаған өзге де жағдайларда білім алушыларға қатысты да қолданылуы мүмкін.
Иә, онлайн курсты сәтті аяқтасаңыз (белгіленген ұпай шегін жинау арқылы) сіз сертификат ала аласыз.
Univer Test Reader бағдарламасы формулаларды оқуы үшін оларды Microsoft Word →Крістіру → Теңдеу → Жаңа теңдеуді енгізу немесе формуланы Latex, mathtype (математикалық формула редакторы) бағдарламасы арқылы енгізу қажет.
https://univer.kaznu.kz/ жүйесінде аралық бақылауды сынамалық тест түрінде қабылдау үшін, арнайы жасалған тест тапсырмаларының жиынтығын жүктеу қажет немесе ағымдағы сессияда қолданылмайтын тест тапсырмаларының жиынтығын пайдалануға болады.
https://online-test.kaznu.kz/ жуйесі бар, онда талапкерлер, университет студенттері үшін, сондай-ақ түлектер үшін (Талапкерлер арасындағы әл-Фараби Халықаралық олимпиадасы, студенттер арасындағы олимпиадалар, «Педагогикалық ғылымдар» бағытындағы бітіруші курс студенттеріне тестілеу және ПББ педагогтарының білімін бағалау нәтижелерін талдау, магистратураға түсу үшін университет түлектерін даярлау) әртүрлі онлайн тестілеуді өткізуге болады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірген өтілі жоқ педагогтерге кандидаттар үшін, сондай-ақ педагогикалық қызметті қайта бастағысы келетін адамдар үшін пәндік білім блогы бойынша – 15 балл, оқыту әдістемесі блогы бойынша – 10 балл жинау қажет.
Жоқ, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында (47-баптың 17-тармағы) ауылдық квота бойынша оқуын аяқтаған түлектерді жұмысқа орналастыру үшін негіз қарастырылмағандықтан, жастардың еңбегін есепке алу мүмкін емес.
Оқу аяқтаған жас мамандар мен PhD докторлары жұмыс орнына өз бағыты бойынша 1 қыркүйектен кешіктірмей келеді (Дербес бөлу уомиссиясының шешіміне сәйкес).
«Қаржы орталығы» АҚ білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы ретінде бітірушілердің жұмысты орындау жөніндегі міндеттемелерін орындауына немесе орындалмаған жағдайда бюджеттік шығындарды өтеуге мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады.
Жұмыс процесінде бұзушылықтар анықталған жағдайда «Қаржы орталығы» АҚ жас мамандармен, PhD докторларымен және саладағы докторлармен жұмыс жүргізеді: міндетті жұмыс туралы жазбаша хабарлама дайындау, жас мамандарды олар көрсеткен байланыстар бойынша шақыру, әлеуметтік желілерде іздеу. Ал егер орын алған бұзушылықтар жойылмаса және/немесе жұмыстан бас тартылса, бюджет қаражатын мемлекетке қайтару, оның ішінде сот тәртібімен де жүргізілуде.
Жас маманға міндетті әскери қызметке түсу немесе шақырылған кезде кейінге қалдыру уақыт беріледі (Жас мамандарды және PhD докторларын жеке тағайындау жөніндегі комиссияның шешімімен жазбаша өтініш пен растайтын құжат негізінде қосымша хаттама жасалады) және қызмет көрсету уақытында өтеу уақыты есептелмейді.
Жас мамандарды дербес бөлу жөніндегі комиссияның немесе PhD философия докторларын дербес бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен (Бөлу жөніндегі комиссия , яғни жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қосымша хаттама дайындайды, тиісті құжаттармен расталуы тиіс) мынадай санаттар Заңда көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босатылады:
1) жұбайы (зайыбы) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өтеп жатқан елді мекенде бос жұмыс орны болмаған жағдайдағы адамдар;
2) I және II топтағы мүгедектер;
3) одан әрі оқуға магистратураға, резидентураға, докторантураға түскен адамдар (ақылы негізде, мемлекеттік тапсырыста оқу немесе шетелдік білім беру ұйымына түскен кезде);
4) жүкті әйелдер, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сондай-ақ оны (оларды) жалғыз тәрбиелеп отырған адамдар.
Жоқ, аталған ұйымдарда жұмыс істеу жұмысты өтеу есебіне саналмайды. Өйткені, Заңның 47-бабының 17-тармағына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтарға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл сәйкесінше мемлекеттік білім беру ұйымдарында және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыспен өтеуге міндетті. Заңда оқу бітірушілерді мемлекеттік ұйымдарға жұмысқа орналастыру үшін негіздер қарастырылмағандықтан, жоғарыда аталған ұйымдағы жұмысты жұмысты өтеу мерзіміне есепке алу мүмкін емес. Жас маман мемлекеттік білім беру ұйымына (мектеп, балабақша, бөбекжай-бақша, колледж, университет) және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымына (ауруханалар, емханалар) жұмысқа орналасуы тиіс.
Ақылы негізде оқудан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауысқан кезде жас маман 3 жыл жұмыс істемейді, мемлекет қарамағында нақты оқу уақытына сәйкес жұмыс істейді.
Жоқ. Әзірлеу міндеті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында оқуды аяқтағаннан кейін күшіне енеді.