КАМПУС
Университет қалашығына қош келдіңіздер!
«КАЗГУГРАД» КАМПУСЫНДА ТҰРУ
Университет қалашығына қош келдіңіздер!
|
Университеттің жаратылыстану ғылымдар факультеттері, бассейн, жаңа ғылыми кітапхана құрылысы шарықтау шегіне жетуде. ҚазҰУ территориясы нағыз университет кампусы – қала ішіндегі қалаға айналды. ҚазҰУ мұражайы, тәулік бойы жұмыс жасайтын 300 орындық жастар Интернет-орталығы құрылыстары аяқталып, қолданысқа берілді. |
Қала ішіндегі қалашық
|
Қазақ ұлттық университеті – бұл 14 факультеттен, колледж, біліктілікті жетілдіру институты, 20 ғылыми зерттеу институттары мен ғылыми орталықтар, технопарктен тұратын қалашық. Университетте Қазақстан-Үндістан ақпараттық технология орталығы, Қытай тілі орталығы, Еуропалық құжаттар орталығы, НАТО орталығы, Америкалық орталық, қолданбалы лингвистика мен мәдениаралық байланыс орталығы орналасқан. |
Әл-Фараби атындағы университетте
|
Университет қалашығы территориясында толыққанды білім алуға арналған барлық жағдай жасалған: жаттығу залы, спорт алаңы мен секциялары бар таңғажайып спорт комплексі, медициналық пункт. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Республика бойынша ең жоғарғы студенттік спорт базасымен қамтылған: 5 мың көрерменге арналған трибуналы алаң, екі футбол алаңы, жаздық ойындар алаңы, теннис корттары, спорттық ойындар залы мен күреске, боксқа, ритмикалы және атлетикалы гимнастикаға, үстел теннисіне, бадминтон және мини футболға арналған залдар бар. |
Кітапхана, оқу залдарының жүйесі
|
Жыл сайын 40-45 мың дана көлеміндегі жаңа басылымдармен толықтырылып отыратын кітапхананың 2 миллионға жуық қоры бар. Кітапханадағы оқырмандар саны 20 мың адам, бұл тек қана студенттер емес, сонымен қатар профессорлық-оқытушылық құрам, ғылыми қызметкерлер құрамы. Кітапханада 1992 жылдан бері жұмыс атқаратын және ғаламторда орнатылған электронды каталог, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің мәтіндік ақпарат мәліметтерінің екі базасы, «Қазақстан тарихы» картотекасы, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми еңбектерінің автоматтандырылған библиографиялық картотекасы университет жүйесіне енгізілген. «Оқу жүйесінің кітаппен қамтылуы» атты электронды картотека бар. 300 орынды жастар Ғаламтор орталығы қазіргі таңдағы ғаламтор қызметтерімен қамтамасыз етіліп, таңертеңнен кеш батқанша жұмыс жасайды, сонымен қатар ҚазҰУ қалашығының барлық территориясында сымсыз жүйе WI-FI жұмыс атқарады. |
Студенттер сарайы
|
Жастардың еркіндігі мен шығармашылық қабілеттілігінің потенциалын ашатын республикадағы бірден-бір Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы. Онда жастар қазақтың халық аспаптары оркестрінде музыкамен шұғылданады, сондай-ақ, «Біз» студенттер театрында, көркем өнерпаздар үйірмесінде таланттарын шыңдайды. Халықаралық күлкі күнінде студенттер сарайында жыл сайын КТК фестивальі өткізіліп тұрады. Көпшілік көңілінен шыққан бұл конкурста КТК мен колледждің ең жақсы командалары өнер көрсетеді. Клуб студенттердің тілдік дайындығын қамтамасыз ететін қытай, француз, неміс, ағылшын, испан тілдерінде жұмыс жасайды. |
Орналастыру
|
Өзге қалалардан келген студенттерге жатақханалар (студенттер үйі) беріледі. ҚазҰУ да 14 жатақхана бар және әрқайсысы жоғарғы деңгейдегі жайлылықпен, қауіпсіздікпен, басқа да барлық жағдайлармен (душ, ас үй, демалыс бөлмесі, спорт зал, Интернет орындары, телефон байланысы) қамтамасыз етілген. «КазГУград» территориясында ыстық тамақпен тамақтандыратын орындар 8.00 ден 22.00-ге дейін жұмыс жасайды. КазГУградта орналасқан ҚазҰУ кинотеатрында әр апта сайын жаңа кинокөрсетілімдер мен әлемдік премьералар көрсетіліп отырады. |
Ыстық көлге қош келдіңіздер!
|
Ал Ыстық-Көл жағалауындағы университетіміздің спорттық-сауықтыру көпқабатты пансионатында жыл сайын студенттер мен оқытушылар денсаулықтарын жақсартып, демалып отырады. |
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кампусы әкімшілік және оқу корпустарынан, сондай-ақ Алматы қаласында орналасқан студенттік үйлерден тұрады. Университеттің кампусы төмендегідей қызметтерді көрсетеді:
− Мемлекетаралық келісімдер (келісімшарттар) бойынша қазынаға оқуға қабылданған шетел азаматтары ҚазҰУ-да оқитын қазақстандық оқушылармен ортақ негізде студенттік қалашық студенттерінің үйлеріне орналастырылуын қадағалайды.
− Студенттік үйлерді орналастырудың, жабдықтаудың және күтіп ұстаудың санитарлық ережелеріне сәйкес құрамы мен ауданы бойынша санитарлық-тұрмыстық мақсаттағы үй-жайлардың бөлінуін және жарақтандырылуын бақылайды.
− Студенттік қалашық студенттік үйлердің шаруашылық қызметі мен пайдаланылуына, халықтың тұрмысын ұйымдастыруға, оларда белгіленген тәртіпті сақтауға жалпы басшылықты жүзеге асырады.
− Студенттер үйінде студенттер өз мүдделерін білдіретін өзін-өзі басқару органымен,студенттер кеңесімен бірлесіп жұмыс істейді.
− Студенттік кеңестің,студенттік ұйымдардың,қабаттардың (блоктардың) басшыларының қызметін үйлестіреді, студенттік үйлердің өзіне-өзі қызмет көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.Студенттік үйлерде және іргелес аумақта қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауға (өз еркімен) тұратындарды тартады, студенттік үйлердің әкімшілігі тұрғынға бекітілген материалдық құндылықтардың сақталуын бақылауды ұйымдастырады, мәдени-бұқаралық жұмысты ұйымдастырады.
− Барлық студенттік үйлердегі жұмысты үйлестіру үшін ҚазҰУ студенттік үйлердегі студенттік ұйымдармен ынтымақтастықты үйымдастырады. Олардың іс-шараларын қадағалайды.
− ҚазҰУ студенттік ұйымдар арқылы халықты тұрғын үй - тұрмыстық қамтамасыз етуді жетілдіру, тәрбие жұмысы мен бос уақытты ұйымдастыру, өз бетінше жұмыс істеу үшін үй-жайларды жайластыру және ресімдеу мәселелерін шешуге басшылық етеді. Студенттік үйлердің үй-жайларына, жабдықтарына және мүліктеріне ұқыпты қарауды, электр энергиясын, суды үнемді жұмсауды, тұрғын үй-жайлар мен ортақ пайдаланылатын орындарда тазалықты сақтауды, өзінің тұрғын бөлмелерінде (блоктарында) күнделікті тазалауды бақылайды.
− Студенттік ұйымдармен бірлесе отырып, студенттік үйлерде оларға алкогольдік, есірткілік немесе мас күйінде болуға тыйым сала отырып, қатаң тексеру мен бақылауды ұйымдастырады.
− Құқық бұзушылықтардың алдын алу және алдын алу, студенттердің құқықтары мен мүдделерін студенттер арасындағы құқыққа қайшы әрекеттерден қорғау үшін ҚазҰУ студенттік қалашық басшылығына тікелей бағынатын құқықтық тәртіпті қорғау жөніндегі отрядтарды ,студенттік ұйымдарды қалыптастырады және іс-шараларға басшылық етеді.
− Ішкі істер органдарына бұзақылыққа, маскүнемдікке, нашақорлыққа, мүлікті ұрлауға, бопсалауға, санитария мен гигиенаға, басқару тәртібіне және басқа да құқық бұзушылықтарға қарсы күресте көмектеседі және бірлесіп шаралар қолданады.
− Кампус әкімшілігіне қоғамдық тәртіпті бұзу туралы хабарлауды ұйымдастырады, сондай-ақ қылмыстық жағдайды талдайды және құқық бұзушылыққа ықпал ететін мән-жайларды жою және тәртіпті қалпына келтіру бойынша қабылданған шаралар туралы өз ұсыныстарын ұсынады. Факультет басшыларымен ынтымақтасады.
Байланыс
Студенттер қалашығы директоры Сейтжанов Абдықахар Ануарұлы 8-701-715-75-74:
Студенттер қалашығы директорының орынбасары Қалшаев Есенғали Тұрлыбекович 8-777-705-00-03.
Студенттер қалашығының бас маманы Дихан Берик Куанышбайұлы 8-701-311-34-14
Студенттер қалашығының бас маманы Сатыбалдиева Бахыткуль Бахытбековна 8-708-843-29-24
Студенттер қалашығының бас маманы Тогузбаева Алия Кайратовна 8-777-706-64-69
Студенттер қалашығының бас маманы Худайбергенов Жасур Тилеубергенұлы 8-707-774-47-92
Паспорт үстелі Абильдаева Айгуля Амангелдиевна 8-707-570-55-03
Паспорт үстелі Абдикарим Айнур Абдуллақызы 8-707-137-00-90