Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғылыми-білім беру әлеуеті жоғары және әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналуды мақсат тұтады. Үкіметтің 2022 жылғы 25 шілдедегі қаулысына сәйкес ҚазҰУ-ға зерттеу университеті мәртебесі берілді және ҚазҰУ-дың 2022-2026 жылдарға арналған Даму Бағдарламасы бекітілді.
Мақсаты
ХХІ ғасырдың сын-тегеуріні мен зияткерлік талаптарына жауап беретін жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандардың әлеуетін арттыру, білім, ғылым, бизнес интеграциясы және оқытудың инновациялық әдістері есебінен ұлттық және халықаралық беделді көтеру.
Меже
Әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналу, ғылыми-білім беру кеңістігінде халықаралық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізу.
Тарихы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Қазақстандағы ең көне университеттердің бірі. 1991 жылғы 23 қазанда университетке Шығыстың ұлы ғалымы, ойшыл, энциклопедист, «Әлемнің екінші ұстазы» Әбу Насыр әл-Фарабидің есімі берілді.
ҚазҰУ 1934 жылы ашылды. Өз қызметін бастаған жылдардан-ақ ол мемлекеттік басқаруға, ғылымды, білім беруді, мәдениетті дамытуға, заманауи бизнес пен инновациялық экономиканы қалыптастыруға зияткерлік үлес қосатын мыңдаған маман иелерін даярлап шығарды.
Жетістіктер
01
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ QS Asia University Rankings 2023: Central Asia рейтингінде Орталық Азиядадағы бірінші жоғары оқу орны болып танылды.
02
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті QS Asia University Rankings рейтингінде 44-орында.
03
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – Орталық Азиядағы QS Stars Rating System рейтингінде жоғары баға алған бірінші және жалғыз жоғары оқу орны.
04
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті QS Emerging Europe and Central Asia University Rankings рейтингінде Еуропа мен Орталық Азияның үздік университеттері арасында 16-орында.
05
Елдің жетекші университеті Employability Rankings QS Graduate халықаралық рейтингінде түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша үздік 201-250 орынға көтеріліп, көшбасшылардың бірі болып, өз позициясын нығайтты. Жұмысқа орналастырылған түлектердің үлесі бойынша университет әлемде 55-орында.
06
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті World Academic Ranking of Universities – European Standard (ARES) беделді еуропалық рейтингінің «АА+» бағасын алды және рейтингте жетекші еуропалық университеттермен қатар орналасты.
07
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Times Higher Education Asia University Rankings рейтингінде үздік 401-500-орындардан көрінді.
08
Біріккен Ұлттар Ұйымы және төртінші БҰҰ-ның Тұрақты даму жөніндегі «Академиялық ықпал» бағдарламасының жаһандық хабын басқару тарапынан ҚазҰУ үлкен сенімге ие.
09
ҚазҰУ THE Awards Asia – 2020 рейтингінде «Басшылық пен басқарудың көрнекті командасы» номинациясына ұсынылды.
10
Университет Metric Ranking of World Universities UI Green рейтингінде ең экологиялық таза жоғары оқу орны арасында 212-орынға ие болып, позициясын нығайтты.
Стратегия
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті елеулі ғылыми-білім беру әлеуетіне ие және одан әрі әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналу мақсатын қояды.
Үкіметтің 2022 жылғы 25 шілдедегі қаулысымен ҚазҰУ-ға зерттеу университеті мәртебесі берілді және ҚазҰУ-дың 2022-2026 жылдарға арналған Даму бағдарламасы бекітілді.
Даму бағдарламасы Жоғары білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік басымдықтарды ескере отырып және Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары, «Білімді ұлт» сапалы білім беру», «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобалары және Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде әзірленді.
Даму бағдарламасы төрт стратегиялық мақсатты айқындайды:
1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейлерінде ғылыми қызметті және білім беру процесін интеграциялау.
2. Университетте білім берудің перспективалы моделін қалыптастыру және академиялық көшбасшылықты қамтамасыз ету.
3. Университет ғылымының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын үлесін арттыру.
4. Университеттің орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін корпоративтік басқарудың тиімді моделін құру.
Даму бағдарламасына сегіз нысаналы индикаторда енген:
– халықаралық рейтингтердің үздік Топ-300 қатарына енген білім беру бағдарламаларының үлесі;
– білім алушылардың жалпы контингентінен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары (магистранттар, докторанттар) бойынша білім алушылардың үлесі;
– оқыту мен тағылымдамадан, оның ішінде QS WUR халықаралық рейтингінің үздік Топ-300 жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖООКБҰ) өткен оқытушы-профессорлар құрамының (бұдан әрі – ОПҚ) үлесі;
– зертханалық жабдықтардың жаңартылуын ескергенде, Қазақстан Республикасы бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығындардың жалпы көлеміндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру үлесі;
– Scopus-та ҚР ғалымдарынан дәйексөз келтірудің жалпы санынан Scopus дерекқоры бойынша ғалымдардың жарияланымдарынан дәйексөз келтіру үлесі;
– ғылыми жобалардың жалпы санынан ҚР ЖЖОО КБҰ-мен және ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесіп орындалған жобалардың үлесі;
– корпоративтік басқару жүйесіне тартылған ОПҚ-ның, білім алушылардың және қызметкерлердің үлесі;
– университеттің жалпы кірісіндегі коммерциялық қызметтен түскен кірістің үлесі.