Баспасөз қызметі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ақпарат және коммуникациялар департаменті жоғары оқу орнының қызметін насихаттауға арналған іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз етеді. Басқарма Төрағасы – Ректор қатысуымен өтетін іс-шараларды және шетелдік іс-сапарларын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Басқарма Төрағасы – Ректордың БАҚ өкілдерімен кездесулерін, баспасөз конференцияларын, сұхбаттары мен брифингтерін ұйымдастырады.
Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ – Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі. Қазақстан Журналистер одағы, Қазақстан Жастар одағы «Серпер» және Халықаралық Жамбыл қорының «Жамбыл» сыйлығының иегері. Президенттің Алғыс хатымен, ТҮРКСОЙ ұйымының, Еуразия Жазушылар қауымдастығының баспасөз саласындағы арнайы жүлдесімен марапатталған. Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен «Тәуелсіздік тудырған таланттар» және Қытай Халық Республикасында «Танымал әннің тарихы» кітабы жарық көрген. Республикалық, халықаралық байқаулардың жүлдегері.
«Айқын» республикалық газетінде Мәдениет, Ақпарат бөлімдерінің меңгерушісі, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ бас сарапшысы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ Ақпараттық жұмыс және жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы (Баспасөз хатшысы) қызметтерін атқарды. Қазіргі сәтте Ақпарат және коммуникациялар департаментінің директоры (Баспасөз хатшысы).
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз хатшысы
Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ
Әл-Фараби даңғылы 71
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ақпарат және коммуникациялар департаменті:
- Басқарма Төрағасы – Ректор қатысуымен өтетін іс-шаралардың кәсіби және сапалы фото және бейнетүсірілімдерін әзірлейді.
- Университеттің ресми веб-сайтына ақпараттық материалдарды дайындайды, редакциялайды, орналастырады.
- Сонымен қатар университет жетістіктерін, ғалымдардың инновациялық жобаларын көпшілікке таныстырады.
Департамент құрамында төрт басқарма, бір сектор бар.
1. Баспасөз қызметі басқармасы университет өмірінен www.Farabi.university сайтында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ақпарат таратып, жоғары деңгейдегі іс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Басқарма Төрағасы – Ректор қатысуымен өтетін іс-шараларға аккредиттелген журналистердің жұмысын үйлестіреді.
«Farabi media» ютуб-каналына контент әзірлейді. БАҚ өкілдерінің ресми сауалдарына жауап береді.
Басқарма құрамындағы Ақпарат және мониторинг секторы БАҚ-қа күнделікті мониторинг жүргізіп, ҚазҰУ-дың сарапшы-ғалымдары мен спикерлерінің әртүрлі телебағдарламаларға қатысуын жүзеге асырады. Медиакеңістікте қоғамның теріс пікіріне әкелетін ақпарат анықталған жағдайда бірінші басшыға уақытында баяндап отырады.
2. FARABI MEDIA басқармасы
Шығармашылық телестудия іс-шараларды кәсіби және сапалы фото-бейнетүсірілімдермен қамтамасыз етіп, хроникалық сюжеттер, деректі фильмдер мен арнаулы бағдарламаларды дайындайды. Атап айтқанда: «Ойталқы», «ҚазҰУ-дың инновациялық жобалары», «Көшбасшылық дәрістер», шетелдік профессорлар мен оқытушы-профессорлар құрамының дәрістері, «Аптаның айшықты оқиғалары» және басқа бағдарламалар.
3. Farabi University сайт басқармасы
Басқарма білім ордасының Farabi University ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларына ақпараттық материалдарды, баспа, аудио, фото және бейнеөнімдерді орналастырады. Оқытушы-профессорлар құрамы ұсынған ақпараттарды өңдеп, БАҚ-ты ақпараттық материалдармен қамтамасыз етеді.
2023 жылы университет сайтын ақпараттық Smart-платформаға айналдыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды.
Жаңа сайт-платформаның басты артықшылықтары:
– Оқу ақысын онлайн төлеу мүмкіндігі қарастырылған.
– Білім бағдарламаларын таңдауға мүмкіндік беретін фильтр жұмыс істейді.
– Бастапқы бетте университеттің негізгі көрсеткіштері автоматты түрде жаңартылып отырады.
– Онлайн-сервистер қатары енгізілді.
– Сайт кескіні мен модульдері заманауи дизайнмен әрленді.
«QAZAQ UNIVERSITETI» газеті
«Qazaq universiteti» – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың төл басылымы. Апталық 1948 жылдың 20 сәуірінен шыға бастады. Басылым 2022 жылдың қаңтар айынан республикалық мәртебеге ие болды. Тиражы – 2000 дана. Газеттен салиқалы сұхбаттарды оқып, студенттерге арналған беттер және ғылыми мақалалармен танысуға болады.
Газеттің негізгі бағыты – оқырмандарды елдегі және университеттегі айтулы жаңалықтармен таныстыру. Мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дайындалады.
«Qazaq universiteti» газеті 2022 жылдың қаңтар айынан республика көлемінде таратылады. Газетке Halyk bank QR қосымшасы арқылы жазылуға мүмкіндік бар.
Алмат ИСӘДІЛ – Ақпарат және коммуникациялар департаментінің шеф-редакторы. Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын, аудармашы, журналист.
«Алматы ақшамы» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, «Елорда» баспасында әдеби редактор, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, Қазақ-Британ техникалық университетінің редакциялық-баспа департаментінің бас менеджері, «Қазақ радиосы» бағдарламалар бөлімінің шеф-редакторы, «Әдебиет айдыны» газеті бас редакторының бірінші орынбасары, «Жас қазақ үні» газеті бас редакторының бірінші орынбасары, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының жүргізуші-редакторы, «Алаш айнасы» газетінде Мәдениет бөлімінің редакторы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Қоғаммен байланыс және редакциялық қызмет басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
Түріктің Юнус Эмре сынды классиктерімен қатар, Еуропа, орыс поэзиясы өкілдерінің шығармаларын қазақшалаған, Олжас Сүлейменовтің орыс тіліндегі өлеңдерін ана тілінде сөйлетті. Өлеңдері «ХХІ ғасыр ақындарының антологиясы» мен «Жыр маржаны» деп аталатын қазақ поэзиясының 10 томдық антологиясы сынды бірнеше ұжымдық жинақтарға енген. «Жолдар, жолдар...», «Көңіл алаң», «Көкжиекке сіңген жол», «Бір тамшы», «Аспантау» өлеңдер жинағының авторы.
Нұрсұлтан Базарбайұлы Жексенбаев – редактор-журналист, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің түлегі.
ҚазҰУ-дың Ақпарат және коммуникациялар департаментінде ректор қатысуымен өткен шаралардан ақпарат жазып, түрлі тақырыптарда телебағдарламалар әзірлеп, сценарий жазумен айналысады.
Атырау облысы әкімінің Баспасөз қызметінде Ақпарат және шығармашылық бөлімінің басшысы, Атырау қаласы әкімінің Баспасөз хатшысы, «Атырау – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің Баспасөз хатшысы, Атырау облыстық телеарнасында жаңалық қызметінің редактор-жүргізушісі, облыс әкімі журналистік пулының тілшісі қызметтерін атқарған.
Гүлнар ТӘЖИЕВА – Ақпарат және коммуникациялар департаментінің «Qazaq universiteti» газеті басқармасы басшысы, «Qazaq universiteti» газетінің бас редакторы. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.
Гүлнар Жұмабайқызы ұзақ жылдар бойы республикалық «Жас Алаш», «Айқын» газеттерінде тілші, бөлім редакторы, жоғары санатты шолушы, тілшілер қосынының жетекшісі қызметтерін атқарған. «Ел тірегі – экономика», «Өмір өткелдері» кітаптарының авторы.
Махмет Халима Бектемисқызы – аудармашы. Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультеті ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының түлегі.
ҚазҰУ-дың Ақпарат және коммуникациялар басқармасында ақпараттар мен құжаттарды ағылшын,түрік тілдеріне тәржімалаумен айналысады.
Қызметі |
Телефоны |
Электронды адрес |
Ақпарат және коммуникациялар департаментінің директоры |
Ішкі – 3443 |
|
Ақпарат және коммуникациялар департаментінің координаторы |
Ішкі – 3011, +77477041299 |
|
Ақпарат және коммуникациялар департаменті директорының орынбасары |
87014249558, 87774973197, ішкі -1388 |
|
«Qazaq universiteti» газеті басқармасының басшысы |
Ішкі - 3227, 87772440449 |
|
Farabi University сайт басқармасының басшысы |
ішкі - 3286 |
|
Баспасөз қызметі басқармасының басшысы |
87789593397, ішкі – 3286 |
|
Ақпараттық жұмыс және мониторинг секторының жетекшісі |
87772228764, ішкі - 1194 |
|
Farabi Media басқармасының басшысы |
ішкі – 1640, 8 702 348 4945 |