ӨНДІРІСТІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІ

Өндірістік қамтамасыз ету департаменті «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады және он үш басқармадан, бөлімдерден және қызметтерден тұрады. Өндірістік қамтамасыз ету департаментінің негізгі міндеттері: ғимараттар мен құрылыстарды техникалық қамтамасыз ету; оқу корпустарын, ғылыми зертханалар мен студенттік жатақханаларды жөндеу жұмыстарын жоспарлау және жүзеге асыру болып табылады; өндірістік қамтамасыз ету департаментінің құрылымдық өндірістік басқармалары мен бөлімшелерінде еңбек тәртібін сақтау;  еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау қағидалары мен нормаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру; еңбек, материалдық және техникалық ресурстарды ұтымды және дұрыс пайдалануды бақылауды жүзеге асыру.



Директор

Кыдырбеков Курманбек Атенбекович