Оқу агробиостанцияның тарихы.
Оқу агробиостанцияның Орналасқан жері: Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке елді мекені, Жаңаталап ауылы. Байланыс тел. 8-727-3935860 Құрылған жылы: 1943 ж (АБС, Құрамыс ауылында құрылған), 2009 ж Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке елді мекені, Жаңаталап ауылына көшірілген. Басшылық құрылым: Биология және биотехнология факультетінің деканы, Өндірістік департаменті және куратор-Ғылыми және инновациялық істер жөніндегі проректор арқылы іске асады. Өткен ғасырдың 1940-шы жылдары С.М. Киров атындағы КазМУ оқу істері жөніндегі проректоры (1943-47), әрі ректоры. (1961-1966) академик Т.Б. Дарканбаевтың (1910-1987) ұйғаруымен құрылды. 1943-2008 жж. Агробиостанция (АБС) Алматы облысы, Қарасай ауданы, (Құрамыс ауылында) орналасты. АБС базасында Биология факультетінің белгілі ғалымдары жетекшілік еткен студенттер мен аспиранттардың ғылыми жұмыстары жүргізілді.Атап айтсақ:Агеева Н.Т. (ботаник), Байтулин И.О. (ботаник-ризолог), Бияшев Г.З. (генетик-эволюционист),. Дарканбаев Т.Б (биохимик), Инюшин В.М. (биофизик), Лысенко М.К. (биохимик), Моисеев Г.В. (ботаник),.Тажин О.Т (генетик) Уварова З.А. (физиолог), Удольская Н.Л.(генетик-селекционер),т.б. Студенттер мен аспиранттардың практикасы және ҒЗЖ жүргізілуі Ғылыми Кеңес пен Биология факультетінің назарында болды. Қазіргі уақытта АБС оқу- инновациялық бағытта факультеттегі 4 ірі кафедрамен және 2 ҒЗИ, яғни (Экология, Биология және Биотехнология мәселелері) бірге қызмет атқарады.
Негізгі қызметі. Оқу агробиозертханасы университетіміздің өндірістік практика өткізетін аграрлық техникалық ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізетін жалғыз центр болып табылады. Жалпы аумағы 10 гектарды қамтиды. Нысан -толық қоршалған және күзетіледі. Онда студенттерге арналған жалпы ауданы 1200 шаршы метр аумақта екі қабатты 150 студентке арналған жатақхана мен бір қабатты зертхана ғимараты қамтылған. Сонымен қатар, жер асты қоймасы, су станциясы, 0,4 кВ автономды трансформатор және 400 куб.-тық өрт сөндіру қауіпсіздігі мақсатында су қоймасы және табиғи газбен қамтамасыз етілген нысан . АБС Жаңа-Талап елді мекенінде орналасқан баратын жол. Алматы-Қапшағай автобаны арқылы және АБС кешенінің артқы жағынан. Айналма жол арқылы Жаңа –Талап елді мекені арқылы кіре аласыз. Университет қалашығынан оқу орталығына дейін 53 км.
Оқуагробиозертханысының ауласындағы жеміс-жидек ағаштарды көктемгі дәрілеу жұмыстары.
Оқу агробиозертханасының аумағында шетілдік ғалымдармен бірлесе отырып пилоттық жобалар іске асырлуда.Германия республикасының Эберсвальде университетімен бірлесіп пилоттық жобалар бойынша оқу агробиозертханасының аумағына метрологиялық метеостанция орнатылды. Экологиялық анализ алып мониторинг жүргізу қолға алынды.
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетімен. Дақыл өндеудің технологияларымен, сонымен қатар жел, су, күн және биогаз қондырғыларының тиімді жүйелері мен компоненттерін жасау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Алматы обылысында орналасқан Оқу ғылыми өндірістік орталығы «Байсерке агро» мен бірлесе отырып «Байтақ» деп аталатын бидайдың жаңа сорты егілді.
«Байсерке агро» мен бірлесе отырып «Байтақ» деп аталатын жаңа сорты егілді осы сорты ауыл шаруашылық мақсатына көбиту бойынша жұмыстарды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министріСапаров Айдарбек Сейпілұлы және Алматы обылысының әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев келіп көріп танысып біршама жұыстарға қолдау білдіруде.
Жетісу обылысы Жаркент өнірінде орналасқан Қамқорлық «жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен» бірлесе отырып зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 7 га жерге көпжылдық бидай егілді. Бидайдың сорты: «Байтақ»
Оқу агробиозертханасында 2024 ж Биологи факультетінің биология мамандығының 80 студенті және География факультетінің экология мамандығының 30 студенті өндірістік практика өтті.
Зертханалық жануарларды қоректендіру мақсатында дәнді жемдік дақылдар мен көкөніс түрлері өткізілді.
Оқу агробиозертханасының аумағында тамшылатып суғару технологиясы жүзеге асырлуда:«Еуропалық стандартқа сай тез пісетін, стресске қарсы тұра алатын көшеттердің Книп-Баум әдісін, Tray и Plug технологиясымен, тамшылап суаруды пайдалану арқылы алынған қарқынды жеміс бақтарының өнімділігін арттыру жұмыстары жасалып жатыр».
Оқу агробиозертханасы ҚХР Шаньдунский университетымен бірлесіп жасанды интеллекті дамытудың иноватсиялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.
Жыл сайын университет аумағына және қалалық жәрмеңкеге Оқу агробиозертханасының өнімдері шығарылады.
Оқу агробиозертқанасының тимділігін арттыру бойынша 2025 жылға арналған мақсаттарымен жоспарлары.