Оқу агробиозертқанасында атқарылып жатқан жұмыстар:

10 шілде, 2024

 

•    Биология және биотехнология факультеті ғалымдары көп жылдық бидай,    кендір және селекциялық дақылдарды сынақтан өткізуде.

•     Химия факультетімен бірлесіп дәрілік өсімдіктер өсіріліп жатыр.

• Механика-математика факультетімен бірлесіп жер асты жылуын     пайдаланудың зертеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

   

            Оқу агробизертханасында өсімдіктерді микроклоналды көбейту  жұмыстары жүргізілуде.

Өсімдіктерді микроклоналды көбейту  қысқа мерзімде жеміс, жидек,  көкөніс және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын отырғызу материалының көп мөлшерін алу; мамандарды бастапқы материалды алудың заманауи биотехнологиялық әдістеріне оқыту, Ауыл шаруашылығы дақылдарының патогендерін кәсіби диагностикалау; биотехнологияның, Өсімдіктердің генетикасы мен физиологиясының заманауи жетістіктерін пайдалана отырып ғылыми зерттеулер жүргізу.

Мақсаты - коллекциялар құру, in vitro сауықтыру және көбейту, өсімдіктердің биоәртүрлілігін зерттеу, сақтау және қалпына келтіру.
Mіндеттер:
- Биотехнология, селекция, молекулалық биология саласында мамандар даярлау.
- Шетелдік сарапшыларды тарта отырып, биоинженерия, өсімдік селекциясы, биоресурстардың сақталуы бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу.

Қызметтер

- Көкөніс және жеміс-жидек дақылдарының вирустық ауруларын диагностикалау.          
-Көкөніс және жеміс-жидек дақылдарының отырғызу материалдарын сауықтыру.
-Көкөніс және жеміс-жидек дақылдарының отырғызу материалын in vitro жағдайында көбейту.
-Кез келген көкөніс және жеміс-жидек дақылдарының құнды сорттарын сауықтыру және көбейту жүйелерін әзірлеу.
- Өсімдіктер топтамаларын криосақтау. 
- Өнгіштігін жоғалтқан өсімдіктер топтамаларын қалпына келтіру.