Филология факультеті
түркітану және тіл теориясы кафедрасы
Кафедраның мақсаты: «Лингвистика», «Шетел тілі: екі шет тілі» және "Түркітану" салалары бойынша қазіргі заман талабына жауап бере алатын жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандар дайындау. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың түркітану және тіл теориясы кафедрасы 1950 құрылған. Кафедраның ғылыми-зерттеу дәстүрлері мен педагогикалық қызметінің негізгі бағыттары кафедрада әр түрлі жылдары еңбек еткен көрнекті ғалымдардың ықпалымен қалыптасты. Бүгінгі таңда кафедрада ғылым докторы, профессор, ғылым кандидаты, PhD докторы дәріс оқиды. Кафедра университет көлемінде өткен байқауда “Ғылыми жетістіктері” үшін үздік кафедра атағын жеңіп алды.
Кафедра меңгерушісі
АВАКОВА РАУШАН АМИРДИНҚЫЗЫ
8 (727) 377-33-39 (12-70)
Кафедра байланыстары
Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 71, №1 оқу ғимараты, каб. 319.
8 (727) 377-33-39 (ішкі 12-70)
Әлеуметтік желілер:
INSTAGRAM https://www.instagram.com/kaznu_lingua/
Кафедра тарихы
Осыдан 65 жыл бұрын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетіндегі жалпы тіл білімі кафедрасы жұмысын бастады. Кафедрада әр жылдарда қызмет атқарған ғалымдар мен оқытушылардың педагогикалық адал қызметтерінің арқасында кафедра талай жылдар бойы жемісті еңбек атқаруда. И.И. Мещанинов, С.Е. Малов, Ж.А. Аралбаев, К.А. Аханов, В.М. Никитевич сынды азулы ғалымдардың жұмыс орны болған аталмыш кафедра білімділер мен тіл жанашырларының ордасына айналғаны ақиқат. Кафедра оқытушылары Қытай, АҚШ, Түркия жоғары оқу орындарында жұмыс істеді, Чехия, АҚШ-та оқыды, АҚШ, Қытай, Түркия, Венгрия, Словакия, Словения, Болгария, Нидерланды, Германия, Финляндия, Чехия, Польша, Украина, Белоруссия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және т.б. Халықаралық конгрестер мен конференцияларда баяндама жасады. Халықаралық ғылыми ынтымақтастық аспиранттар мен докторанттарға ғылыми жетекшілік етуден де көрінеді: проф. А.С.Аманжолов, Э.Д. Сүлейменова, Н.Ж. Шаймерденова, доц. Р.А. Авакова, Г.Б.Мәдиева және т.б. Қытай, Корея, Жапония, АҚШ, Германия, Испаниядан келген аспиранттардың ғылыми жетекшісі және кеңесшісі болды.
Гранттық және шетелдік жобалар
Құжаттама
22 мб, pdf