Филология факультеті

А. Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасы

Қазақ тіл білімі кафедрасы - қазақ тіл білімін зерттейтін, оның теориялық негіздерін қалыптастырып, ілгері дамытуға үлес қосып келе жатқан Қазақстандағы белгілі ғылыми орталықтың бірі. Кафедраның қалыптасу тарихы қазақ тіл білімінің ғылым саласы ретінде жүйелене бастаған алғашқы кезеңдерімен тұстас келеді. Сондықтан кафедра қызметінің ғылымдағы орны мен қазақ тіл білімінің ғылым саласы ретіндегі іргетасын қалаудағы маңызы ерекше.

Толығырақ
Әміров Әбдібек Жетпісұлы

Кафедра меңгерушісі

Әміров Әбдібек Жетпісұлы

8(727) 377-33-39 (13-25)

 kazfilol@mail.ru

Кафедра байланыстары

Кафедраның мекен-жайы: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 71, ГУК-1 ғимараты, каб. 317

Телефондар: 8 (727) 377-33-39 (ішкі 13-25).

Email:  kazfilol@mail.ru 

Әлеуметтік желілер:  

Instagram:  https://www.instagram.com/qazaq_til_bilimi/ 

Facebook:  https://www.facebook.com/QazNULing

 

Кафедра тарихы

Қазақ тіл білімі кафедрасы 1943 жылдан бері бітіртуші кафедра ретінде жұмыс істеп, қазақ тілі мен әдебиетінің жоғары білімді мамандарын дайындауға үлес қосып келеді. Республикамыздың түкпір-түкпірінде түрлі салаларда жемісті еңбек етіп жүрген жоғары білімді қазақ тіл білімі мамандарын дайындаудағы маңызы зор. Кафедра түлектері Қазақстан мен жақын шетел мектептерінде, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде, радио мен теледидарда, газет-журнал мен баспаларда, мемлекеттік жауапты қызмет орындарында қызмет істейді.75 жылға жуық тарихы бар ұжымның аяғынан тік тұрып, қазақ тіл ғылымының ордасына айналуына әр жылдары филология ғылымдарының докторы, профессор Н.Т.Сауранбаев (1954-58 жылдарда), филология ғылымдарының докторы, профессор М.Б.Балақаев (1952-1975), филология ғылымдарының докторы, профессор Р.СӘмір (1975-1979), филология ғылымдарының докторы, профессор М.Т.Томанов (1980-1989), филология ғылымдарының докторы, профессор М.С.Серғалиев (1990-1998), филология ғылымдарының докторы, профессор Т.С.Сайрамбаев (1998-2001), филология ғылымдарының докторы, профессор Г.Н.Смағұлова (2002-2005), филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Қ.Момынова (2005-2008), ), филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Сағындықұлы (2008-2009), ), филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Шалабай (2009-2010) басшылық етті.Түркологияның өзекті мәселелеріне байланысты белгілі түрколог ғалымдар Н.А.Баскаков, Э.Р.Тенишев, В.М.Насилов, Ә.Н.Наджип, т.б. дәріс оқыды. Профессор М.Балақаев біріккен қазақ тілі мен әдебиетікафедрасының тұңғыш кафедра меңгерушісі болды. Қазақ тілі кафедрасын 30 жылдай (1952-1975) басқарды. Проф. М.Балақаев фонетика, алфавит мәселесі, орфография, лексикология, лексикография, терминология, тіл тарихы, аударма, морфология, синтаксис, стилистика, тіл мәдениеті, қазақ тілін оқыту әдістемесі салалары бойынша еңбектер жазды. Кафедраның бірнеше түлегі (Р.С.Әміров, К.А.Аханов, Б.Болғанбаев, С.М.Исаев, А.Т.Қайдаров, А.К.Құрышжанов, К.М.Мұсаев, Ш.Ш.Сарыбаев, М.Т.Томанов, Қ.Есенов, Г.А.Мейрамов, Т.Айдаров, Н.Х.Демесинова, Х.М.Нұрмұқанов, Ф.Ш.Оразбаева, Б.Хасанов, К.Ш.Құсайынов, М.С.Серғалиев, Ө.Айтбаев, С.Омарбеков, Б.Қалиев, Ж.Сәдуақасұлы, Ә.Жүнісбеков, Е.Жанпейісов, О.Нақысбеков, С.Мырзабеков, Б.Сағындықүлы, Б.Шалабаев, Г.Смағұлова, А.Алдашева, Б.Қ.Момынова, А.Салқынбай, Д.А.Әлкебаева, Л.С.Дүйсембекова т.б.) докторлық диссертация қорғап, профессор атағын алды. Жоғары оқу орындарында оқытушы және ғылыми зерттеу институттарында қызметкерлер болып жүрген кафедраның 100-ге жуық түлегі - ғылым кандидаттары, доценттер.

Кафедраның ғылыми бағыты – Қазақ тілін диахрондық және синхрондық бағытта құрылымдық, когнитологиялық, функционалдық-семантикалық т.б. аспектіден кешенді зерттеу.

Қазіргі уақытта кафедрада 40 оқытушы: 6 ғылым докторы, 20 ғылым кандидаты, 2 PhD, 10 магистр және 2 аға оқытушы жұмыс істейді.

Білім беру бағдарламалары:

«6В02305 – Қазақ филологиясы»,

«6В02313 – Қолданбалы қазақ тіл білімі»,

«7М02313 – Қазақ филологиясы»,

«7М02323 – Қолданбалы қазақ тіл білімі»

«8D02307 – Қазақ филологиясы»

Гранттық және шетелдік жобалар

Құжаттама

жарғы

22 мб, pdf

меморандум

22 мб, pdf

меморандум 1

22 мб, pdf

меморандум 2

22 мб, pdf

жол картасы

22 мб, pdf