Химия және химиялық технологиялар

Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасы

Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасы 3 кафедраны кезең-кезеңімен біріктіру арқылы қалыптасады: аналитикалық химия, сирек элементтер химиясы, коллоидтық химия. Қазіргі уақытта химия және химиялық технология факультетіндегі ең ірі кафедралардың бірі болып табылады. Кафедра оқытушылары факультеттің барлық мамандықтарының студенттерін химияның базалық бағыттары бойынша, сондай - ақ аналитикалық химия бойынша-география, медицина, физика және биология факультеттеріне даярлайды. Кафедраның ғылыми қызметі зерттеу және талдаудың физика-химиялық әдістері орталығымен (ЦФХМА) тығыз байланысты. Кафедраның барлық дерлік оқытушылары-ЦФХМА ғалымдары. Кафедрада аналитикалық, коллоидтық химия, экология, электрохимиялық синтез, ток көздері, композициялық материалдар технологиясы, сирек элементтер саласында ғылыми зерттеулер жүргізіледі. Кафедра Q1 және Q2 журналдарындағы жарияланымдар саны бойынша көшбасшы болып табылады.

Толығырақ
Арғымбаева Ақмарал Мұхамбетқызы

Кафедра меңгерушісі

Арғымбаева Ақмарал Мұхамбетқызы

Кафедра байланыстары

Кафедра тарихы

Сирек элементтер химиясы кафедрасының тарихы

 

Ұйымдастырылған күннен 1981 жылға дейін кафедраны ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Қазақстанның ғылым саласына еңбегі сіңген қызметкер, Д.И. Менделеев атындағы Бүкілодақтық химия қоғамының құрметті мүшесі, химия ғылымдарының докторы, профессор Ольга Альфредовна Сонгина басқарған. Ол - аты танымалы ғалым, Қазақстанда химия ғылымы және химия бойынша білімнің дамуына, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық кадрлардың дайындалуына зор үлесін қосқан. 1981-1995 жж аралығында сирек элементтер химиясыкафдерасын О.А. Сонгинаның ізбасары, химия ғылымдарының докторы, профессор Владимир Андреевич Захаров меңгерген.

 

https://www.kaznu.kz/content/images/pages/34011.jpg

 

 

 

 

 

 

 

 

https://www.kaznu.kz/content/images/pages/34012.jpg

О.А.Сонгина

 

 

 

 

 

 

 

 

В.А.Захаров

 

1995 жылы сирек элементтер химиясы кафедрасы аналитикалық химия кафедрасымен біріктіріліп, сәйкес екі сала бойынша мамандарды дайындайтын "Аналитикалық химия және сирек элементтер химиясы кафедрасы" деген атқа ие болып, меңгерушісі ретінде техника ғылымдарының докторы, профессор Михаил Касымович Наурызбаев тағайындалды.

 

Аналитикалық химия кафедрасының тарихы

 

Аналитикалық химия кафедрасы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетте 1934 жылы ашылған. Кафедра ұйымдастырушысы және бірінші меңгерушісі Михаил Иванович Саенко болған.

 

https://www.kaznu.kz/content/images/pages/34007.jpg

1939 жылдан 1971 жылға дейін кафедраны Михаил Тихонович Козловский басқарды. Ол - Қазақстандық электрохимиктер және аналитиктер мектебін құрған танымал ғалым. Дүниежүзілік ғылым қоғамына амальгамдық химия және металлургия мектебінің жетекшісі ретінде енген.

М.Т. Козловский Қазақстандағы сол жылдары аналитикалық химия бойынша ең үздік дәрістік курстардың бірін оқыған. Ол болашақ мамандарды дайындау ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізін қалаған.

Кафедраның бірқатар оқытушылары(О.А. Сонгина, А.И. Зебрева, Е.Ф. Сперанская, Р.З. Вагапова, З.Б. Рождественская, К.Ж. Сагадиева, А.М. Кучербаева, В.П. Гладышев, В.А. Захаров, В.Е. Мерцалова, Р.Н. Матакова, Б.К. Тойбаев, Л.М. Филиппова, С.А. Левицкая және т.б.) М.Т. Козловскийдің тікелей жетекшілігімен білімін жоғарылатқан. Өмір жолында М.Т. Козловский әрқашан кафедраның ғылыми кеңесшісі қызметін атқарып жүрді.

 

 

https://www.kaznu.kz/content/images/pages/34008.jpg

1971 жылдан бастап 1993 жылға дейін кафедра меңгерушісі қызметін М.Т. Козловский шәкірті, дарынды ғалым және дана жетекші, профессор Александра Ивановна Зебрева басқарған. Жақсы әдіскер ретінде А.И.Зебрева аналитикалық химия бойынша білім беруді жетілдіруге, оқытушылардың білім беру шеберлігін жоғарылатуға көп күшін салған. Оның жетекшілігімен көптеген оқу-әдістемелік құралдар шығарылған.

Жұмыс жеңістері үшін А.И. Зебрева бірнеше рет КСРО Жоғары және орта білім беру министрлігінің Құрмет грамоталарымен, "КСРО жоғары білім беру саласында жұмыс жетістіктері үшін" белгісімен, В.И. Лениннің 100-жылдығына арналған айбынды еңбегі үшін Мерекелік медальмен марапатталған. 1989 жылы А.И.ЗебревағаҚазақстан ғылымына еңбегі сіңген қызметкері атағы берілген.

А.И.Зебрева

 

https://www.kaznu.kz/content/images/pages/34009.jpg

1993 жылдың мамыр-қазан айларында аналитикалық химия кафедрасын химия ғылымдарының докторы, профессор Тілеукен Зейнекенович Ахметов басқарған.

Т.З. Ахметов

 

https://www.kaznu.kz/content/images/pages/34010.jpg

1993 жылдан 2009 жылға дейін аналитикалық химия және сирек элементтер химиясы кафедрасын техника ғылымдарының докторы, профессор Михаил Касымович Наурызбаев басқарған. Оның еңбектері ғылыми және мерзімдік басылымдарда, халықаралық симпозиумдарда, конгрестерде және конференцияларда кеңінен таралған. Профессор М.К.Наурызбаевтың жетекшілігімен 35 астам кандидаттық және 4 астам докторлық диссертациялар қорғалған. Жалпы М.К.Наурызбаевтың ғылыми жұмыстары халықаралық деңгейде танылған. Ол - Америкалық химиялық қоғамның мүшесі және ҚР ҰҒА Құрметті Академигі.

М.К. Наурызбаев

 

https://www.kaznu.kz/content/images/pages/10802.gif

2009 - 2014 жылдар аралығында алдымен аналитикалық химия және сирек элементтер химиясы, өзгертілгеннен кейін аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасын химия ғылымдарының докторы, профессор Дүйсек Хайсағалиевич Қамысбаев меңгерген. Ол - өзінің координациялық қосылыстар химиясы, физикалық химия, ерітінділер теориясы салаларындағы жұмыстарымен танымал ғалым. 8 астам ғылым кандидаттарына жетекшілік еткен. Ол - Жоғары мектеп ғылым академиясының корреспондент-мүшесі.

Д.Х. Камысбаев

 

 

 

Коллоидтық  химия кафедрасының тарихы

 

Коллоидтық химия кафедрасы Қазақ мемлекеттік университетте 1972 жылы университет ректоры Ө.А. Жолдасбеков қолдауымен Химия факультетінің деканы, ҚазССР корреспондент-мүшесі Б.А. Бірімжанов бастамасы бойынша құрылған. Құрылғаннан бастап 40 жылға таяу уақыт ішінде ҚР Жоғары мектеп Ғылым академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы,профессорМұсабеков Қуанышбек Битуовичалғашында коллоидтық химия кафедрасын, өзгертілгеннен кейін коллоидтық химия және химиялық энзимология кафедрасын, кафедра құрамының өзгеруіне байланысты катализ, коллоидтық химия және мұнайхимиясы кафедрасын басқарған.

https://www.kaznu.kz/content/images/pages/34042.jpg

Қ.Б. Мұсабековтың ғылыми және педагогикалық қызметі 1972-2009 жж өзі басқарған коллоидтық химия кафедрасымен тығыз байланысты. Басқару барысында ол 8 ғылым докторларын, 40 астам ғылым кандидаттарын және 8 астам PhD-докторарын қорғатып шығарған. Қазіргі таңда Қ.Б. Мұсабековтың 1000 жуық ғылыми жұмыстары бар.

Ғылыми кадрларды дайындау және коллоидтық химия саласындағы өзекті зерттеу жұмыстары үшін Мұсабеков Қ.Б. Қазақстан Республикасының Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі болып сайланды.

Ғылыми-педагогикалық және қоғамдық қызметтегі жетістіктер үшін Мұсабеков Қ.Б. 1975 жылы«Социалисттік жарыс жеңімпазы» белгісімен, ҚазССР жоғары білім беру министрлігінің және ағарту, жоғары мектеп және ғылыми мекемелер жұмыскерлері кәсіподағының Қазақ Респубикалық комитетінің Құрмет грамотасымен, 1998 жылы«Білім беру үздігі»,«ЖОО үздік оқытушысы» (2007 ж., 2014 ж.) атағымен марапатталған.

Е ртінділерде және фазалар шекарасында жоғары молекулалық БАЗ-ң   коллоидтық-химиялық қасиеттерін зерттеуге қосқан үлесі үшін профессор Мұсабеков Қ.Б. Халықаралық коллоидниктер және беттік құбылыстар бойынша мамандар ассоциациясының (IACIS), Еуропалық коллоидтар және беттік құбылыстар бойынша мамандар қоғамының (ECIS), Нью-Йорк ғылым академиясының мүшесі  және Англияның Корольдік химиялық қоғамының мүшесі болып сайланған.

Профессор Қ.Б. Мұсабеков Қазақстандағы коллоидтық химия ғылымының негізін қалаушысы болып табылады.

Қ.Б.Мұсабеков

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дамуына үлес қосқаны үшін профессор Мұсабеков Қ.Б. университеттің 75-жылдығына орай«ҚазҰУ Үлкен Алтын медалімен» марапатталған.

 

2001 жылы коллоидтық химия кафедрасы катализ және мұнайхимиясы кафедрасымен біріктіріліп, катализ, коллоидтық химия және мұнайхимиясы кафедрасы болып өзгертілген.

https://www.kaznu.kz/content/images/pages/34043.JPG

2009 жылдан 2010 жылға дейін катализ, коллоидтық химия және мұнай химиясы кафедрасын химия ғылымдарының докторы, профессор Тәжібаева Сағдат Медербековна басқарған.

С.М.Тәжібаева ҚР ғылым және техниканың дамуына зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған ғылыми стипендияға(2007-2008 жж.) және«ЖОО Үздік оқытушысы» грантына ие болды. Тажибаева С.М. жетекшілігімен 5 кандидаттық диссертация қорғалған.

Оның ғылыми зерттеу жұмыстары нәтижесінде 10 қазақша оқу және оқу-әдістемелік құралдарын қоса 200 астам жұмыстар басылып шықты.

С.М. Тажибаева

 

 

 

 

 

2010-2011 жж. коллоидтық химия кафедрасының ұжымының құрамы өзгертілуіне байланысты жоғары молекулалық қосылыстар кафедрасымен біріктіріліп, "Коллоидтық химия және жоғары молекулалық қосылыстар химиясы кафедрасы" құрылды. Кафедра меңгерушісі ретінде химия ғылымдарының докторы, профессор Мун Григорий Алексеевич қызмет атқарды.

 2011 жылы аналитикалық химия және сирек элементтер химиясы кафедрасы коллоидтық химия кафедрасымен біріктірілді және кафедраның аты «Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасы» болып өзгертілді. Кафедраны меңгерушісі қызметін х.ғ.д., профессор Д.Х.Қамысбаев атқарды.

 

https://www.kaznu.kz/content/images/pages/76889.jpg

2014-2018 ж аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасын химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Хайдар Сулейманович Тасибеков басқарды.

Х.С. Тасибеков

 

2018 жылдан 2022 жылға дейін кафедраны химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Галеева Алина Кулбаева басқарды. Оның меңгеруі кезінде аналитикалық химия кафедрасы химия факультетінде екі рет көшбасшы болды.

2022 жылдан бастап аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасын химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Аргимбаева Ақмарал Мухамбетовна басқарады.

Гранттық және шетелдік жобалар

"Тағам өнімдерінің химиясы мен талдау" пәні бойынша доцент М.Абилевтың дәрістер курсы
х.ғ.к. А.Г. Исмаилованың "Талдаудың спектрлік әдістері" пәні бойынша дәрістері
Доцент А.А. Мусабекованың "Минералды шикізатты қайта өндеу" пәні бойынша дәрістері
Профессор Гүлшарат Салауатқызы Минажеваның дәрістері
х.ғ.к. А.Г. Исмаилованың "Аналитикалық химия 1" пәні бойынша дәрістері
х.ғ.к. А.Г. Исмаилованың "Аналитикалық химия 2" пәні бойынша дәрістері
"Separation processes" пәні бойынша доцент М.Абилевтың дәрістер курсы
"Химия-технологиялық процестерді математикалық модельдеу" пәні бойынша доцент М.Абилевтың дәрістер курсы
Х.ғ.к. А.Г. Исмаилованың «Аналитикалық химия. Сапалық талдау» онлайн курсы
Химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Тюсюпова Бакыт Баймуратовна "Коллоидтық химия және фазааралық процестер" пәні бойынша дәрістер
Химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Тюсюпова Бақыт Баймұратқызы "беттік белсенді заттардың физика-химиясы" пәні бойынша дәрістер
Химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Тюсюпова Бақыт Баймұратқызы " Ферментациялық технологиялар"пәні бойынша дәрістер