Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының тарихы 1985 жылы басталған. Кафедра шетелдіктерге арналған дайындық факультетінің негізінде құрылды. Осы уақыт ішінде факультет қабырғасынан бүгіндері жер бетінің түкпір-түкпірінде тұрып жатқан қазақ және орыс тілдерінде сөйлей алатын әлемнің 100 елінен келген 7000 мыңдай студент білім алып шықты. Кафедра қызметінің негізгі бағыты – шетелдік студенттерге оқу мақсаттарына қарай жалпы білім және тілдік дайындық бойынша білім беру.

Толығырақ
Айтбаева Бақыт Манатовна

Кафедра меңгерушісі

Айтбаева Бақыт Манатовна

Кафедра байланыстары

Мекен-жайымыз: Масанчи көшесі, № 39/47 (Бөгенбай көшесінің қиылысы), 050038, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы

Тел.: +7(727) 292 - 57 - 17 (ішкі - 1737)

 

Әлеуметтік желілердегі біздің парақшаларымыз: 

 

Facebook https://www.facebook.com сайтында

 Instagram https://www.instagram.com сайтында

Кафедра тарихы

     Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының тарихы 1985 жылы басталған. Кафедра шетелдіктерге арналған дайындық факультетінің негізінде құрылды. Осы уақыт ішінде факультет қабырғасынан бүгіндері жер бетінің түкпір-түкпірінде тұрып жатқан қазақ және орыс тілдерінде сөйлей алатын әлемнің 100 елінен келген 7000 мыңдай студент білім алып шықты. Кафедраның оқытушылық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына 5 ғылым докторы, 10 ғылым кандидаттары, сонымен бірге қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде үйрету, оқыту саласын меңгерген мамандар жұмылдырылған. Кафедра оқытушылары жүйелі түрде Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындарында өз білімдерін жүйелі түрде жетілдіріп, тәжірибе алмасып келеді. Сондай-ақ, халықаралық конференцияларға қатысу мақсатында шет елдерге шығып тұрады. Кафедра мүшелері Қытай Халық Республикасы, Оңтүстік Корея, Үндістан, Лаос, Ауғанстан елдерінің университеттерінде еңбек еткен. 
    2007 жылы кафедрада қазақ тілін шет тіл ретінде оқыту ме орыс тілін шет тіл ретінде оқытуға қатысты Оқу бағдарламалары жаңартылып, осы және дайындық факультетінде оқытылатын басқа да аспектілік пәндер бойынша оқу бағдарламаларының жинағы шығарылды. Қазақ және орыс тілдерінің оқу бағдарламалары Білім беру стандартына сай, Еуропалық тілдік портфельге жуықтатылып жасалынған. Қазақ тілін шет тіл ретінде оқыту мен орыс тілін шет тіл ретінде оқытуда оқу материалын беруді алгоритмдеп ұйымдастыру студенттік аудиторияда мол мүмкіндікке ие бола алады. Бұл бағдарламаларды қолданбалы тіл білімі мен тіл дидактикасының қазіргі заманауи талаптарға жауап беретін түрлері ретінде сипаттауға болады.   Бір жыл ішінде тыңдаушылар қазақ және орыс тілдерінің грамматикасы бойынша базалық білім алып, келесі курстарды: практикалық қазақ және орыс тілдерін, тілдік бейімделуді, аудиовизуалды курсты, елтану, Қазақстан тарихы мен мәдениетін оқиды.  Оқытудың екінші жылында жоғары деңгейдегі қазақ немесе орыс тілдерінің практикалық курсынан басқа «БАҚ тілі», «Мәдениетаралық коммуникация» және «Ғылыми сөйлеу стилі» сияқты пәндер оқытылады.  Тыңдаушылар жылына екі рет емтихан тапсырады, емтихан нәтижелері бойынша Қазақстан жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік беретін мемлекеттік үлгідегі А1-А2, В1-В2  деңгейлі сертификаттарын алады.

                    

Гранттық және шетелдік жобалар

Құжаттама

ҚазҰУ студентінің ар-намыс кодексі

22 мб, pdf

"Көңілді әндер" клубының жоспары

22 мб, pdf

Кафедраның жылдық жоспары

22 мб, pdf

«Мельпомена» театр клубының жоспары

22 мб, pdf

Оқу бағдарламасының жоспары

22 мб, pdf

Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы

22 мб, pdf

Әдістемелік жұмыс жоспары

22 мб, pdf

Кафедраның имидж бойынша жұмыс жоспары

22 мб, pdf

Ғылыми жұмыс бойынша жұмыс жоспары

22 мб, pdf

Тәрбие жұмысы бойынша жұмыс жоспары

22 мб, pdf

Кәсіби бағыт-бағдар беру бойынша жұмыс жоспары

22 мб, pdf

ТДМ бойынша жұмыс жоспары

22 мб, pdf