Тарих факультеті

ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ, ТАРИХНАМА ЖӘНЕ ДЕРЕКТАНУ КАФЕДРАСЫ

Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы Кафедра штаты – 45 оқытушы Тарих ғылымдарының докторы, профессор – 13 Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент – 16 PhD докторы – 4 Ғылыми атағы бар оқытушылардың пайызы – 89,9 % Кафедраның білім беру бағдарламалары 6В02205 – Тарих 7М01601 – Тарих 7М01602 – Тарих және география 7M02210 – Тарих 8D02206 – Тарих 6B03204 – Архивтану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету 6B03208 – Сандық архивтану және құжаттану 7M03207 – Сандық архивтану және құжаттану 8D03205 – Архивтану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету 6B03205 – Кітапханалық сандық жүйелер 7M03206 – Кітапханалық сандық жүйелер 8D03206 – Кітапханалық сандық жүйелер Кафедраның QS WUR бойынша топ-300 үздік университетпен жасалған қос дипломды бағдарламасы 7M02208 – Дүниежүзі тарихы, Ла-Сапиенца (Италия) Кафедраның QS WUR бойынша топ-300 кірмейтін университетпен жасалған қос дипломды бағдарламасы 7M03208 – Архивтану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету, Мәскеу (РФ)

Толығырақ
Мырзабекова Рыскелді Саламатқызы

Кафедра меңгерушісі

Мырзабекова Рыскелді Саламатқызы

E-mail: Ryskeldy.Myrzabekova@kaznu.kz

Контакты: +7 (727) 377 33 33 (внут. 12-91)

Кафедра байланыстары

Кафедра мекен жайы: әл-Фараби даң. 71, 3 оқу ғимараты, 4 қабат, 421 бөлме.

Кафедра телефоны: +7 (727) 221 12 84 (ішкі 12-84)

Кафедра тарихы

Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы республикадағы дүние жүзі тарихы, архив ісі және кітапхана ісі саласындағы мамандарды дайындайтын жетекші орталық болып табылады. Кафедра тарихшыларды, архив және кітапхана ісі мамандарын даярлауда маңызды рөл атқаратын бірнеше мамандықтарды біріктіреді. Қазіргі таңда Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының ғылыми-педагогикалық ұжымында 45 ғалым, оның ішінде, 13 тарих ғылымдарының докторы, профессор, 16 тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, 4 PhD докторы бар. Кафедрада ғылыми дәрежесі бар профессор-оқытушылар құрамның үлесі 89,9% құрайды.

Кафедра  – 6В02205 – Тарих; 7M01601 – Тарих; 7М01602 – Тарих және география; 7M02210 – Тарих; 8D02206 – Тарих; 6В03204 – Архивтану, құжаттану және құжаттаны қамтамасыз ету; 6В03208 – Сандық архивтану және құжаттану; 7M03207 –  Сандық архивтану және құжаттану; 8D03205 – Мұрағаттану, құжаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету; 6В03205 – Кітапханалық ақпараттық жүйелер; 7M03206 – Кітапханалық ақпараттық жүйелер; 8D03206 – Кітапханалық ақпараттық жүйелер Оқу бағдарламалары бойынша үш сатыда (бакалавр, магистр, доктор) мамандар дайындайды.

Кафедрада QS WUR бойынша үздік 300-ге кіретін Италияның Ла- Сапиенца университетімен «7M02208 – Дүниежүзі тарихы» мамандығы бойынша және Ресей Мемлекеттік Гуманитарлық Университетімен «7M03208 – Мұрағаттану және құжаттаманы басқаруды қамтамасыз ету» мамандығы бойынша әзірленген қос дипломдық бағдарламалар бар.

Кафедра дәріс оқуға жұмыс берушілерді (ҚР Президенті Архиві, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы) 5 кредиттен кем емес жүктемемен және белгілі шетелдік ғалымдар – Ксавье Аллез – Әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің ғылыми қызметкері (Париж, Франция), Этьен Пейрат – Саяси ғылымдар жоғары мектебінің ғылыми қызметкері (Париж, Франция), Фабио Грасси – Ла Сапиенца университетінің профессоры (Рим, Италия), Мариуш Марчевский – Адам Мицкевич университетінің (Польша) аға ғылыми қызметкері, Музеен Карабах – Эдитепе университетінің PhD докторы (Стамбул, Түркия), Волкан Ипек – Билкент университетінің PhD докторы (Анкара, Түркия), Виктор Деннингхаус – Гамбург университетінің профессоры (Гамбург, Германия), Наталья Яшина – Қазан университетінің доценті (Қазан, РФ) тартқан.

 Германияның, Италияның, Австрияның, АҚШ-тың, Жапонияның, Түркияның, Польшаның бірқатар университеттерімен ғылыми және алқалы байланыстар орнатылған. Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы QS WUR бойынша үздік 300, THE WUR бойынша үздік 500-ге кіретін ЖОО-да тағылымдамадан өтеді. Scopus-те нөлдік емес SJR индексі бар рейтингтік журналдарда ғылыми мақалалар жариялайды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қаржыландыратын және ҚазҰУ-дың постдокторантурасына, оның ішінде «Жас Ғалым» жобасы бойынша сырттан гранттар тартылады. Халықаралық қысқы және жазғы мектептерді ұйымдастырады.

 

Гранттық және шетелдік жобалар

Ватикан материалдары мен батыстың тарихи-мұрағат деректері бойынша Еуразияның түркі әлемі (V-XIV ғғ.).pdf
XIX-XX ғасыр басындағы қазақ даласындағы әлеуметтік «инженерия» ерекшеліктері мен нәтижелері.pdf