Журналистика факультеті
Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы
Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы кәсіби мамандарды – баспасөзде, телевизия мен радио ,интернет-басылымдарда бәсекеге қабілетті, медиа нарығына, мемлекеттік, әлеуметтік, саяси және бизнес құрылымдарға қазіргі заманғы технологияларды меңгеріп, құзіреттер мен тәжірибелік дағдыларды игерген бүгінгі еңбек нарығында сұранысқа ие газет, теле-, радиожурналистерді, интернет-журналистерді даярлауды мақсат етеді. Газет және журнал басылымдары салаларына мамандар даярлайтын басты орталық болып табылады. Кафедрада қаламы мен стилі қалыптасқан, студенттердің шығармашылық қабілеттерін арттыра түсетін білікті журналист мамандары дәріс береді. Қазіргі кезде сұранысы мол, өйткені бітіруші түлектері тез арада тәжірибелі «тележұлдыз» болып шығып жатқандығы қуантады. Кафедрада еліміздің тәжірибелі тележурналистерімен қатар, тележурналистік шеберлік мектебі бар оқытушылар дәріс оқиды.
Кафедра меңгерушісі, аға оқытушы
Альжанова Айгерим Болатхановна
тел.: +7 727 377 33 34(14-92)
e-mail:
Кафедра байланыстары
Кафедра адресі:
Әл-Фараби даңғылы 71, Журналистика факультеті, 225 кабинет.
Телефон: +7 727 377 33 34 (ішкі 14-92);
Кафедра тарихы
1934 жыл - Қазақ Коммунистік Журналистика Институты құрылуымен кафедра тарихы еншілес. Журналистік білім беру ісінің бастауында мемлекет қайраткері Асфендияров Санжар, ақын, жазушы, драматург, публицист Сейфуллин Сəкен, тіл білімі саласындағы алғашқы қазақ профессоры Жұбанов Құдайберген, көрнекті жазушы Мұқанов Сəбит, ғалым, қазақ тілі əдіснамасының негізін салушылардың бірі Сарыбаев Шамғали, əдебиеттанушы ғалым Сильченко Митрофан, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан ҒА-ның корреспондент мүшесі Аманжолов Сəрсен, жазушы, аудармашы, педагог, ғалым Шалабаев Белгібай, биология ғылымының кандидаты Мұсақұлов Тəліп, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан ҒА-ның мүшесі, корреспондент, Қазақстанға еңбек сіңірген ғылым қайраткері Балақаев Мəулен журналистикадан алғаш дәріс берді. Журналистік білім берудің алғашқы жылдары білім берудің теориялық негіздері, тарихи мәселелерін зерттеу мен жанрларға басымдық берілді.
1941-1949 жылдар: Кафедраның алғашқы аталуы – «Большевиктік баспасөздің теориясы мен практикасы». 1941 жылы негізі қаланған кафедра 1949 жылға дейін журналистика бойынша білім берген бірден бір кафедра болды. 1957 жылы қазақ бөлімінің студенттеріне арналған «Журналистика тарихы» кафедрасы және орыс тобына - «Журналистика кафедрасы» ашылды.
1966 жыл - «Журналистика тарихы» және «Журналистика кафедрасы» кафедралары базасында журналистика факультеті университеттің жеке құрылымы ретінде ашылды.
1966 жыл - «Баспасөз кафедрасы» ашылып, меңгерушісі журналистік білімнің негізін қалаған ұстаз, қазақ журналистикасы тарихын зерттеуші ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Қайыржан Нұрғожаұлы Бекхожин тағайындалды.
1973-1997 жылдар - Телерадио журналистикасы кафедрасының негізін қалаған Марат Барманқұлов.
1976 жыл - Қазақ және орыс журналистикасы кафедраларының негізінде: «Журналистика тарихы», «Телевизия және радиожурналистика», «Журналистік шеберлік және әдеби редакциялау», «Совет журналистикасының теориясы мен практикасы» кафедралары ашылды.
1976 жыл - Университетте «Радиохабар тарату жəне телевизия» кафедрасы құрылды.
1976-1978 жылдар - Кафедра меңгерушісі қызметін Т.С. Амандосов атқарды.
1978-1992 жылдар - Кафедраны доцент Марат Барманқұлов басқарды.
1976-1986 жылдар - «Совет журналистикасының теориясы мен практикасы» кафедрасының меңгерушісі, сатиралық журналистиканың көрненкті зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірбек Қожакеұлы Қожакеев болды.
1986-1991 жылдар - Кафедраның басқарған ұстаз филология ғылымдарының кандидаты, доцент Петр Терентьевич Сопкин.
1991 жыл - Профессор Т.Қ.Қожакеев журналистика факультетіне шақырылып, «Мерзімді баспасөз» кафедрасын 1995 жылға дейін басқарды.
1990-1993 жылдар - Кафедраның ұзақ жылдар меңгерушілік еткен тарих ғылымдарының докторы, профессор Сағымбай Қозыбаев
1992-2000 жылдар - Оқу үдерісін жетілдіру мақсатында «Телевизиялық жəне радиожурналистика» кафедрасы екіге бөлінді: «Тележурналистика» - ф.ғ.д. М.К.Барманқұлов және «Радиожурналистика» - ф.ғ.д. Н.О. Омашев басқарды.
1993-1999 жылдар - Журналистика кафедрасының білім беру мен ғылыми мектептер қалыптастырудағы қызметіне үлес қосқан ұстаздар қатарында Юрий Крикунов болды.
1994-2001 жылдар - Кафедра қызметін басқарған ұстаздар қатарында филология ғылымдарының докторы, профессор Намазалы Омашевтың үлесі ерекше.
1994-2000 жылдар - Кафедраның меңгерушісі міндетін ф.ғ.к., доцент Т.М. Көпбаев атқарды.
1995-2001 жылдар - Кафедраны филогия ғылымдарының кандидаты, қазіргі публицистиканы зерттеуші, белгілі ақын және публицист Бауыржан Өміржанұлы Жақып басқарды.
2000-2001 жылдар - Телевизиялық журналистика кафедрасын ф.ғ.д., профессор Ш.Ы. Нұрғожина, ал радиожурналистика кафедрасын ф.ғ.к., доцент Р.Ш. Бегімтаева басқарды.
2001-2008 жылдар - Кафедраның журналистік білім берудегі орны мен қызметін артуына ерен үлес қосқан ғалым-ұстаздар қатарында ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Жақып.
2001-2008 жылдар - «Мерзімді баспасөз» кафедрасын филология ғылымдарының кандидаты, доцент Төрегелді Бекниязұлы Бекниязов басқарды.
2001 жыл - Аталмыш екі кафедра телевизиялық жəне радиожурналистика кафедрасы ретінде қайта бірікті.
2001-2010 жылдар - Телевизия жəне радиожурналистика кафедрасының меңгерушісі қызметін ф.ғ.к., доцент А.А. Бейсенқұлов атқарды.
2009-2010 жылдар - Кафедраны филология ғылымдарының докторы, профессор Шарван Ысқаққызы Нұрғожина басқарды.
2010 жыл - Кафедра «Баспасөз және Интернет –журналистика» кафедрасы болып өзгертілді.
2010 жыл - Телевизия жəне радиожурналистика кафедрасының меңгерушісі қызметін саяси ғылымдарының докторы, доцент Г.С.Сұлтанбаева атқарды.
2010 жыл - «Мерзімді баспасөз», «Телерадиожурналистика» және «Қазақ журналистиканың тарихы» кафедраларының негізінде «Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы» кафедрасы құрылды.
2013 жылдан бері кафедра меңгерушісі қызметін с.ғ.д., профессор Г.С. Сұлтанбаева атқарып келеді.
Гранттық және шетелдік жобалар
Құжаттама
22 мб, pdf
22 мб, pdf
22 мб, pdf
22 мб, pdf
22 мб, pdf
22 мб, pdf
22 мб, pdf
22 мб, pdf