География және табиғатты пайдалану факультеті
Метеорология және гидрология
Қазіргі уақытта кафедра «6В05203 – Гидрология» және «6В05204 – Метеорология» мамандықтары бойынша бакалаврларды; «7M05206 – Гидрология» және «7М05207 – Метеорология» мамандықтары бойынша магистранттарды, «8D05203 – Гидрология» және «8D05204 – Метеорология» мамандықтары бойынша докторанттарды дайындайды.
Кафедра меңгерушісі
Нысанбаева Айман Сагынбаевна
Телефон: +7 (727) 377-33-30 ішкі: 12-25;
Кафедра байланыстары
Кафедраның мекен-жайы: аль-Фараби даңғ., 71, 6-корпус, 229, 231 каб.
Кафедра телефоны: +7 (727) 377-33-30 (16-01, 12-25)
Кафедра тарихы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2011 жылдың қыркүйегінде өткен құрылымдық өзгерістерге байланысты география және табиғатты пайдалану факультетінде метеорология және құрлық гидрологиясы кафедраларының бірігуі нәтижесінде жаңа кафедра – метеорология және гидрология кафедрасы құрылды.
Бұл уақытқа дейін екі кафедра жұмыс жасаған.
1) Құрлық гидрологиясы кафедрасы 1966 жылы ашылды. 1966-1971 жылдар аралығында кафедраның алғашқы меңгерушісі г.ғ.д., проф. В.И. Коровин болды. «Гидрология» мамандығына алғашқы студенттерді қабылдау 1963 жылы жасалды, ал 1968 жылы алғашқы инженер-гидрологтар түлегі бітірді.
2) Метеорология кафедрасы 1961 жылдың 1 қыркүйегінде ашылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі ф-м.ғ.к., доц. З.П. Коженкова болды. «Метеорология» мамандығына алғашқы студенттерді қабылдау 1961 жылы жасалды, ал 1965 жылы алғашқы инженер-метеорологтар түлегі бітірді.
Метеорология және гидрология кафедрасы бакалавр гидролог және бакалавр метеоролог мамандарды даярлайтын республикадағы жалғыз кафедра болып табылады.